"Қызықты математика әлемінде" интеллектуалды ойын » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2019

"Қызықты математика әлемінде" интеллектуалды ойын

Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика әлемінде
Сабақтың мақсаты:
1. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру.
2. Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.
3. Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілік: АКТ. Шарлар, қанатты сөздер.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі 3  сыныптар арасында өтетін «Қызықты математика әлемінде» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! 
 Сабақ барысы:
Әнұран орындау
Мұғалім:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз ұрандарын таныстыру.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділ қазылар алқасының төрайымы–мектеп директоры -----------
 Мүшелері: Оқу ісі жөніндегі орынбасары –-------
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекшісі -------
Мұғалім:
Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Сайыстың жүру кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1-кезең: “Бәйге” – Сұрақ – жауап.
2-кезең: “Жорға” – Амал таңбаларын қою.
3-кезең: “Көкпар” сайысы 3 бөліктен тұрады.1.Жұмбақ есептер шешу. 2. Математикалық есептер шешу. 3. Логикалық есептер шешу.
4-кезең: «Кім жылдам?» Суретте қанша үшбұрыш бар екенін табу.
Мұғалім:
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Есептердің нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біздің сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Бәйге» кезеңін бастайық. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1-топ: «Алғырлар»
1.Ең кіші үш таңбалы сан. (100) 
2.Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне тең тік төртбұрыш. (шаршы)
3.4 ондықтан құралған сан. (Қырық)
4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. (Литр)
5. 2-ге бөлінетін натурал сандар ? (Жұп сандар)
6.1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
7. 1м-де неше см бар? (100 см)
8.Қосу амалының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
9.Тік бұрыштан кем бұрыш қалай аталады? (сүйір)
10. Кез келген санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады? (содан кейінгі сан)
2-топ: 2-топ: «Тапқырлар»
1.Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
2.Қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең геометриялық фигура. (тік төртбұрыш)
3.8 ондықтан құралған сан. (80)
 4.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз? (шеңбер)
6. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле)
7. 1 жылда неше ай бар? (12)
8. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Үйде неше адам отыр? (3) 
9. 1сағ неше минут бар? (60 минут)
10.Азайту амалының компонеттерін ата.(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
3-топ: «Жүйріктер»
1.Кез- келген саннан 1-ді азайтқанда қандай сан шығады? (Сол санның алдындағы сан)
2. Ең үлкен бір таңбалы сан (9)
3. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады? (3 кг)
4.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен....(қосындының мәні өзгермейді)
5.Үстелдің беті төрт бұрыш. Оның бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш қалады? (5)
6. 1 см- де неше мм бар? (10 мм)
7. Санға нөлді қосқанда неше болады? (сол санның өзі шығады)
8.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі (мм)
9. Көбейту амалының компонеттерін ата.( көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
10. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
Мұғалім: 
Өткір болсаң ұтарсың,
Тапқыр болсаң  табарсың.
Оқысаң өрге басарсың,
Жауабын жылдам табарсың.
-деп келесі сайысымызға өтейік. 2-кезеңде «Амал таңбаларын орнына қою»
1-топ: Алғырлар
45+9*5-1=89
6+7*7=55
120+8*5-60=100
2-топ: Тапқырлар
81:81+13*1=14
99*0+99=99
6*5+32:8=34
3-топ: Жүйріктер
1985:1985+75*1=76
8*9+28=100
200-5*8+120=280
Мұғалім:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің, 
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек-деп 3-кезеңге өтеміз. Бұл кезең 3 бөліктен тұрады. Жұмбақ есептер, мәселе есептер, логикалық есептер.
Жұмбақ есептер (10 балл)
Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар? (4 аяғы)
Жұмбақ есептер (20 балл)
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма? (24 алма)
Жұмбақ есептер (30 балл)
Түйе бота маң басқан
Төртеуі аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой.
Бәрін бірге санап қой.  (15 )
Мәселе есеп (10 балл)
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше килограмм картоп әкелінді? (300 кг)
Мәселе есеп (20 балл)
Үлкен ыдыста 20 л қымыз бар, бұл кішкене ыдыстағыдан 5 есе артық. Екі ыдыста барлығы қанша литр қымыз бар?
24 литр
Мәселе есептер (30 балл) 
Екі себетте 86 алма бар. Бірінші себеттен алып, екінші себетке 3 алманы салғанда, екі себеттегі алмалар бірдей болды. Бастапқыда себетте неше алма болды? 
1-себетте= 46 алма
                   2-себетте= 40 алма
Логикалық есептер (10 балл)
Себеттегі 5 алманы 5 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма себетте қалуы керек? (Әр алманы бір қызға және соңғы алманы себетімен беру)
Логикалық есептер (20 балл)
Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, ал көк доп жасыл доптан үлкен. Ең үлкен доптың түсі қандай? Қызыл
4-кезең: «Кім жылдам?» Суретте қанша үшбұрыш бар. (5 балл)
Бұл кезеңде суретте қанша үшбұрыш барын табу.
Мұғалім:
Қорытынды: 
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздерменен кездесерміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Ойынға қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз. Сау болыңыздар!
3-сыныптар    08.10.2019 ж Жауапты: Алдашова Шолпан