"Мен әлемді танимын" зерттеу жұмыстары » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2019

"Мен әлемді танимын" зерттеу жұмыстары

1. Жалпы Ереже
Конкурс идеясы:
Білім беру мазмұнын жаңғырту, жаңарту мақсатындағы бастауыш сынып ұстаздарының алдына жаңа білім беру стандарттарын балалар мен ата-аналарға тиімді әрі қызықты ету міндеті тұр.
Оқу процесін ұйымдастыруда жүйелі әрі нәтижелі жетістікке апаратын инновациялық формалардың біріне – жобалық істер жатады және оның негізгі идеясы «Мен өз білімімді қашан және қандай жағдайда қолданатымды білемін» болып табылады.
Жоба әдісі оқушылардың жеке және біріккен түрдегі жұмыстарына бағытталған, яғни, жеке, жұптық немесе топ болып жұмыстарды конскурсқа арнайы берілген уақыт ішінде (сабақ кезінде немесе сабақтан тыс сағаттарда) орындауы қажет.
2. Ереже:
- конкурстың ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін;
- конскурсқа қатысушылар мен конкурсқа ұсынылған материалға қойылатын талаптардың орындалуын;
- конкурс материалын таныстыру уақыты мен оны бағалау уақытын;
- жеңімпаздарды анықтау және марапаттау тәртібін реттейді.
3. Аталған Конкурс бастауыш сынып ұстаздарымен бірге оқу процесін жаңғырту мақсатында білім беру жүйесіне жаңа қадамдар, көзқарастар қалыптастыруға талпынбақ. Және де осы арқылы төменгі сыныптардың дарынды және талантты балаларын анықтау алға қойылған.
4. Конкурсқа қатысу формасы – жоба презентациясын тапсыру.
5. Конкурсты ұйымдастырушы: №26 жалпы білім беретін мектеп
6. Конкурс мақсаты                                    
Білім беруде зерттеу және жобамен жұмыс жасау әдісін пайдалану арқылы бастауыш сынып ұстазының кәсіби құзыреттілігін дамыту, бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен танымдық әрекеттерге қызығушылықтарын арттыру, төменгі сынып оқушылары арасынан талантты және дарынды балаларды айқындау.
7. Конкурс міндеттері
- бастауыш сынып мұғалімінің оқыту процесінде зерттеу, жобалау әдісін қолдануын арттыру;
- бастауыш сынып оқушыларына жобалау менеджментінің негіздерін тәжірибеде қолдануын қамтамасыз ету, зерттеу, жобамен жұмыс істеу дағдысын, өзіндік жұмыс жасауға ұмтылуын дамыту;
- оқушылардың жобалық жұмысына жетекшілік еткен үздік бастауыш сынып мұғалімін анықтау;
- Оқушылардың оқуға және зияткерлік дамуына қажеттілік тудыру.
 2. Конкурсты өткізу мерзімі
- білім беру мекемесі ішінде (мектепішілік) -  15 қазан 2019 жыл
10. Конкурстың мектепішілік және аудандық кезеңін өткізу мерзімі мектеп директорларының және аудандық білім бөлімдері басшыларының бұйрығымен анықталады.
3. Конкурсқа қатысушылар
11. «Мен әлемді танимын» атты мектепшілік  зерттеу жобаларының конкурсына 2-4 сынып оқушылары.
4. Жобаларға қойылатын талаптар
13. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілетін «Мен әлемді танимын» атты мектепшілік  конкурсына жұмыстар келесі бағыттар бойынша ұсынылады:
- тәжірибелік бағдарлы жобалар, жобаға қатысушылардың немесе сырттай тапсырыс берушінің қызығушылықтарын көрсететін әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тәжірибелік бағдарлы жобалар. Жұмыс нәтижесі сынып өмірінде, мектепте, ыөшамауданда, қалада, мемлекетте қолданыс табуы мүмкін;
- зерттеу жобалары, кез-келген ғылым саласындағы белгісіз құбылыс, оқиға, айғақтарды көрсететін зерттеу жобалары;
- ақпараттық жобалар, көпшілік назарына белгілі-бір объект немесе құбылыс жайлы ақпараттарды саралау, тарату мақсатында жинақтауға бағытталған ақпараттық жобалар;
-шығармашылық жобалар, дербес және дәстүрден тыс көзқараспен орындалған шығармашылық жобалар. Олар альманахтар, театрландырылған қойылымдар, бейнелеу немесе сәндік қолданбалы қолөнер, бейнефильм және т.б түрде болуы мүмкін.
14. Конкурс номинациялары:
- «Тірі табиғат»;
- «Мен және менің әлемім»;
- «Математика, ғылым, техника».
