Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе? » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2020

Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?

Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?

(9 сыныптар арасында дебат-пікірталас)

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен саналы қарым-қатынасын қалыптастыруда әлеуметтік желінің пайдасы, зияны туралы пікірлесе отырып, өзін-өзі  басқару, бағалау және рефлексиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Бұл іс-шараны өткізуде: оқушылардың бос уақытындағы жұмыстар арқылы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда «Құндылықтар мен мәдениет» атты 1-бағыты басымдылыққа алынды.

   « Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?» дебат-пікірталас ойыны.


Салеметсіздерме құрметті ұстаздармен, оқушылар. Бүгінгі біздің «Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?» атты дебат-пікірталас ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі пікірталасқа қатысушы спикерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық. Пікірталасқа қатысушы спикерлеріміз: Әбдір Ақниет, Секен Ажар, Берікқызы Нұрайлым, Муканова Ботагөз, Акімқазы Еркежан, Турсынова Нұрай, Әбдікерімова Анара, Мазакова Аяжан, Рашатдинова Казине, Испанбетова Талшын.

       Жүректен-жүрекке (пікірсайысқа қатысушыларымыздың жылы лебіздерін, тілектерін тыңдасақ) 

       Спикерлерімізді түрлі – түсті лентамен екі топқа бөлу. Жақтаушы топ «Ақиқат» тобы, яғни әлеуметтік желінің дерт екенін дәлелдемек, ал екінші

даттаушы топ «Интернет» тобы болмақ, яғни жақтаушы топтың дәлелдемелерін теріске шығарып, өз позицияларын ұсынып әлеуметтік желінің қажеттілігін алға тартамыз. 

       Бүгінгі дебат-пікірталас ойынымыздың қатысушыларының сөйлеу мәдениетіне, шыдамдылықтарына, ақиқат-шындықты дәлелдемелеріне, сыйластықтарына баға беруші сарапшыларымызбен таныс болайық:

  1. Биниязова Акбота Жолдыбаевна
  2. Бакиева Умуткан Нургалиевна
  3. Куламбаева Бактыгуль  Лесбековна


      Ақпараттық технология заманын қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен  интернет төңірегінде болмақ. Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе? -деген тақырыпта бейнебаянға көңіл аударсақ.

Негізгі ережелер: Қатысушылар сіздердің міндеттеріңіз құрылымды сақтау, сөйлеу мәдениетін, шыдамдылықтарыңызды,  шындықты алға тарту, бір-бірлеріңізге сыйластық таныту .

1. Пікір-таласу (12 минут)
 2. Екі топ өзара сұрақ алмасады (6 минут)
 3. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары. Жауап беру (6 минут).
 4. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші –бүгінгі тақырыбымызды түйіндесек (3 мин)

5.Сарапшыларды тыңдаймыз (7 минут)

6. Қорытынды (6 мин)

Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік.

1 кезең өз ойларыңызды ортаға салыңыздар, қашан? Қалай? Не үшін? Осындай позицияны ұстану себептеріңіз.

2 кезеңіміз бойынша бір-бірлеріңізбен сұрақ алмасу кезеңі Даттаушы топ жақтаушы топқа сұрақтарыңыз.

3 кезең көрермендер бүгінгі тақырыптың негізінде сұрақ қоюларыңызға рұқсат. 

4 кезең Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші –бүгінгі тақырыбымызды түйіндесек.

5 кезең сарапшыларымыздың шешімін тыңдайық, жақтаушы сөз өз позицияларын дәлелдеп шындықты көрсете білдіме, даттаушы тобымыз парасаттылық танытып өз ойларын жеткізе алдыма, қай топтың ұсыныстары басымдылық танытты. 

Сөз кезегін сарапшы:

Қорытынды.

Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай  өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпағымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай.