Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан? (6 сыныптар арасында интеллектуалды ойын) » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан? (6 сыныптар арасында интеллектуалды ойын)
20
январь
2020

Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан? (6 сыныптар арасында интеллектуалды ойын)

Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

(6 сыныптар арасында интеллектуалды ойын)


Мақсаты: Қоғамда өмір сүруге қабілетті,әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарайтын, жауапкершілігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру

Бұл іс-шараны өткізуде: мектептегі әрбір тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруда және сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәрбиенің тұжырымдылық негіздерін іске асыруда мектепті дамыту жоспарының «Құндылықтар мен мәдениет» атты 1- бағыты басымдыққа алынды.

Сабақтың типі: сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың түрі:  интеллектуалды сайыс сабақ

Жабдықталуы: компьютер,интерактивті тақта,тапсырмалар, викториналық сұрақтар

Көрнекілік: слайд презентация

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,қазақ тілі,математика және орыс тілі

САБАҚ БАРЫСЫ:

 1-Жүргізуші. Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Не?Қайда?Қашан? интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Олай болса ойынымызды бастайық. 

«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. 

Ортаға сайыскерлерімізді  шақырамыз. Бұл ойынға 2 топ катысады.

І-топ «Сұлтандар» 

6 «А» Пернебай Диас 

6 «А» Туреханов Абдуррахман

6 «Г» Бердімұрат Есенжол

6 «Л» Нұрғанат Ерсін

6 «Г» Төлебек Ерлан 

6 «Г» Сергекбай Ерлан 

ІІ-топ «Арулар»

6 «Л» Батырова Аниса

6 «А» Айболатқызы Зере

6 «А» Қайрат Балнұр 

6 «Д» Дүнгенбай Динара 

6 «В» Нұртай Тамирис

6 «В» Нұрдаулет Торғын 

Қарама қарсы «Сап»

 әдісі бойынша оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. 

Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік

  1. ________________________________________________________________
  2. ________________________________________________________________
  3. ________________________________________________________________
  4. ________________________________________________________________


Сайыскерлерімізді ойын кезеңдерімен таныстырып өтейік.

  1 -кезең. Таныстыру;

  1. Кезең. “Үш тіл білу-заман талабы”;
  2. Кезең. Ребус шешу;
  3. Кезең. Кім тапқыр? 
  4. Кезең. Қорытынды,бағалау,марапаттау.

ІІ-жүргізуші: 

          Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз

Қазақ деген халықтың баласымыз.

дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын. 

І-Жүргізуші.  1-ші кезең  «Таныстыру» 

І топ «Сұлтандар» 

Сұлтандар тобы:

Өмірді іспен өлшейміз,

Қадірлеп құнын жеңістің.

Мақсатқа берік сұлтандар,

Келеді сонда жеңіс күн.


Сенімнің күші бір ғажап,

Қопарар заңғар тауды да.

Ұмытылар сонда түрлі азап,

Ұмтыл тек алға, қалғыма.


Қиындықтардан бүгілмейміз,

Үмітімізді сенім баптасын,

Ашамыз сонда түбінде,

Информатика қақпасын.


Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Көп елдің арасын біз жалғаймыз.

Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн,

Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.


ІІ-топ «Арулар»

Арулар тобы:

Телефонға жүгіреміз,

Теликке ылғи үңілеміз,

Бұл заманда адамдардың

Интернетпен ғұмыры егіз.


Ток сорғанда қанымызды,

Жүрек әсем әнін үзді,

Файлдар мен смайлдар

Жаулап алды жанымызды.


 Қалам ұстау ұмыт қалды,

Емейлдер құрық салды,

Өмір – құйын, көре алмаймыз

түсімізде де тымық таңды.


 Ұмытыпты досым әнін,

Бүгінгі әннен шошынамыз –

Айқай менен ритмге,

Біз де амалсыз қосыламыз.


ІІ-Жүргізуші.  

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дей келе 

2-ші кезең  “Үш тіл білу-заман талабы” 

Ойын шарттары  5 жұмбақ оқылады .Екі топқа жұмбақтар беріледі. Жұмбақтың жауабын тауып қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілдерінде айту керек. 3 тілде жауап берген оқушыға – 30 ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, 1 тілде – 10 ұпай.

