Жер бедері деген не? Лепті сөйлем » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2019

Жер бедері деген не? Лепті сөйлем

Бекітемін_____________                    Сынып: 2«В» 
Пәні: Қазақ тілі Кабинет : 17Күні:04.12.2019жСынып жетекшісі:Мырзалина Л.К
Сабақтың тақырыбыЖер бедері деген не? Лепті сөйлем
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) 
2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийлері - Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады  және сәйкес тыныс белгілерін қолданады (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) 
- Оқушылар сұрақ қою арқылы     мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
- Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды біледі.
Тілдік мақсат
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. 
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен     жұмыс жасайды.     
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: қазақ тілі 
Талқылауға арналған сұрақтар:
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлемнің қанша түрі бар?
  • Лепті сөйлем дегеніміз не?
Алдыңғы оқуТабиғат пен адам. Лепті сөйлем. 
                                                                                    Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)Ресурстар 
Басы
(7 минут)
1мин
2мин
4 мин
Ұйымдастыру  кезеңі:
 «Май шам» арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Май шам бізге не береді?(Жылу,жарық)
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
1.Бүгінгі күнге бәрімізге сәттілік тілейміз!
2.Біз бәрін білеміз.Әлі де білгіміз келеді.
3.Тек алға.Сәтті күніміз көп болсын!
2) Гүл арқылы  үш топқа бөлу. 
Білу
Үй тапсырмасын сұрау:Сурет бойынша мәтін құрау
Жаңа сабақты бастардың алдында тақтадағы бұлтты сейілту арқылы тақырыбын көреміз.Ол үшін тапсырмалар беріледі.
Балалар сабақты бастамас бұрын,өткен сабақтағы білетін ережелерді қайталап көрейік. Ол үшін  «Көңілді қалпақ» ойынын ойнап көрейік. Мен мына көңілді қалпақты сендерге кигізу арқылы, сөйлемнің басын бастаймын сендер аяқтайсыңдар.
 1.Мәтін дегеніміз(Мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді.)
2.Мәтін және оның түрлері.(Әңгімелеу мәтіні,сипаттау мәтіні,пайымдау мәтіні)
3.Сөйлем дегеніміз… (Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнің соңына нүкте,не сұрау белгісі,не леп белгісіқойылады.)
4.Сөйлем сөзден …(құралады)
 5. Сөйлемдегі сөздер …(бөлек жазылады)
 6. Сөйлемнің бірінші сөзі… (бас әріппен жазылады)
 7. Хабарлы сөйлем дегеніміз…
 8.Сұраулы сөйлем  дегеніміз…
9. Лепті сөйлем  дегеніміз…
Түсіну 
Жаңа сабақ: Жер бедері деген не? Лепті сөйлем
Жер бедері туралы түсінік беру.
Жер бедері дегеніміз,жер бетіндегі құрлықтардың,мұхиттар мен теңіздің түбінің тілімделген пішіндерінің жиынтығы.Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің ұзақ уақыт бойы әсер ету нәтижесінде пайда болады.
Жақсы лебіз
Бұлттың суреті

 
АКТ, кесте қолдану
Ортасы
(25 мин)
10 мин
6 мин
2 мин
7 мин
Оқулықпен, дәптермен, тақтамен  жұмыс 
11 жаттығу.  Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге ат қою.
Жалпыға арналған тапсырма:
«Еркін микрофон» әдісі
Оқушылар тақырып аясында сұхбаттасу арқылы мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
1.Мәтін не туралы? (Дүние туралы) Тір­шілік,өмір
2.Мәтіндегі кішкентай шабақ үшін дүние не еді?(телегей –теңіз су)
3.Мәтіндегі аюдың қонжығы дүниені не деп ойлады?(мұзды таулар,мұз алаңы,оның астындағы су)
4.Кішкентай бота үшін дүние не?(Құм,саз,аздаған шөп, тәтті тікен)
5.Ал,балалар,бұл туралы сендер не білесіңдер?( Өмір, тір­шілік,қоршаған орта,туған өлке)
Мәтіннен сұраулы және лепті сөйлемдерді теріп жазу.
  • Дүние деген не?
  • Дүние!
  • Алақай, дүние дегеннің не екенін білдім!
КБ:«Фишка тарату»     арқылы бағалау
12-жаттығу.Топтық жұмыс
Оқулықтағы суретте (аспан жұлдыз,ғарыш,су,орман,ауа,жел туралы бізді  қоршаған әлем құбылыстарын көріп отырмыз.  Олай болса мен әр топқа  суреттерді таратып беремін.Суреттің астындағы сөйлемдерді оқып,лепті сөйлем жасап көріңдер.Үш топқа  екі суреттен беріліп,суреттердің астындағы сөйлемдерді оқып,суреттерге қарап лепті сөйлемдер жасайды.
13 жаттығу. Мақалды көшіріп жазып, мазмұнын түсіндірдіру.
  1. Жаңбыр жауса –жер ырысы,
     Батыр туса – ел ырысы.
  2. Жаңбырмен жер көгерер,
     Батырмен ел көгерер.
КБ:«Қол шапалақтау» әдісі бойынша бағалау
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Қолдану 
Топтық жұмысШарлардағы сөздерден сөйлем құрайды.Осы сөздерден мәтін шығатындай етіп тақтаға орналастырады.
1 топ 
1.Үрленген, қалықтай, ұшты, шар, аспанда
2топ  
2.Ұстап алды,оны,қарға,
3топ  
3.шарды,ағаштың,байлады,бұтағына,ол
КБ:«Сұқ саусақ» әдісі арқылы бағалау
Оқулық, дәптер
микрофон
Плакат, топтық тапсырмалар 
Сурет,шардағы тапсырмалар
Соңы 
(6мин)
4мин
2 мин
Қорытынды:Әр топқа таратылады
Жеке параққа тест жауаптарын алу
 1.Сөйлемнің неше түрі бар?
 а) 2  ә) 1  б) 3
 2.Лепті сөйлемнің соңында не қойылады?
 а) нүкте (.) ә) сұрақ белгісі (?) б) леп белгісі (!)
 3. Сөйлем неден тұрады?
 а) әріптен ә) сөзден б) буыннан
 4. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады
 а) бөлек ә) бірге б) алыс
 5. Лепті сөйлем қандай көңіл –күйді білдіреді?
 а) білдірмейді ә) көтеріңкі б) реніш 
  • 6. «Мен 2-ші сыныпта оқимын.» Бұл қандай сөйлем? 
а) сұраулы сөйлем ә) хабарлы сөйлем  б) лепті сөйлем
Үйге тапсырма: 14 жаттығу.106 бет
Кері байланыс:  «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі 
Тест тапсырмалары













 
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:
 
 
Мадақтау,қолдау көрсету
Деңгейлік тапсырма
Проблемалық сұрақ қоямын
«Фишка тарату»     арқылы бағалау
«Қол шапалақтау»     арқылы бағалау
«Сұқ саусақ»  арқылы бағалау
Оқушылар жазу кезінде партада  түзу отыру.
Оқушы ережесін ұстануын.
Сабақ бойынша рефлексия 
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? 
Жеткізбесе, неліктен? 
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? 
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 
Бұлт,жаңбыр,күн суреттерін іліп,
үш түсті магнитті осы суреттердің үстіне жабыстыру арқылы, бүгінгі сабаққа рефлекция жасау.  жжж