«Қамқоршы ата-аналар»
Халқымыз қашанда өз қанынан жаралған ұрпағын жатқа бермейтіндігімен ғана емес, өзгенің де жетім қалған көгенкөздерін де бауырына басып, жүрек жылуын аямайтын дархан көңілімен де ерекшеленген. Оған дәлел, сонау ХІХ ғасырдың ашаршылық жылдарындағы оқиғалар мен Ұлы Отан соғысындағы жер аударылып келген өзге ұлт балаларын жетімсіретпей бауырына басқандығы десек, ал осы замандағы жетімдер үйіндегі жәутең көздерді және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы ата-аналардың көңіл толтыратын