«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты үш тілде өлең оқу сайысы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты үш тілде өлең оқу сайысы
10
октябрь
2019

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты үш тілде өлең оқу сайысы

Оқу ісінің   орынбасары: Муса Ләззат Тәңірбергенқызы 

    Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

     Мақсаты:

  • Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын бала бойына дарыту. 
  • Шет тілдерін де қатар үйренуге баулу.
  • Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: нақыл сөздер, буклеттер,слайд

        Барысы:

     Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар. Сіздер бүгін    «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді              құрметте!» атты  үш тілде өлең оқу сайысына  қош келдіңіздер!

     Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
     Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,
    Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
   Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,-
   деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері

    татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю,  

    мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай 

    мақсатпен бүгін мәнерлеп өлең оқу сайысы   ұйымдастырылып отыр.

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі, Қазақстанның болашағы қазақ 

    тілінде.  Мемлекеттік тілді үйрене білу, дамыту - баршамыздың міндетіміз әрі парызымыз.

        Ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бар. Бәрі тату, бір-бірін сыйлап өмір сүріп         жатқаны бәрімізге мәлім.

        Тіл қасиетті, құдіретті және киелі. Бұл қасиеттер адамның бойына ананың ақ сүтімен келеді. Тіл  

   халқымыздың қазынасы.

        Кез келген мемлекеттің рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз - 

         қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы             бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

          Тіл - халықтың жаны да, сәні де. Оның өткендегісін  байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің.  

Әділқазы алқасына бір сәлем!
 Әділдікке бас иеді күллі әлем!
 Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
 Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
 Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар – 

1.Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

2.Орыс тілі пәнінің мұғалімі:

3.Ағылшын пәнінің мұғалімі:
 Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.   Оқушылар ақ, қара сөзі арқылы топқа бөлінеді. 

Ақ сөзі «Алғырлар» тобы,  Қара сөзі «Тапқырлар» тобы ,Қызыл  сөзі«Сұңқарлар»
 1-топ. «Сұңқарлар» тобы
 Ұранымыз:

 Білім алып бүгін алтын ұяда,
 Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
 2-топ:  «Алғырлар» тобы

Ұранымыз:  

«Алғырлар» алға                                                                                         

Қарсыластан қалма                                                                                                      

Батылдыққа баста                                                                                                  

Жарыстардан қашпа

3-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұранымыз:  

Біз тапқырлар тобымыз                                                                              

Ойланамыз табамыз                                                                                                  

Қарсыластан біз жеңілмеуге                                                                           

Жеңуге біз талпынамыз

 Ал, ендеше   бүгінгі сайысымыздың түрлерімен таныстырып өтейік:

І айналым «Үш тілде өлең оқу сайысы»
 ІІ айналым «Құпия сандық»
 ІІI Айналым «Жекпе жек»
 ІV Айналым«Сөз тапқанға қолқа жоқ» 

І айналым «Үш тілде өлең оқу сайысы»
 
Мұғалім:

1.Тіл туралы өлең-1 шумақ  қазақ тілінде.

 2. Отан ,туған жер туралы өлең -1 шумақ орыс тілінде.

3. Ұстаз,мұғалім туралы өлең -1 шумақ  ағылшын тілінде.

 ІІ айналым «Құпия сандық»
 
Мұғалім:Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшын) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
 (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

Орыс тілін түсінемін,білемін,

 Шет тілін де жаттап ,оқып жүремін.

 Ата-бабам қастерлеген жанындай

 Ана тілім –менің нағыз жүрегім,-дей келе   сайысымызды   полиглот ойынымен     

 жалғастырайық:

1-топ: 

1.Қолы менен қаламы жоқ,
 Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-froze)
 
 2.Қоймасын қыс ақтарып,
 Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow)
 
  3.Бірін-бірі қоштаған,
 Бір үйден көрдім,
 Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква-letter)
 
 ІІ-топ 
 1. Жұқа тақтай бөлшегі,
 Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка-ruler)
 
 2. Қалқиып екі құлағы,
 Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц-hair)
 
 3. Жолбарыстан аумайды,
 Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-cat)
 
  ІІІ-топ 

1.Жеп көріп ем өзім мен,
 Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук-onion)
 
 2. Бұлаңдаған құйрығы,
 Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-bok)
 
 3. Әттең, даусым, тілім жоқ,
 Құшағымда білім көп. (кітап – книга-bokk)

ІІI Айналым «Жекпе жек» (Әр топтың жетекшілері шығып берілген «Қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
 (қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
 ІV. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
 Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К.
 1. Қай қалада тұрасың?
 2. Сенің сүйікті әншің?
 3. Қандай тағамды ұнатасың?
 4. Сыныптағы досыңды ата?
 5. Жасын нешеде?
 6. Сынып мұғалімінің аты?
 7. Сен озат оқушысың ба?
 8. Математика пәні саған ұнай ма?
 9. қандай мамандықты қалайсың?
 10. Кімге ұқсағың келеді?
 11. Сүйіп оқитын кітабың?
 12. Жазғы демалысты қалай өткіздің?
 13. Қазақстанның астанасы?
 14. Парта неден жасалады?
 15. Қардың түсі?
 16. Сүйікті тағамын?
 17. Қандай гүлді ұнатасың?
 18. Мектепке немен келесің?
 19. Күзде ауа райы қандай?
 20. Сыныптағы ең сұлу қыз?
 21. Алматы қандай қала?
 22. Қыс айы немен ұнамсыз?
 24. Сен қандай оқушысың?
 Ана тілім күн нұры – шуақтайсың,
 Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың.
 Өнер, білім ғылымда сәуле шашқан,
 Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.
 ҚОРЫТЫНДЫ.

Мұғалім: Сөз кезегін әділ-қазыларға берейік.

 «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
 
 Қорытынды:
 Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.

 Ана тілімізді құрметтеп сүйе білейік. Осымен  сайысымыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!