« Жас информатиктер» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2020

« Жас информатиктер»

Тақырыбы: « Жас информатиктер»
 Мақсаты:
 Оқушылардың қабілетін,шығармашылық және зияткерлік әлеуетін пайдаланып,өзекті мәселелерді шешуге бағыттау,өзін-өзі тануға бағдарлау Типі: Сыныптан тыс жұмыс
 Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
 Көрнекілігі: Слайд презентация, таратпа қағаз.
 Пән аралық байланыс: логика
 Өту барысы:

 І. Ұйымдастыру.
 
Командалар
 І топ – «Компьютер» ( 4 «А»)
 ІІ топ – «Интернет» (4 «И»)                                                                               

ІІІ топ -  «Программа» (4 «З»)
 
 Сайыс жоспарын таныстыру.
 Жарыс кезеңдері:

  • Сұрақ-жауап
  • «Адасқан сөздер» конверттегі тапсырма
  • «Ойлан тап»
  • «Кім жылдам» Практикалық тапсырма
  • «Суреттер сөйлейді»


1 - Жүргізуші : Сәлем бердік, Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Жас информатиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 

Компьютер – сенің көмекшің
 Қаламың, әрі қағазың!
 Керек емес демессің,
 Аздаған болса хабарың.
 Үйрену керек бәрін де –
 Ақпараттық бұл заманың! – дей келе «Жас информатиктер» атты сайысымыздың қатысушыларына қошемет көрсетейік. Ереже бойынша сайыс барысында әр дұрыс жауапқа стикер түрінде «Жарайсың» белгісі беріледі. Белгішенің артында  ұпай сандары бар және белгіше  түстерге бөлінген. Олар Компьютер тобы  - Сары

Интернет тобы – қызыл

Программа тобы – көк 



 2- Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,
                          Қызықты бір жиын болсын
                          Білімдірек шәкірт озар,
                          Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың алғашқы «Сұрақ-жауап» кезеңін  бастайық.  
 1- Жүргізуші:. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан қойылады, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
 
 «Компьютер» тобының сұрақтары.
 1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
 2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
 3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
 4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)
 
 «Интернет» тобының сұрақтары.
 
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
 2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
 3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Ентер)
 4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)


«Программа» тобының  сұрақтары.

  1. Дүниежүзілік ғаламдық тор (Интернет)
  2. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)
  3. Word Pad қандай редактор? (Мәтіндік)
  4. Графикалық редактор қалай аталады? (paint)

(Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.)
 
 

1-Жүргізуші: Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік. 

Келесі ІІ кезең – «Адасқан сөздер» деп аталады. Бұл кезеңде оқушыларға орындары ауысқан мәтін беріледі. Тез әрі қатесіз мәтіндегі сөздерді өз орнымен қою керек.

І топтың сұрағы: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз салып, принтер арқылы әндерді тыңдаймын.

Жауабы: 5 қате жіберілген. 1)Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет. 2)Әріптер пернетақта арқылы теріледі. 3)Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды. 4)Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады. 5)Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек. 

ІІ топтың сұрағы. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын. Жауабы: 3 қате жіберілген. 1) Word графикалық редактор емес  2) Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес. 3)Графикалық bmp. форматы векторлық форматқа жатпайды.

ІІІ топтың сұрағы: Азат компьютермен жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін жақсы ұстанады. Сол себепті ол су қолмен компьютерді токқа жалғап, дымқыл киіммен отырады. Пернетақта үстіне тамақ жеп, сусын ішеді. Азат пен монитордың ара қашықтығы 20 см құрайды.

Жауабы: 4 қате жіберілген. 1. Құрғақ қолмен қосу керек 2. Құрғақ киім кию керек. 3. Пернетақтаға тамақ сусын қоюға болмайды. 4. Азат пен монитордың ара-қашықтығы 60-70 см болу керек.


2-Жүргізуші:«Ойлан тап». Бұл ІІІ кезеңде оқушылар баллдық шкала түріндегі сұрақтарға жауап беру керек.Дұрыс жауап берілсе смайлдар «Жасыл» түске, қате жауап берілсе «Қызыл» түске ауысады. Егер топ сұраққа жауап бере алмаса басқа топ жауап беруіне болады. Әр дұрыс жауап 5 баллмен есептелінеді

  1. Компьютердің  миы деп қандай құрылғысын айтамыз? (процессор)
  2. Жұмыс үстелінің басты элементтері (Бас мәзір, Себет, Менің компьютерім)
  3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)
  4. Тыршауыш (Сарапка) қай бағдарламаның эмблемасы?(Скретч)
  5. Сретч бағдарламасында неше блок командалары бар? (10)
  6. Скретч бағдарламасының негізгі анықтамасы қандай?( анимациялық ертегілер, ойындар, мултьфильмдер құрастыруға арналған жаңа бағдарлама)
  7. Берілген датчик түрін атаңыз?(түс датчигі)
  8. Датчиктер қызметіне қарай нешеге бөлінеді және оларды ата? (4 түрі бар түс датчигі, ультрадыбыс датчигі,  жанасу, гироскопиялық датчик)
  9. Робот құрастыруға арналған бағдарлама ( Lego Minstorms Education EV3) -


 1- Жүргізуші: “ Кім жылдам?” атты ІV Практикалық кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде топ басшылары 5 минут уақыт ішінде практикалық тапсырма орындайды.Тапсырма дұрыс орындалса топқа 10 балл беріледі. Ал қалған топ мүшелерін V «Суреттер сөйлейді» кезеңіне ауыстырсақ. Олар тақтада  көрсетілген сурет бойынша өздерінің тапқырлықтарын көрсетеді. Яғни, екі оқушы шығады бір оқушы тақтаға теріс қарап тұрады екіншісі суреттің атын айтпай сипаттайды. Бұл жолы дұрыс жауапқа 5 ұпайдан үлестіріледі.
 
 2 - Жүргізуші:
 
Жарысайық сайыста,
 Кімнің ойы мықты екен?!
 Кімнің күші аздау боп,
 Кім озып алға шықты екен деп, – кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.
 
 

Рефлексия: Бүгінгі сайыс несімен ұныды, қай кезең қызықты болды? Немесе көңілдеріңнен шықпады ма? Алған әсерлеріңді  жазып ағашқа іліңдер.  
 
  Ойынның қорытындысы айтылады.
 1 - Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Жас информатик» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!