«Математика-ғылымдар патшасы» интеллектуалды ойын » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2019

«Математика-ғылымдар патшасы» интеллектуалды ойын

Тақырыбы: «Математика-ғылымдар патшасы»
Мақсаты: оқушылардың  математика пәніне  қызығушылығын   арттыру,  
                     танымдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауын  дамыту
Көрнекілігі: Ғалымдардың математика туралы айтқан қанатты сөздері.АКТ,математикалық ойындар жазылған плакаттар
Өтілу барысы:  
1. Ұйымдастыру  кезеңі
а) Оқушыларды  екі  топқа  бөліп отырғызу
б) Әділқазылар  алқасын  белгілеу
в) Екі  топтың сәлемдесуі, ұрандары.
Құрметті оқушылар! Біздің мектебімізде өтіп жатқан «Мектеп – кеме,білім-теңіз »атты бастауыш сыныптар онкүндігінің «Математика»айлағында «Математика-ғылымдар патшасы» интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Бұл ойында алған білімдеріміздің деңгейі қандай дәрежеде екенін, оны  жетік меңгере алғанымызды көрсетуге тиіспіз.
 1 - жүргізуші:
 
Сонау - сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
 Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
 Математика - ең маңызды ғылым бұл,
 Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.
2 - жүргізуші:
Жарыс десе жаныңыз,
 Жасырғанды табыңыз.
 Күш сынасып көріңіз,
 Жеткенінше әліңіз 
 Математика сырлары,
 Қызықтырады біздерді.
 Ойынға бірге қатысуға,
 Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейік.
Ал олай болса,алдымен ойынымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.Жұп және және тақ сандар ғана бөлу арқылы топқа бөлу
«Тапқырлар:   Тапқырлар  тобы алға!!!
                              Қарсыластан  қалма
                              Биіктерге  самға
                              Тапқырлар  тобы  алға.
«Алғырлар :      Біз алғырмыз  біз бастаймыз
                              Қиындықты  артқа  тастаймыз.
                              Әрқашан  жеңіске  ұмтылып
                              Тапқырларды жеңіп тастаймыз.
1 - жүргізуші: Білекті бірді жығар,
 
Білімді мыңды жығар - деген.Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік.
 1 - кезең.   «Кім жылдам?»Бұл кезеңде математикалық есептер шешіледі.(бес тапсырмадан)
 2 - кезең. «Кім тапқыр?»Математикалық ойын «Дүкенге саяхат»
 3 - кезең. « Кім мерген?»Сұрақ – жауап.Логикалық тапсырмалар.
 
 
1-кезең:
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
 Есептердің нақ шешімін беріңіз.
 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
 Кімнің жылдам екенін сіз көріңіз.-дегендей, Кім жылдам?кезеңін бастайық.
 1 - кезең.  Кім жылдам?Бұл кезеңде математикалық есептер шешіледі.(бес тапсырмадан)
 
 
2-кезең
Білім деген биік шың,
 Бақытқа сені жеткізер,
 Білім деген ақылшың,
 Қиындықтан өткізер,- дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі  Кім тапқыр? кезеңіне көшейік.
2 - кезең. Кім тапқыр?Математикалық ойын «Дүкенге саяхат» 

 3-кезең . 
Келді кезек логиканы шешуге,
 Жауаптарын беру керек тым лезде
 Ұшқыр оймен ойлана сіз  білсеңіз,
 Жақсы баға, шәкірт саған несібе.дегендей 3-кезеңге кезек келді.
3-кезең . Кім мерген?– Сұрақ – жауап.Логикалық тапсырмалар.
2 - жүргізуші:
 Білім деген биік шың,
 Бақытқа сені жеткізер.
 Білім деген ақылшың,
 Қиындықтан өткізер - деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.
-Ендеше,әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып,бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсе.
Әділқазылардың шешімі бойынша оқушыларды марапаттау.
Жауапты: Мырзалина Л. Сағатова Р   2-сыныптар