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

Жауабы: Қазақ тілінде – монитор

Орыс тілінде - монитор

Ағылшын тілінде - monutor



Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды!!!

Жауабы: Қазақ тілінде – бос орын

Орыс тілінде - пробел

Ағылшын тілінде - blank


Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені

Жауабы: Қазақ тілінде – тікенек гүл

Орыс тілінде - кактус

Ағылшын тілінде - cactus


Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам,қағазсыз

Жауабы: Қазақ тілінде – пернетақта

Орыс тілінде - клавиатура

Ағылшын тілінде - keyboord


Батырмасын басасың.

Қажетті файлды ашасың

Жауабы: Қазақ тілінде – тышқан

Орыс тілінде - мышка

Ағылшын тілінде - mouse


І-жүргізуші. 

Солай,солай, достарым,

Компьютер болсын достарың.

Меңгере алсаң сен оны,

Өмірде озып тосқаның – дей келе.


3-ші кезең  «Ребус табу» 

  1. Әр топ таңдалған ребустарды ақылдасып отырып шешеді;
  2. Табылған сөзге байланысты мағлұматтарды қай топ көбірек берсе , ұпай саны да сол бойынша қойылады. 
  3. Қойылатын ұпай: 5-10 аралығында
  4. Арулар тобы




  1. Сұлтандар тобы



ІІ-жүргізуші. 

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

4-ші кезең.  Кім тапқыр? Ойыны 

q  Ұяшықтарда сұрақтар ұпай сандарымен сәйкесінше сұрақтың қиындығына байланысты жасырылған;

q  Жалпы 5 пән 3 сұрақтан. Топтар кезек бойынша қалаған пәннен қалаған ұпай санын тандай алады. Жауап берсе сол ұпай қосылады. 1 мин аралығында топ жасырылған сұрақты тауып, тек бір адам ғана тұрып , жауап айтуы қажет. “Жауап жоқ”сөзінен кейін ғана басқа топ жауап беруге болады. 

  1. Не себепті компьютермен жұмыс істеу барысында түрлі жаттығуларды жасап отыру керек? ( Компьютермен жұмыс істеу барысында түрлі жаттығуларды міндетті түрде жасап отырған дұрыс, адамның денсаулығы жақсы болу үшін)
  2. Эргономика дегеніміз не?( Эргономика – адам ағзасының физикалық және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру туралы ғылым)
  3. «Эргономика» термині қай жылы, қайда қабылданды? («Эргономика» термині 1949 жылы, Ұлыбританияда қабылданған)
  4. Алғашқы смартфон ұялы телефоны қай жылы пайда болды? (Алғашқы смартфон ұялы телефоны 1992 жылы пайда болды)
  5. Ақпарат арналарының қандай түрлерін білесіңдер? 


  1. XIX ғасырдың басында Бэббидж аналетикалық мәшинені ойлап тапты. Осы мәшинеге алғаш программа құрған ғалым кім? (Ада Лавлэйс)
  2. Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады . Ал қай айда 28 деген сан бар? (Барлық айда)
  3. Зал ішінде 90 орындық бар. Кешке келушілер көбейгендіктен орындықтар саны 2 есе арттырылды. Сондағы орындықтардың тоғыздан бірі бос қалды. Қанша орын бос қалды? (жиырма, двадцать, twenty)
  4. 4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр?( Барлығы 5 үйрек бірінің соңынан бірі келеді)
  5. Әнді тыңдап, авторы мен өлен атын атаңыз! (Шәмші Қалдаяқов-композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). )
  6. Әнді тыңдап, авторы мен композицияны  атаңыз! (Людвиг ван Бетховен немістің ұлы композиторыдирижері және 
     
    пианисі,Вена классиктерінің бірі)
  7. Әнді тыңдап, қандай фильмнен алынған саунтрек екенің  атаңыз! (Менің атым Қожа)

І-жүргізуші. 5-кезең. Қорытынды, марапаттау.   Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
 Жетпесіңе жеткізген,
 Қызықты уақыт өткізген.
 Бар ғылымды сыйдырып,
 Білетіні көп бізден.
 Жаңалықтың жаршысы,
 Жұртты елең еткізген
 Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
 топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!