Білім беруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2020

Білім беруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану

Білім беруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану

(7-8 сыныптар арасында танымдық сайыс)

Мақсаты:   Оқушылардың жеке және топпен жұмыс жасау қабілетін дамытуға ықпал ету және интернет –ақпараттарын жинақтай отырып,білім деңгейлерін арттыру,пәнге қызығушылықты ояту

Бұл іс-шараны өткізуде:оқушыда болу керек дағдылар мен қабілеттердің қалыптасу деңгейін дамытуда мектепті дамыту жоспарын «Білім беру бағдарламасының іске асырылуына ғылыми-әдістемелік басшылық» атты 3-бағыты және №3 басымдық басшылыққа алынды.

Сайыстың шарттары(инт.тақтада)

Мұғалім сөзі:

Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Сол азаматтың   бойындағы тапқырлықты, алғырлықты,ойшылдықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білікті – бірді, білімді – мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгін өздерінің білімдерімен сайысуға үш топ келіп отыр. Ендеше осы топтарға айтарым

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық,

Еркін ойлап барынша

Жарыста сен қалыспа!

деп үш топқа сәттілік тілеймін.

Жүргізуші:

Армыздар жиналған қауым сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Үш топты халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

1 топ «Пифагор тобы»

2 топ «Абай» 

3 топ «Менің Қазақстаным»

Жеңімпаздарды анықтау үшін, әділ қазылар алқасымен таныса отырайық.

Әділқазы ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Ендеше сайысымызды бастаймыз.

1.Әділ қазылар алқасын таныстыру

2.Ойын ережесімен таныстыру

1 кезең- бәйге.Әр топ мүшелеріне  математикаға байланысты сұрақтар беріледі.

   Жалпы ұпай саны:

1 топ «Пифагор тобы»

2 топ «Абай» 

3 топ «Менің Қазақстаным»

2 кезең: Жорға  Quiz.zi интеллектуалдық ойын ойнатылады.


Ұпай саны әділ қазылар.

3 кезең : Тарсия әдісі,сурет бойынша есептер шығарады

4 кезең : Көкпар Постер,тәжірибе жасау, қорғау

1 топ .Кемпірқосақ қалай пайда болады?

2 топ .Ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы постер

3 топ .Нұрсұлтан және басқа қалалармен ,елдердегі ғимараттар,ескерткіштердің модельдерін атау


Қорытынды: 

 ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан   тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу. Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыра алатын шығармашыл дара тұлға, зияткерлік және рухани-адамгершілік қасиеттері бар патриот, өмір бойы жан-жақты білім алуға бейім білімді көшбасшыларды тәрбиелеу.Оқушылардың білімін арттыру, ізденуге, шапшаңдыққа дағдыландыру.Оқушыларды ұйымшылдыққа ,жауапкершілікке баулу.

  1)Әділқазылар алқасы бүгінгі  сайысының қорытындысын шығарады.

  2)Үздік жетістікке жеткен оқушыларды мадақтамамен марапаттау  

  3)Барлық қатысқан оқушыларңа сыйлықтар тапсыру.