О школе » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2015

О школе


Мектеп туралы мәлімет


Барлығымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекетіміз үшін бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын» жариялағанын білеміз. 5-Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бөлімінің 99-қадамында Елбасымыз: «...мемлекеттік органдар мен әкімдік жанындағы қоғамдық кеңестердің бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік – құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту» қажеттігін көрсеткен болатын.

Мектебіміз – 2000 және 2001 жылдары екі этаппен пайдалануға берілді. Жобалық қуаттылығы – 1176 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектепте - 2825 оқушы (1-11 сыныптар бойынша), 130 оқушы мектепалды дайындық сыныбында оқиды. Барлық сынып комплектісі – 105, мектепалды даярлық сыныбының топ саны – 5.

Мұғалімдер саны – 204, Жоғарғы білімдісі -189, арнаулы орта білімдісі -15. Жоғарғы санаттысы - 41, бірінші санаттысы - 42 , екінші санаттысы - 76 . Медициналық қызметкерлер саны – 2, кітапханашылар – 2, есепшілер – 2, кіші қызметкерлер саны – 39.

Мектебіміздің білім сапасы жақсы жағдайда деп айтуға болады. Оның айғағы 2015 жылдың сәуір айында 9-сынып оқушыларымыздың (258 оқушы) «Оқушылар жетістігін сырттай бағалау» бойынша – орташа балл -49,39 , ҰБТ көрсеткіші – 98,04 баллды көрсетті. ҰБТ көрсеткішінен қала бойынша өткен оқу жылында 200 мектептің ішінде – 73 орынды иемденсек, биылғы жылы – 38 орынды иемдендік. Әрине бұл біздің мектептің ұстаздарының қажырлы еңбегі екенін атап айтуға болады.

Оқушыларымыз жыл бойына өтетін аудандық қалалық, халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорт және өнер жарыстары мен конкурстарға белсене араласады. Нәтижесінде 187 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Фотографии школы 

   

 

Фотография администрации