«Екі жұлдыз» ән байқауының сценариі » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2019

«Екі жұлдыз» ән байқауының сценариі

«Екі жұлдыз» ән  байқауының сценариі


Бағыты: 5- бағыт «Дарынды балалар» жобасын жүзеге асыру.


Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы,ұстаз арасында тығыз байланыс орнату.

Міндеті: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.


 Байқаудың талаптары: Байқауға қатысушы жұп бір оқушы мен бір ұстаздан тұруы керек.Әр жұп еркін тақырыпта екі ән орындайды.

Өтетін орны: кіші зал

Күні: 20.11.2019 басталуы 12:30

(Фанфар ойналады,жүргізуші ортаға шығады)

 Армысыздар құрметті  ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер!

 Біз бүгінгі сайыста ұстаз бен оқушылардың жұптасып  ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық,олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.


 «Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша «Мирас» қауымын

Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» ән байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық!

 (Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)


   1-жұп. Өзін- өзі тану пәні  мұғалімі Мейірімханова Жансая және 8 «Е»  сынып оқушысы Қашарбек Аружан

2- жұп.Дене шынықтыру пәні мұғалімі Мырзахан Ержан және 8 «И»  сынып оқушысы Дүйсенбай Гүлзат.

3-жұп. Бастауыш сынып мұғалімі Жұмалиева Қарлығаш және7 «Д» сынып оқушысы Мизам Айымай

4- жұп.Мектебіміздің психологы  Қалиева Мақпал және 4 «А» сынып оқушысы Оспан Мұратәлі.

5- жұп.Бастауыш сынып мұғалімі  Искакова Гаухар және 6 «Ә» сынып оқушысы Құлжаныс Аружан

6- жұп.Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Жанғабылова Сымбат және 6 «Д» сынып оқушысы 

Теңізбай Мадина.


 Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ,бүгінгі байқауымыздың 

қонақтары «Қыран» тобын «Біз бақытты баламыз» әнімен ортаға шақырайық. Қабыл алыңыздар!

Олай болса ,бүгінгі сайыста төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Әділқазылар алқасының төрағасы, мектебіміздің көшбасшысы, мектеп директоры Сейтахметова Галя Акылбековна. 

2.Директордың оқу- тәрбие ісінің орынбасары Қайыпова Бұлбұл Запаровна

3. Директордың оқу- тәрбие ісінің орынбасары Әбілдаев Бауыржан Сүлейменұлы

4.Көркемеңбек пәні мұғалімі Тұрысбек Сайран

5.Қазақ тілі мен Әдебиет пәні мұғалімі Бейменді Ләззат


 1-жұп

Мейірханова Жансая

Қашарбек Аружан

Орындайтын әндері:1.Отан қорғаушылар

                                     2. Ал құрбым

            2- жұп                                                                      

Мырзахан Ержан

Дүйсенбай Гүлзат

Орындайтын әндері:1.Катюша

                                     2.Көзіңнің мөлдірін-ай

                                3- жұп

Жұмалиева Қарлығаш

Мизам Айымай

Орындайтын әндері:1.Қазақ қызы

                                     2. Қыз бала гүл

                               4- жұп

Қалиева Мапал

Оспан Мұратәлі

Орындайтын әндері:1.Қазақстан сарбаздары

                                     2.Лүпіл

5- жұп

Искакова Гаухар

Құлжаныс Аружан

Орындайтын әндері:1.Аққу арман

                                     Ақ көгершін

                              6- жұп

Жанғабылова Сымбат

Теңізбай Мадина

Орындайтын әндері:1.Әнім сен едің

                                     2. Қазақтың баласы

Байқауымыз өз мәресіне де жетті.Әділқазы алқалары қорытынды шығарғанша мектебіміздің әнші баласы 7 «К» сынып оқушысы Әлжанов Даниярды «Қазақстан» әнімен ортаға шақырайық.

Әділқазылар қорытындылап,көрермендер өз дауыстарын беріп болса бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділқазылар алқасын шақырамыз.

Марапаттау кезеңі.

    «Бас жүлдені» қанжығаларына байлаған мектебіміздің психологы Қалиева Мақпал  мен

4 «Ә» сынып оқушысы Оспан Мұратәлі.

     Бірінші орын алған дене шынықтыру пәні мұғалімі Мырзахан Ержан және 8 «И» сынып оқушысы Дүйсенбай Гүлзат.

     Екінші орын алған бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гаухар жәні 6 «Ә» сынып оқушысы Құлжаныс Аружан.

     Екініші орын алған өзін- өзі тану пәні мұғалімі Мейрімханова Жансая мен 8 «Е» сынып оқушысы Қашарбек Аружан.

    Үшінші орын алған өзін- өзі тану пәні  мұғалімі Жанғабылова Сымбат пен 6 «Д» сынып оқушысы Теңізбай Мадина.

    Үшініш орын алған бастауыш сынып мұғалімі Жұмалиева Қарлығаш пен 7 «Д» сынып оқушысы Мизам Айымай.


 Достық жасасыншы мәңгілік
 Достықты жүрейік тек ән қылып
 Татулық пен достық біздің Отанды
 Жарастырсын бейбітшілік сән құрып


         Марапаттарыңыз құтты болсын! Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жетті,келесі кездескенше қош сау болыңыздар!