Сәндік-қолданбалы шығармашылық Күні:19.11.2019ж » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2019

Сәндік-қолданбалы шығармашылық Күні:19.11.2019ж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Күні:19.11.2019ж 

Сынып: 5 «А» сынып( қыздар)

Мұғалімнің аты-жөні:Ермухатова Салтанат 

Сабақ тақырыбы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

* Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі және жасау технологиясы

*Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

*Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

Сабақ мақсаттары


  • Қыздар кестенің түрлерімен танысады;
  • Дереккөздерді пайдаланып, кесте түрлерін зерделейді;
  • Алдыңғы сабақта орындаған тәжірибелік жұмысты жалғастыру мақсатында қолданады;(ою-өрнектің нобайы)
  • Нобай жасау барысында ассиметрия, симметрия және ритм сынды заңдылықтарды ұстанады;
  • Жасалған нобай бойынша тігіс түрлерін пайдаланып, ою-өрнекті кестелеп шығады;
  • Іс-тәжірибелік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін ұстанады;
  • Уақытты тиімді пайдаланады; 

Бағалау

критерийлері 







  • 1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын  жасайды;
  • 2.Нобайды  салуда симметрия заңдылығын ұстанады;
  • 3.Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )
  • 4.Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;
  • 5.Жібектен немесе мақтадан жасалынған  кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;
  • 6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;


Тілдік мақсат

Сабақтағы лексикамен терминалогия 

Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, динамика, кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру


•           Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделіп, мен...

•           Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады.  

•           Мен ою-өрнек композициясын ..... жасау үшін қолдандым.

•           Берілген бұйымды жасауда шебер келесі... қолданды.

Құндылықтарды 

дарыту 



- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі: 

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық 

байланыстар

Бұл сабақтағы тақырып, негізінен жаратылыстану және қазақ әдебиеті пәнімен тығыз байланысты. Жаратылыстану пәні арқылы қыздар өрнектердің шығу тарихына үңілсе, қазақ әдебиеті арқылы, қазақ халқының сәндік –қолданбалы өнеріндегі кестемен бізкестенің, кестелеп тоқу өнерінің негізгі орынымен маңыздылығын түсінеді;

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында презентация көрсету үшін     интерактивті тақта қолданылады. Атақты суретшілердің жұмыстарын қарау үшін және зерттеу жүргізу үшін оқушылар ноутбук қолданады,оқушылар суретшілердің жұмыстарын зерттеу барысында түрлі сайттармен жұмыс жасап, АКТ дағдыларын дамытады.

- Оқушылар өз дағдыларын дамытады, жетілдіреді, көбінесе  ғаламтор сайттарымен  жұмыс жасап , суретшілердің шығармашылығын зерттеу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі.



Ойлау деңгейі

Білу, қолдану,бағалау.



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  


Ресурстар

Видеобейне 

2минут







































Сабақ ортасы
















































Шығармашылық жұмыс

  20минут






Дифференциациялық тапсырма





























Сабақтың соңы

2мин



Сабақ соңы.Кері байланыс





Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд шоу көрсетіліп, бізкестенің түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Слайд-шоу     көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Джиксо» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2 деп санау арқылы, оқушыларды екі топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту. Джиксо әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады. 

Олар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады,әр топтан бір оқушы шығып, өз версияларын ұсынып, сосын өз түсініктерін айтып береді.Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетілді.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 

* Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі және жасау технологиясы

*Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

*Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

  • Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;
  • Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;
  • Ережеге сай жұмыс жасау;

Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар  мақта матасынан жасалынған, ақ түсті беторамал алып келеді, сол орамалдың бетіне оқушылар кестемен жұмыс жасайды.  

  1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын  жасайды;

  2.Нобайды     салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

  3.Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

  4.Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;

  5.Жібектен немесе мақтадан жасалынған  кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;

6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Осы критерийлер бойынша  оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау процессі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында әрбір оқушыға беріледі және сабақ барысында өзін-өзі бағалау керектігін ескертеді.Бағалау + белгісімен немесе *белгісімен белгіленеді. Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады.



Бағалау критерийлері






1

Өз қиялынан бір өрнектің нобайын  жасайды;


2

Нобайды  салуда симметрия заңдылығын ұстанады;


3

Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )


4

Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;



5

Жібектен немесе мақтадан жасалынған  кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;


6

Қауіпсіздік ережесін ұстанады;



            Дифференциациялық тапсырма бұл сабақта паралеллді түрде жүреді. Өйткені,әрбір бала өзінің қиялынан туған өрнекті жасауы керек. Олай болатын болса, оқушының жалпы сыныппен, жас ерекшелігіне қарай берілетін тапсырмаға қарамай, әр оқушынң  ізденіс жұмысы әртүрлі болады. Құрылысы күрделі, түстік шешеімі әртүрлі түстерді үйлестіріп кестелесе осы тапсырма бойынша баланың деңгейі жоғары болғаны.Ал, егер құрылымы онша күрделі емес бірнеше иірімнен ғана тұратын нобай болса, онда деңгейі төмендеу деген сөз:

Оқушылардың жасаған жұмыстары шамамен  төмендегі суреттерге ұқсас болады


  


Дифференциациялық тапсырма осы шығармашылық жұмыс барысында жүзеге асады.Оқушылар күрделілігі әртүрлі     тапсырмалар орындағандықтан, талантты және дарынды балдармен де жұмыс көрініс табады. Жасалынып болған шығармашылық жұмысты оқушылар жұпта бағалады.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта     бағалады..

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айтты;
  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айтты


Иллюстрациялық  материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. 

 Кестелеу, сәндік және еркін тігіс Кесте түрлері мен олардың орындалу техникасы. 

 Ою-өрнектің құрлымы мен түрлері, композицияның құру үлгілері. 

Қолөнердің түрлері; Кесте


Жаңадан үйренушілерге кесте

Кестені орындауға арналған қажетті материалдар: инелер, қайшылар,оймақ, ирис және мулине жіптер, кергіш, маталар.     









Кері байланыс «Екі жұлдыз –бір тілек» әдісі арқылы сабақтың ұтымды тұстарымен келесі сабақта жақсартуға болатын тұстарына ұсыныс жаза алады, А4 форматында.

Қорытындылау мақсатында  жалпы сабаққа кері байланыс беру. Оқушылардың жасаған әр-бір іс-әрекеті жайлы айтып, сол бойынша мадақтау.





Сабақ бойынша рефлексия 


Сабақ өз деңгейінде өтті. Қыздар нобай орындауда өз ойларындағы кестеге ою өрнектерді түсіріп,тігуді үйренді.