Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2019

Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің “Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы” атты бастауыш сыныптар бірлестігінің 15-26 қазан аралығындағы онкүндік іс-шарасының анықтамасы
         Бүгінгі жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. 
          Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің  дамуы да осы кезден басталады. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс – әрекеті ақыл ойға, әрі алған білімді басқа іс – әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
       Шығармашылық -  адамның   іс – әрекетінің  түрі.  Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық  ойлауға,  қалыптан тыс  шешімдер  қабылдай  алуға,  тәжірибелік  әрекеттерге  дайын  болуға әкелудің  жолдарын  көрсету  керек.  Шығармашылық – бүкіл  тіршіліктің көзі. Адам баласының  сөйлей  бастаған  кезінен  бастап,  бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық,  жалпы  және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік. Әр жаңа ұрпақ өзіне  дейінгі ұрпақтың  қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізу болғандықтан онкүндіктің тақырыбын оқушылардың , мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында таңдадық.
Мақсаты
Жаңа инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану. Оқушыларды білім,білік, дағды жүйелерімен  қаруландыра оқыту. Оқушылардың белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыру. Ата-ана, мектеп, оқушы тұғырын қалыптастыру.
Міндеттері:
-оқушылардың танымдық ізденістерін қалыптастыру;    
- шығармашылық қабілетін жеке дамуына көмегін тигізу.
- сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу мен оқыту және тәрбие үдерісіне тарту.
Бастауыш сыныпта-57 сынып комплектісі,  даярлық сыныптарда 7 сынып комплектісі бар, мұғалім саны-61
Өткізілетін іс-шараІс шараның өткізілу барысы
1Онкүндіктің ашылуы
Жауапты:
Бірлестік жетекшісі: Мешитбаева Г.Т.
сынып жетекшілер: Құстүтін А. Ә.
Құныпия А.Р
Қр гимні орындалып, оқушылар мен мұғалімдерге онкүндік іс-шарасымен таныстырылды.
Бірлестік жетекшісі: Мешитбаева Г.Т.
2“Отбасы-бақыт мекені”
Жауапты: Сарноқасова З. Ж.
Қалапбергенова А. Б
  «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
 Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».                     
                                                       Н.Ә.Назарбаев.
   3-сынып оқушыларының арасында “Отбасы-бақыт мекені” тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсат  шығармашылық ұғымын «Жалпы интеллектуалдық қабілет» деп қарастыруға болады. Оқушылардың отбасы туралы салған суреттері сараланып, оқушылар марапатталды.
3“Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдерін қайталау”
4 “В” сынып жетекшісі: Қасымбекова Г.Т.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытуды жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланады. Мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілетінің дамуына жол ашу, алғашқы уақыттан бастап – ақ әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескеріп отырып, жұмыс істеу бағытын айқындайды. Сол оқушыны білім мен тәрбиеге бағыттайтын ұстаз болғандықтан жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде тәжірибелі ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісті.
Сабаққа жас мамандармен қатысып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
4“Дауыссыз н мен ң”
2 “В” сынып жетекшісі: Егемкулова Т.Т.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді, әлемді танып білуге қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сездіре білуінде жатыр.Ашық сабаққа бастауыш және жоғарғы сынып мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
5“Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік”
4-сынып жетекшілері:
Жолдасова Ж.К.
Бердігулова А. И
Жол қауіпсіздігі ережесін сақтау мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Әрине, жол қауіпсіздігін сақтау адам өмірін қорғау дейтін болсақ, бүгінде өңірімізде жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта 4- сынып оқушылар арасында  ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар өздерінің жолда жүру ережесі туралы білімдері мен біліктерін жолдастарымен бөлісті, әртүрлі қойылымдар қойды.Мұғалімдер видеороликтермен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аудандық оқу бөлімінің сайтына жарияланды.
6“Ата-ананың жанартылған бағдарламаға деген көзқарасы қандай?”
тренинг
Жауапты: Несипбекова У.Н.
Сарноқасова З.Ж.
Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек..Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім берудің жаңартылған бағдарлама мәселесі бойынша     ата-аналардың  көзқарасын, пікірін тыңдап, бұл бағдарламаның болашақ жас ұрпақ үшін қажет екенін әртүрлі әдістер арқылы көз жеткізу мақсатында тренинг ұйымдастырылды. Тренингке 3-сынып оқушыларының ата-аналары қатыстырылды.
7“Мен әлемді танимын”ғылыми жоба
Өткізген:
Дарынды жастар” бастауыш қоғамдастығының басшысы: Булекшурина М.Ж.
бастауыш сынып мұғалімі: Иманкулова Ж. Н
Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. 2-4 сынып оқушылар аралығында ғылыми жобасы өтілді. Оқу ісінің меңгерушісі, әдістемелік бірлестіктердің жетекшісі: Утеулиева Раушан Шамшаевна, 
химия пәнінің мұғалімі, мектептегі дарынды оқушылар жетекшісі: Қарашалова Данагул Әріпжановна, физика пәнінің мұғалімі, дарынды оқушы жетекшісі: Нурсадыкова ГауһарТынышбаевна  әр оқушының ғылыми жобаларын жеке-жеке тыңдап,  сараланып, мектеп директоры: Сейтахметова Галя, Акылбековнаның қатысуымен оқушылардың марапаттары табыс етілді.
8“Күз ханшайымы мен ханзадасы”
ЖауаптыАбуова Ш.Ж.
Кажиева Ф. К
Жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағысұлулықпенәсемдікті
қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамныңэстетикалықсезімін, талғамын қалыптастыру мақсатында 4-сынып оқушылар арасында “Күз ханшайымы” ертеңгілі өтілді.Оқушылар :
1.”Тегімді менің сұрасай…”( таныстыру)
2.”Өнерлі бала-елдің көркі”( өнер байқауы)
3.”Сұлулық сыры” (сән үлгісі)
4.”Көрме” турлары бойынша байқауға қатысты.
Әділ-қазылар алқасы мектеп директоры: Сейтахметова Галя     Акылбековна, оқу-тәрбие ісінің орынбасары: Баракбаев Айтуған, бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары Кайыпова Булбул Зупаровна қатысып,  байқау соңында оқушылар марапатталды.
9“Нағыз достық”
 Әдебиеттік оқу пәні
 сынып жетекшісі: Тұрсынбекова Г.К.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында»
Н.Ә.Назарбаев.
Жас мамандардың алдында қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып,білімді,ізденімпаз,талапты азамат етіп тәрбиелеу.Сондай ақ-ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Жас мамандар жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар. Ал сол жастарды мектептің білім сапасының, тәрбиесінің жоғары көтерілуіне өз үлесін қосу, өз білімін шыңдау мақсатында тәжірибелі ұстаздардың сабақтары өткізілді.
10“Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер” коучинг
Коуч: Батырханова С.К.
Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. 
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс.Ал мұғалім  жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді, оқу материалдарын өзі жетік меңгеруі тиіс. Коучингке мектебіміздің жас мамандары қатысып, постер қорғап, өздерінің білетін әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 
11“Мейіріміділік-барлық жақсы қасиеттердің  анасы”
сынып сағаты
2 “К” сынып жетекшісі: Майкотова Б
     Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
 сынып сағатында оқушылар әр түрлі қойылымдар қойып, мейірімділік құндылықтарын аша білді. Сынып сағаты аудандық оқу бөлімі сайтына жарияланды.
12“Жолда жүру ережесін білесің бе?”
Даярлық топ жетекшісі: Байтукаева К.
    Мектеп табалдырығын енді ғана аттап отырған даярлық тобының оқушыларына жолда жүру ережесін үйрету, қауіпсіздігін қадағалау мақсатында сынып сағаты өтілді. Сынып сағатына бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары Кайыпова Булбул Зупаровна қатысып, оқушыларға, ата-аналарға тілектер айтты. Сынып сағаты жоғары дәрежеде өтіліп, аудандық білім бөлімінің сайтына жарияланды.
13“Өз елімді өзек етем жырларыма”
мәнерлеп оқу сайысы 2-сыныптар аралығында өткізілді. 
Жауапты: Досмырза А. Д.
Асылбекова Н. С.

      Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Жас балғындар  отанына, еліне деген сүйіспеншілігін өлең жолдары арқылы жеткізуге тырысты. Байқау соңында мараппаттау рәсімі болды.

14“Мен өнерлі баламын” сынып сағаты
Даярлық топ жетекшісі: Оразымбетова С.С
Оқушының шығармашылығын дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Даярлық топ оқушыларының мектепке бейімдеу мақсатында іс-шара өтіліп, ата-аналар және даярлық сынып мұғалімдері қатысты.
15“Құстар-қайтып барады” ертеңгілігі
2-сынып оқушылары
Жауапты: Алиясқаова А.Б.
Қуанышбаева Ж.Т.
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік.
“Білім мен тәрбие егіз” екені етенеден белгілі,        оқушыларды қамқорлыққа баулу, біздің басты мақсатымыз. Онкүндіктің соңғы іс-шарасын  “Құстар-қайтып барады” ертеңгілігімен аяқтауды  ұйғардық.