«Қамқоршы ата-аналар» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2022

«Қамқоршы ата-аналар»

Халқымыз қашанда өз қанынан жаралған ұрпағын жатқа бермейтіндігімен ғана емес, өзгенің де жетім қалған көгенкөздерін де бауырына басып, жүрек жылуын аямайтын дархан көңілімен де ерекшеленген. Оған дәлел, сонау ХІХ ғасырдың ашаршылық жылдарындағы оқиғалар мен Ұлы Отан соғысындағы жер аударылып келген өзге ұлт балаларын жетімсіретпей бауырына басқандығы десек, ал осы замандағы жетімдер үйіндегі жәутең көздерді және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы ата-аналардың көңіл толтыратын тірліктері. Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылдың 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан «Қамқоршы күні» мерекесі болып жарияланған. 
     №26 жалпы білім беретін мектеп басшысы Сейтахметова Г.А. осы даталы мерекеге орай мектебіміздегі «Қамқоршы ата-аналарды» шақырып алғыс хат, мектептер ұжымы атынан шағын сыйлықтар табыс етті.
      «Қамқоршы күнінде» баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық, мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет!