Тақырыбы: Лабиринт (5 сыныптар арасында интеллектуалды ойын) » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2020

Тақырыбы: Лабиринт (5 сыныптар арасында интеллектуалды ойын)

Тақырыбы:  Лабиринт

(5 сыныптар арасында интеллектуалды ойын)

Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша өздерінің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін пайдаланып,өзекті мәселелерді шешуге бағыттау,өзін-өзі тануға бағдарлау 

Бұл іс-шараны ұйымдастыруда: білім алушылардың жеке қажеттіліктерін анықтау және дамытуда мектепті дамыту жоспарының  «Оқушылардың жеке дамуы және оқу жетістіктері» атты 5-бағыты және №2 басымдық басшылыққа алынды.

Ойын  барысы:Жүргізуші: Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі ойынымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.

Ғылымдардың патшасы атанған, 

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа 

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін 

Нағыз пән ғой математика, – дей келе, «Лабиринт»  атты ойынымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойынға қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.

5 «А» сыныбынан-Жан Нұрғали

5 «Ә» сыныбынан- Қожахмет Азамат, Ізбасарұлы Айтуған

5 «В» - Базарқан Мөлдір,Әділжан Аманат

5 «Г»- Жұмахан Аяулым, Секен Дана

5 «Д»- Қанатқызы Аяжан, Нурланқызы Аянат

5»Е» - Атабай Диас,Боранбай Еламан

5 «Б»- Көпен Аяна,Есімқұл Алуа

5 «Ж»-Тұрар Сырым,Сабыр Асем

5 «З»- Лесбай Аяла,Бексултанқызы Айсұлу

5 «И»-жанас Эльдар,Дәуітәлі Диана

5 «К»- Алмасқызы Айым,Тимиахан Ералы 

5 «Л»- Нурдосқызы Жансая,Шалқарбай Даниял

5»М»-Максимбек Махинур, Ещанова Мөлдір


Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

1. Бауыржан Сүлейманұлы 

2. Камила Мурсаловна 

3. Раушан Шамшаевна

Ойынымыздың шартымен таныстырып кетейін.

Өздеріңіз көріп тұрғандай,жерге сызылған лабиринттің іші шармен толған.Әр шарда сұрақтар ілінген.Сұрақтардың барлығы математиканы сен қаншалықты дәрежеде білетініңді көрсетеді.Сонымен қатар,сұрақтарға жауап бере отырып,сендер осы лабиринттен шығу жолдарын қарастырасыңдар.Егер сұраққа дұрыс жауап бере алмасаң, бірден кері қайтамыз.Сұрақтарға жауап беру арқылы ғана,тек алдыға жылжу қадамдары орындалады.

Сонымен,іске сәт!Барлық қатысушыларға тек сәттілік тілей отырып,ойынымызды 5 «А» сынып оқушыларынан бастайық.

( әр шарда кемінде 5-сұрақтан болады. Шығу «есігіне» жақындаған сайын сұрақтар қиындайды)

Сұрақтар:

