"Біздің Ата Заңымыз – Конституция" ашық сабақ » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2019

"Біздің Ата Заңымыз – Конституция" ашық сабақ

Мектеп: 26
 Мұғалімнің аты-жөні: 
Алияскарова.А
Сынып: 3 «А»
Пән: Дүниетану №8 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 
Бөлімше: 1.5 Құқықтар мен міндеттер
Күні: 15.10Қатысқандар саны: ______________
Қатыспағандар саны: _________________
Тақырып: Біздің Ата Заңымыз – Конституция
Оқыту мақсаты3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын түсіндіру. 
Сабақ мақсаттары
(Күтілетін нәтижелер)
Барлық оқушылар:
– Конституция еліміздің негізгі заңы екенін біледі; 
құқықтар мен міндеттердің не екенін біледі. 
Көптеген оқушылар
еліміздегі басты құндылықтардың маңызын түсінеді. 
Кейбір оқушылар: 
Конституцияның еліміздің азаматтары үшін маңызды екенін түсінеді. 
Тілдік мақсатОқушылар:
жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Конституция, құқықтар, міндеттер, еліміздің басты құндылықтары, азамат.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Конституция – жоғары заңды күшке ие мемлекеттің негізгі заңы. 
Талқыланатын мәселелер:
Конституция дегеніміз не? 
Азаматтың қандай басты құқықтарына Конституция кепіл берген? 
Еліміздің әрбір азаматының қандай міндеттері бар? 
Алдыңғы білімдерҚұқықтар мен міндеттер, Конституция жайлы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері. 
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдеріЖоспарланған іс-әрекет
Қозғау салу 5 мин.Уәждеме. Стартер
Қоңырау да соғылды, 
Сабақты біз бастаймыз.
Назар салып, мән беріп
Сабақты біз тыңдаймыз.
Сұрақтарға жауапты
Нақты, анық береміз. 
1. Сабақ тақырыбын хабарлау. 
Ерте заманда, осыдан бірнеше мыңжылдықтар бұрын Жер бетінде адамдар пайда болды. Оларды мына сұрақтар мазалай бастады:
– Адамдарға нені істеуге болады және олар нені істемеу керек? 
– Нені істеуге міндетті және нені істемеуге міндетті? 
– Қандай құқықтарға ие және қандай құқықтарға ие емес? 
Осы сұрақтарға жауап таппағанша, өмір нағыз сұмдыққа айналып, тәртіпсіздіктер орын ала бастады. Бұл сұрақтардың жауабын өте ұзақ іздеді. Соңында мәселе шешілгенде, заң пайда болды. Заң тәртіпсіздіктерді, шиеленіскен жағдайларды шешуге көмектесті. Сонымен, заң дегеніміз не екен? 
Заң дегеніміз – мемлекет белгілеген міндетті ережелер. Еліміздің барлық азаматтары заңды орындаулары керек. Заңның көптеген түрлері болады, бірақ біздің еліміздің басты заңы Конституция деп аталады. Елімізде Конституцияны Ата Заң деп те атайды.
Өмірден әділдік пен бақ табатын
Құқығым қорғалды деп шаттанатын.
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң!» деп мақтанатын. 

Ұғыну 30 мин1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
2. (К) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмысМұғалім-оқушы диалогіКонституцияның баспа нұсқасын қарау. 
– Конституция дегеніміз не? 
– Конституцияны парақтап, қарап шығыңдар. Мазмұнына қараңдар, Конституцияда қанша бап бар екен? 
3. (И) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
– Конституцияның кіріспесінде бұл заңды кім және не үшін қабылдағаны жайлы айтылады. 
 (К) Талқыланатын мәселелер: 
– Конституцияны кім қабылдады? 
– Бұл ережелер кім үшін жазылған? 
– Біздің халықты біріктірген не? 
– Халық нені құрады? 
– Қазақстан халқы өзін қандай қоғам деп ұғынады? 
– Халық өз алдына қандай мақсаттар қояды? 
– Конституцияның кіріспе бөлігінде қандай түсініксіз сөздер кездесті? 
– Ол сөздердің мағынасын қалай білеміз? 
– Елімізді кім басқарып отыр? Еліміздің тұңғыш президентінің есімі кім? 
4. (Г) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс (екінші бөлігі).
Жұмыстардың нәтижесін көрсету. 
Қорытынды: Конституцияда еліміздегі әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған. 
5. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып шығамыз. 
6. Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлеріДескрипторлар 
 «Конституция» терминінің анықтамасын біледі1. Қалып қалған сөздерді дұрыс жазады. 
2. Өзінің жауабын оқулықтағы анықтамамен тексереді. 
Негізгі құқықтарды біледі1. Үш жауаптың ішінен бір жауапты дұрыс таңдайды. 
Негізгі міндеттерді біледі1. Иллюстрацияларда бейнеленген құқықтарды анықтайды. 
2.Иллюстрацияларға қол қояды. 
3. Өзінің жауабын сыныптасының жауабымен салыстырады. 
Өзінің конституциялық құқықтарын біледі Өзінің конституциялық құқығына 3 немесе одан да көп мысалдар келтіреді. 
Өз өмірінен  3 немесе одан да  көп мысалдар келтіреді. 
Өзінің конституциялық міндеттерін біледі Өзінің конституциялық міндетіне 3 немесе одан да көп мысалдар келтіреді. 
Өз өмірінен 3 немесе одан да  көп мысалдар келтіреді.
Еліміз үшін Конституцияның маңызды екенін дәлелдейді. 1. Мемлекет үшін Конституция қажет екендігін дәлелдейтін 2-3 сөйлем жазады. 
2. Өзінің пікірін қасындағы сыныптасымен талқылайды.
7. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды 
Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? 
Постер қорғау 

Рефлексия 5 мин1). Мен бүгін ... туралы білдім 
2) Мен  ... түсіндім
3) Мен ... қалаймын. 

Үй тапсырмасы«Талқылаймыз» айдарындағы сұрақтарға жауап беру 
1.Конституция  дегенміз не?
 2. Біздің  еліміздің Конституциясы  қай     күні, қай айда атап  өтіледі?
 3.Қазақстан  азаматы  қандай құқықтарға ие?
4. Қандай  міндеттерді  орындауы керек?
 5. Әр  азамат тарихи  және мәдени мұраларды қорғауды басты міндет етіп алу  себебі неде?
 6. Мемлекеттің тегін  білім алу және тегін медициналық көмек берудегі себебі неде?