« Отаным –бақыт ордасы» патриоттық әндер байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2019

« Отаным –бақыт ордасы» патриоттық әндер байқауы

Тақырыбы: « Отаным –бақыт ордасы»  патриоттық әндер байқауы
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
 Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, 
 саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
 
 Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер
 
 Сабақтың барысы:
«Мектеп –кеме,білім –теңіз» онкүндігінде бастауыш сыныптар арасында өтетін  «Отаным –бақыт ордасы» атты патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
Әнұран айтылады
Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?!
Отан дегеніміз — туып өскен жерің,
 Отан дегеніміз – 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы,
 Отан дегеніміз — ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз.
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды.
Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе?
 
 
Қазақстан дейтін менің бар елім
 Жатыр алып жарты дүние әлемін
 Бұл даланы анам жаспен суарған
 Бұл далада атам қолға ту алған
 Бұл далада жылап келіп уанғам
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман  
«Елім менің» орындайтын  4 «Ә»сынып оқушысы Ермек Акжан  
 

 Қазақ жері көп шеккен қасіретті
 Қазақ жері өнерлі, өсиетті
 Египетті билеген Бейбарыстай
 Елі текті, киелі, қасиетті.
 «Менің Отаным –Қазақстан» орындайтын
 4 « О» сынып оқушысы Кеңесбек Сымбат
 

 
 Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.
 Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн 
Артта қалды бодан болған азап күн 
Елім ,жерім қазағым деп тебіренем 
Өйткені мен тәуелсізбін ,азатпын. 

 Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Халқымыздың басын біріктіріп президенті Н Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды.  Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда .Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 
«Елбасы –ел бағы» әнін орындайтын  4 « П» сынып оқушысы Жанабекова Медина
 
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі. .
                     Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
                       Жаным сенен жаратылған өлкемсің
                       Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
                       О, туған жер! Тамашасың, көркемсің,
 «Туған жер» әнін орындайтын  1 « Г» сынып оқушысы Алнур Мерейлім
 

 Мен Қазақпын мың өліп, мың тірілген 
 Жөргегімде таныстым мұң тілімен
 Жылағанда жүрегім күн тұтылып
 Қуанғанда күлкімнен түн түрілген 
«Мен қазақпын»әнін   орындайтын 1 «А» сынып оқушысы Бақыт Санжар
 Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.
 
 Біз, қазақ – мал баққан елміз
 Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
 Басымыздан құт-береке қашпасын деп
 Жеріміздің шетін жау баспасын деп
 Найзамызға үкі таққан елміз
 Ешбір дұшпан басынбаған елміз
 Басымыздан сөз асырмаған елміз
 
 Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
 «Мен қазақтың ұлымын» деген де қандай ғажап! дегендей 
1 «В»сынып оқушысы Тілеужан Аслан « Мен қазақтың ұлымын» әнін қабыл алыңыздар.
 Жер - анамыз жасайды тарлық кімге,
 Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
 Қайталанып, жаңарып айтылады,
 Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
« Ақ көгершін» орындайтын 3  «Г» сынып оқушысы Кулжаныс Балжан 
 
Өзіңдікі – Туың да, от пен ауа, суың да, 
 Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да! 
 Көк аспандай тулардың, желбірейтін кұні бұл
Елім деген ұлдардың, елжірейтін күні бұл! 
 
 
«Алға Қазақстан» орындайтын 3 «Д» сынып оқушысы Маутқан Бақдаулет
Қазағым менің, Айбынды менің дана елім,
 Тарихтан білем бабамның асқан ерліген. 
Өзіңнің мына мұраға берген жеріңді, 
Күзетіпжүрмін,күзетіпжүрмінменбүгін.  
«Қазақ  жастары» орындайтын 3 «А» сынып оқушысы Боранбай Санжар
 
 
Бар әлемге шын танылдық міне біз,
 Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
 Тең аталып Қазақстан –Нұрсұлтан
 Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
« Елбасымыз ертеңіміз» орындайтын 
2 «Д»сынып оқушысы Әсетұлы Нұрәлі
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
 Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
 Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
 Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
 «Мен қазақтың баласымын» орындайтын
 2 «И»сынып оқушысы Төрехан Надира
Отан десең ,жүрегіңе жетер үн,
Отан деген-туған қалаң,мекенің.
Мақтан тұт сен қасиетті Отаның
Көк байрақты Қазақстан екенін.

 «Қазақстан»  әні орындайтын 2 « М» сынып оқушысы Ыдырыс Дана
 
Өз Отаныңның, өз елінің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғанының арқасы бізге жетіп отыр. Ендеше, осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет..
 
 « Отаным –бақыт ордасы» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол –деп келесі сөз кезегін  әділ қазылар алқасына береміз.
Хор « Атамекен»
Жауапты: Мизамбаева Айкун