  1. Аралас сан деген-қандай сандар?
  2. Бөлшек бөлімі бөлшек сызығының асында ма,әлде үстінде орналаса ма?
  3. Жай сандар -?
  4. Құрама сандар қандай сандар?
  5. Математикада неше амал бар?
  6. Натурал сан дегеніміз-қандай сандар?
  7. 3 санының екінші еселігі
  8. 5 санының бесінші еселігі
  9. 2-ге бөлінетін сандар не деп аталады?
  10.  0- саны натурал санға жата ма?
  11.  10- санының бөлгіштерін ата.
  12.   11 саны құрама ма,жай ма?
  13.  8- санының бөлгіштерін ата
  14.  Бөлшектің алымы бөлшек сызығының үстінде ме,астында ма?
  15.  Бөлшек сызығы қандай амалды білдіреді?
  16.  2х өрнегінде 2 мен х тің арасында қандай таңба бар?
  17.   Теңдеу дегеніміз не?
  18.    Жолдың формуласын айт.
  19.   1 кг алма 150 тн болса, 3 кг алма неше болады?
  20.   Екі жай бөлшекті қосқанда қандай ережелер орындалу қажет?
  21.  Кез- келген екі бөлшекті бөлгенде орындалатын ережені айт.
  22.  Кез- келген аралас санды атап,бүтіні мен бөлшегін ата.
  23.  . Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады? (35)
  24.    бөлшегіндегі алым неше?
  25.    Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
  26.    бөлшегі аралас санға жата ма? Неге?
  27.  4 санының бөлгіштерін атиа.
  28.  Көбейту мен қосу берілген жағдайда,қай амал бірінші орындалады?
  29.  23 нешеге тең?
  30.  9 санының еселіктерінде 44 саны бар ма?
  31.  1221456 саны жұп сан бола ма?
  32.   Төртбұрыштың периметрі деген не?
  33.  Миллиардта неше нөл бар?
  34. Ең кіші натурал сан неше?
  35. Алымы бөлімінен үлкен бөлшекті қандай бөлшек деп атайды?
  36.  Ең үлкен ортақ еселік сол санның өзі болуы мүмкін бе?
  37. Ең үлкен екі орынды сан – 99 десем бола ма?
  38. Бұрышты өлшеу құралы?
  39.  Азайтудың компоненттері азайғыш және азайтынды,дұрыс па?
  40.   2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.Дұрыс па?
  41.  Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы оның ауданын беретіні рас па?
  42.   Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
  43.  Қайсысы үлкен 2 м, әлде 201 см? 201см
  44. Ең кіші жай сан?
  45. Бір кг да қанша грамм бар?
  46. Бір сағатта қанша минут бар?
  47. Ең үлкен натурал сан?
  48.   Үшбұрыштың әр қабырғасы -6 см, периметрін тап
  49.  396711 саны 3-ке бөліне ме?
  50.  3- санына бөлінгіштік қасиетін айт.
  51.   Кері сандар деген не?
  52.  Кері сандарға мысал келтір
  53.  Аликвоттық бөлшек деген не?
  54.  Алымы бөлімінен кіші болса,қандай бөлшек деп аталады?
  55.   бөлшегі қандай бөлшек ?
  56.  Қосу амалының қанша қасиеті бар ?
  57.  бөлшегін аралас санға айналдыр.
  58.  Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосқанда, қандай ереже орындалады?
  59.  Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді көбейткенде,оларды ортақ бөлімге келтіреміз бе?
  60.   +   -ортақ бөлім неше болады?
  61.  Бөлімдері 8 және 2 ге тең болатын екі бөлшектің ортақ бөлімі неше болады?
  62.  Жай бөлшектін негізгі қасиеті қандай?
  63.    бөлшегі қысқаратын бөлшекке жата ма?
  64.  Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтқанда ортақ бөлім керек пе?
  65.    нешеге тең?
  66.  17 саны жай сан бола ма? Неге?
  67.  10 санында 5 бөлгіш болуы мүмкін бе?
  68.  3 санының ең үлкен еселігі неше?
  69.  14 санының бөлгіштерін ата.
  70.  3нешеге тең?
  71.  23 және 2*3 екеуінің айырмашылығын ата.
  72.   Көрерменнен сұрақ.
  73.  Сәттілік!
  74. Кез-келген бөлімдері бөлшектерді салыстыру қалай орындалады?
  75.  Салыстыру деген не?

Сұрақтарға жауап берген оқушылар финишқа жетеді.Сұрақтың жауабын білмейтін оқушылар келген ізімен кейін қайтады.

Қорытындылау:Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып,

Жеңімпаздарды марапаттау  үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.


(Жеңімпаздарды марапаттауға Камила Мурсаловна шығады.Оқушыларды грамоталармен марапаттайды.Ойынға қатысқан барлық ойын мүшелеріне рахмет айтылып,барлығына сыйлық таратылады)