"Мектеп-кеме, білім-теңіз" Бастауыш сыныптар онкүндігі » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2019

"Мектеп-кеме, білім-теңіз" Бастауыш сыныптар онкүндігі

Тақырыбы: “Мектеп-кеме, білім-теңіз” 
Мақсаты:
 
     Әрбір тұлғаның жалпы мәдениетін, білімін, денсаулығын   қалыптастыру, жаңартылған білім мазмұны бойынша  оқыту мен оқуға қажет білім мен дағдыны жетілдіру, сыныптан тыс оқу-тәрбие үдерісін   ұйымдастыру, жүргізу.
Өткізілу түрі: саяхатқа шығу
Кіріспе бөлім:
Бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі:
Құрметті: оқушылар мен ұстаздар!
     7-18 қазан аралығында бастауыш сыныптар арасында өтілетін
“Мектеп-кеме, білім-теңіз” атты онкүндік іс-шарасының өтілуіне орай, біз сіздермен бастауыш сыныптар оқулығының айлақтарына саяхатқа шыққалы отырмыз. Саяхатқа кемемен мектеп басшылары және сіздер, сіздерге сабақ беретін ұстаздармен шығамыз. 
 Саяхатқа шығудағы мақсатымыз:
  Үш тілді қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін жақсы меңгеру, сонымен бірге өзімізге тән білімімізді, шығармашылығымызды паш ету. Қазіргі заман талабына сай саяхатқа шығу үшін үш тілді білу қажеттілік деп ойлаймын. Біздерге жол сілтеп көмек беретін 
4-сынып оқушыларына сөз кезегін берейін.
Оқушы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушыларМектеп-кемебілім-теңіз атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! 
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгіліТіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
Ақмарал:
    Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
 Мұхамеджан:
Goodafternoon, dearfriends! Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s closed to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions.
Оқушы
Әнұраным көкейде жатталады,
     Сонымен бейбіт күнім басталады.
         Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
 Әркімнің жүрегінде сақталады.
ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
 Оқушы:
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. “Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны –  бір” қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
   Ақмарал:
У всех национальностей,проживающих в Казахстане цель одна – мир и согласие. Наше единство – наше главное достояние,признанное всеми государствами мира.
   Мұхамеджан:
TherearemanynationsliveinKazakhstan. They love peace. We have one Motherland,one country,one language.
   Оқушы :
“Өзге тіл – тірлік үшін, өз тілің – бірлік үшін”- демекші, қазіргі уақытта көп тіл білу – заман талабы. Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми жұмыс тілдері. Сондықтан әр жасөспірім өз болашағын қазірден бастап ойлап, жоспар құруы қажет және бір шет тілін меңгеруі міндет. 
Ақмарал:
     Знание языков необходим как воздух и вода. Изучение языков требует серьезного и ответственного отношения. Для дальнейшего процветания и развития нашего государства знание трех языков казахского, русского и английского обязательно.
Мұхамеджан:  Veritable love to the country is unthinkable loveless to the language, Language of – it foremost, it gives an uni city folk traditions
Оқушы: 
 Ендігі кезекті  саяхатқа баратын пән айлақтарына сөз кезегін берсек.
Диас:
БалаБидей ауылдың даналары     
Талай-талай асуларды алар әлі. 
Мектептің мыңға жуық оқушысы 
Бәрі – 26ыншы мектептің балалары. 
Даяна:
Анашымдай сыр шерткен,            
Ақыл - білім үйреткен.
Әдебиетті оқыдық,
Ерекше зор құрметпен
Әдебиетті сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Дильназ:
Қазақ тілі пәнінен,                
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
Амир
Ойланып есеп шығартып,               
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
Ботакөз:
Армысыздар, аталар мен аналар,                   
Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мына өмірде 
Анарбек:
Еңбекті сүй, құрметте,                                   
Керек болар еңбек те,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке,
Мирас:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,                              
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Мадияр
Денсаулық-бар байлығы басыңдағы    
Жайнааған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң
Бойыннан кетпес қуат жасыңдағы
Інжу
Ұстаз ана- болашақтың анасы                   
Ұстаз ана*ақыл, білім панасы.
Жүзіңдегі пәк мейірімді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы
Оқушы:
 Ән:  4 “З” сынып оқушысы Дауытбай Ерасылдың орындауында “Мен қазақпын” әнін қабыл алыңыздар.
Бірлестік жетекшісі:
      Құрметті: ұстаздар мен оқушылар!  Саяхат барысында әр күні әр пәнге кесте бойынша шолу жасап отырамыз, яғни оқушылар өз білімдерін, сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, коучингтер, сергіту сәттерін көрсетіп отырады, сіздерден өтініш, әр айлаққа барған соң, сабақтан алған ойларыңыз бен пікірлеріңізді, ізгі тілектеріңізді көрсетілген конвертке кері байланыс ретінде қалдырып отырсаңыздар. Бүгінгі онкүндіктің өтілуін   “Екі  жақты күнделік” әдісі арқылы білдірсеңіздер болады.
Оқушы:
  Саяхатқа шығар алдында  мектебіміздің директоры: Ғалия Ақылбековнаға сөз кезегін берейік.
…………………………..
Оқушы: “Мектеп-кеме, білім-теңіз” онкүндік іс-шарамыздың жоғары деңгейде өтілуіне баршаңызға сәттілік тілеймін.
Ақмарал: орысша…..
Мұхамеджан: ағылшынша……