15. Жоба компьютерде терілген күйде және құрамында мынадай мәліметтер болуы керек:
- бірінші бетінде мектеп номері, сыныбы, автордың (авторлардың) аты-жөні, жұмыстың атауы, мұғалімнің аты-жөні;
- кіріспе (жұмыс өзектілігі, мақсаты және міндеттері көрсетіледі);
- негізгі (зерттеушілік) бөлімде таңдап алынған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге таңдамалы щолу жасалуы, қойылған міндеттердің шешілу жолдары немесе әдәс-тәсілдері, жұмыс нәтижелері, талқылануы және көрнекілік материал;
- қорытынды бөлім (алынған нәтиже негізіне байланысты жұмыс бойынша басты шешімдер, осы жобаны қолдану туралы ұсыныстар);
- қолданылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізім негізінде келесі кезекке келтіріледі: автордың аты-жөні, мақала атауы, журнал атауы, кітаптар, баспа және басылым орны, басылу жылы.
5. Жобаны қорғау, бағалау
16. Номинациялар бойынша әділқазылар алқасының құрамы Конкурсты өткізетін ұйым бұйрығымен бекітіледі.
17. Жобаны қорғау барысында авторға баяндама жасауға 7 минут уақыт беріледі. Осы аралықта ол төмендегі ақпараттарға тоқталуы тиіс:
- жұмыстың мақсаты;
- жұмыстың өзектілігі;
- қойылған мақсатқа жету жолы;
- жұмыс нәтижесі және оның құндылығы.
18. Әділқазы мүшелері бағалау парақтарын толтырады (әр айқындама 10 балдан тұрады):
- белгілі мәселені таңдауды, жоба тақырыбын таңдауды, тәжірибелік бағытты, орындалған жұмыстың маңыздылығын жете түсінуі;
- ұсынылған қорытынды тәсілдері мен шешімдерінің дәлелділігі;
- жобалау кезеңдерінің орындалуы, оқушының өзі орындауы және жұмыстың аяқталғандығы;
- шығармашылық деңгейі, жобаны ұсыну және іске асыру метериалдарының ерекшелігі;
- жұмысты рәсімдеу сапасы;
- баяндама сапасы: ұсынылған жұмыстың толықтылығы, дәлелділігі және сендіруі;
- тақырып бойынша білімінің тереңдігі, көлемі, эрудициясы;
- сұрақтарға жауап беруі: толықтығы, дәлелді болу;
- іскерлік және ерік сапасы: жауапкершілікпен қарауы, дұрыс көзқараспен қарауы, тіл табыса алуы.
6. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
19. Конкурс жеңімпаздары әр номинация бойынша бас жүлде,1,2 және 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
20. Конкурс қорытынды нәтижелері бірдей болған жағдайда әділқазылар шешімі бойынша жүлделі орындар екі еселенеді (2 бірінші орын, 2 екінші орын және 3 екінші орын).
21. Конкурс жеңімпаздарын дайындаған педагогтар ұйымдастырушының Құрмет грамотасымен марапатталады.
 «Мен әлемді танимын» ғылыми жобаға қатысушылар тізімі
Сыныбы Оқушының аты - жөніҒылыми жетекшісіТақырыбы
1 2 « Г»Ерғанат Сезім
Жахан Шахан 
Зарықбек Айзере
Таранчиева Гаухар Менің тікенекті достарым 
2 3  «Д»Қуанышбек Інкәр  Бақтыбай Ақбота Бұлт қайдан пайда болады?
3 3 « М»Дәулетхан Нұрбол Самал Айдархан Лимонның ғажайып қасиеті
4 3 «Г»Мейрамбек Тоғжан Булекшурина Мустахима 7 санының қасиеті
5 4 « Ә»Нұрланқызы Кәусар Есенжолова Мүгілсім Сарымсақтың пайдасы
6 4 «З»Аблақын Марлен Аймуханбетова Таслима Коланың зияны
7 4 «В »Бекназар Рамина Мыңжасарова Лайта Пияздың пайдасы
«Мен әлемді танимын» ғылыми жобасына  қатысушылар тізімі
СыныбыОқушының аты - жөніҒылыми жетекшісіТақырыбыТақырыптың өзектілігі
1 2 « Г»Ерғанат Сезім
Жахан Шахан 
Зарықбек Айзере
Таранчиева Гаухар Менің тікенекті достарым 
2 3  «Д»Қуанышбек Інкәр  
Нұркелдіқызы
Бақтыбай Ақбота Бұлт қайдан пайда болады?
3 3 « М»Дәулетхан Нұрбол НұржанұлыСамал Айдархан Лимонның ғажайып қасиеті
4 3 «Г»Мейрамбек Тоғжан Булекшурина Мустахима 7 санының қасиеті
5 4 « Ә»Нұрланқызы Кәусар Есенжолова Мүгілсім Сарымсақтың пайдасы
6 4 «З»Аблақын Марлен Аймуханбетова Таслима Коланың зияны
7 4 «В »Бекназар Рамина Мыңжасарова Лайла Пияздың пайдасы