“Сегіз қырлы, бір сырлы” бастауыш мұғалімдер арасындағы жарыс » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Сегіз қырлы, бір сырлы” бастауыш мұғалімдер арасындағы жарыс
19
октябрь
2019

“Сегіз қырлы, бір сырлы” бастауыш мұғалімдер арасындағы жарыс

Тақырыбы:
“Сегіз қырлы, бір сырлы” бастауыш мұғалімдер арасындағы жарыс.
Мақсаты: Мұғалімдерді әр-қырынан танып, білу. Шығармашылық қабілетін арттыру.
Жүргізуші:
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
 Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
 Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
 Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Құрметті: ұстаздар! Міне, бүгін “Мектеп-кеме, білім-теңіз” бастауыш сыныптар онкүндігіне орай 
“Сегіз қырлы, бір сырлы” мұғалімдер арасында  байқау ұйымдастырып отырмыз.
Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұстаз деген атқа лайық  мұғалімдеріміз сайысқа түскелі отыр.
Мұғалім  əр оқушының  жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
 Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
 Ту етіп достықпенен татулықты,
 Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.
Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
 (Баяу күй ойналады)
№1.Мұғалім:  Искакова Гаухар Шарбахыновна
№2. Мұғалім: Кажиева Фарида Кошкимбаевна
№3. Мұғалім: КуралбаеваАйжамалЕргешовна
№4. Мұғалім: ҚожықГулвираСмагулқызы
 №5. Мұғалім: Тургунбаева Мөлдір Сайновна
№6. Мұғалім: Жарылкапова Гулзира Шынгисхановна
№7. Мұғалім: Несипбекова Ултуар Нурумовна
№8. Мұғалім: Муратекова Маржан Серикказыевна
№ 9. Мұғалім: Оразымбетова Сауле Сейденовна
Байқаудың өткізілу шарттары:
1 Таныстыру: мұғалімдер өздерінің педагогикалық өмір жолын таныстырады.
2. Өнер
3.Ситуациялық тапсырмалар: жағдаяттардан шығу
4. Пародия 
Жүргізуші:
Әділдікпен баға берер ұстазға,
 Әділдікпен қара қылды жаруға,
 Әділқазы алқаларын сайлайық.
 Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
Мектеп директоры: Ғалия Ақылбековна
Директордың оқу-ісі орынбасары: Бұлбұл Зупаровна
Директордың оқу-ісі орынбасары: Бауыржан Сулейманұлы
Жүргізуші:
Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
 Шындаған тәрбием мен талғамымды.
 Өмірдің маған сыйы деп білемін,
 Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.
      Ұстаздарымыз таныстыруға дайын болғанша, 4-сынып оқушысы Боранбек   Исламның орындауында “Мектебім”  ән шашуын қабыл алыңыздар.
Өнер қуып ұстаздар өтер дейміз,
   Бір басына өнері жетер дейміз
   Байқауға түскен ұстаздар кезектесіп,
   Өздерін таныстырып өтер дейміз
№1 қатысушымыз Искакова Гаухар Шарбахыновнаны сахнаға шақырамыз.

 Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
 Ол болмаса, кім береді парасатты.
 Асылын беріп шәкірт бойларына,
 Ағартқан сол үшін де қара шашты, №2 қатысушымыз Кажиева Фарида Кошкимбаевнаны сахна төріне шақырамыз
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан, 
 Жансыздар әлдилеген  шуақты арман. 
 Жатталсын есімдерің  жан жүректе, 
 Адамның аяулы әні сияқталған, 
  №3 қатысушы: Куралбаева   Айжамал     Ергешовнаны сахнаға шақырамыз.
      Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай  деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
№4 қатысушы:      Қожық  Гулвира   Смагулқызы  сахнаға шақырамыз.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
 Ұстаз деген – анасы ол адамның.
 Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
 Сен де одан адам болып жаралдың.
 
 №5  қатысушы:     Тургунбаева Мөлдір Сайновна сахнаға шақырамыз.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
 Бар әлемге еңбегімен еленген.
 Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
 Ол да бірге қуанышқа кенелген.
 №6 қатысушы:    Жарылкапова Гулзира Шынгисхановна сахна төріне шақырамыз.
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
№7 қатысушы: Несипбекова Ултуар Нурумовна сахна төріне шақырамыз.
    Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
     Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.
 №8 қатысушы: Муратбекова Маржан Серикказыевнаны сахна төріне шақырамыз.
Мұғалімдер - шәкірттегі отты арман,
 Сонысымен кеуделерде жатталған.
 Үздіктерін ұлы жолға шығарып,
 Ал өздері қарапайым боп қалған.
 №9 қатысушы:   Оразымбетова Сауле Сейденовнаны  сахна төріне шақырамыз.
Өнер-өзен, жан-тәніңді шаятын,
Өнер-өріс, рухыңды жаятын. 
Өнер-өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер-өткел, серуендейтін саятың, келесі кезекті өнер сайысына берейік.
№1. Искакова Гаухар Шарбахыновна “Аққу арман” әні
№2.  Кажиева Фарида Кошкимбаевна
№3.Куралбаева    Айжамал    Ергешовна  “Миллион раушан гүл” әні
№4.Қожық   Гулвира  Смагулқызы
Ел үшін, туған жер үшін
Әлі көп менің борышым.
Жүректің қуат күші екен,
Өлеңім асқақ-өрісім! Монолог: “Жетім қыз” №5. Тургунбаева Мөлдір Сайновна
№6. Жарылкапова Гулзира Шынгисхановна   “Бақытты әйел” әні
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
 Будан жасап бидай мен тары егемін.
 Қазан-миым бәрін де қайнатады.
 Дара қойып қазақтың қара өлеңін.-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай өз шығармашылығынан
№7. Несипбекова Ултуар Нурумовнаны қарсы алайық. 
№8. Муратекова Маржан Серикказыевна  “Қазақ қызы әдемі» әні
Ел үшін, туған жер үшін
Берейін менде қол ұшын.
Өзіңмен бірге күн кешем,
Өлеңім, өмір-өрісім. Монолог:  “Ана туралы”
№ 9.қатысушымыз Оразымбетова Сауле Сейденовна   
             Педагогикалық жағдаяттар
 Қане достар пікірлесіп қарайық,
 Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
 Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
 Толғандырған жайды шешіп алайық.
 сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті. ( әділ-қазы алқасынан таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жауап береді.
  Ойлануға 2 минут.)
 
 Ситуациялық сұрақтар:
 
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
 2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Сіздің әрекетіңіз?
 3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
 4. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді.
 Не істеу керек?
5. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 9 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға қандай кеңес берер едіңіз?
 6. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?
 Оқушының жауабы: - Ол жыртық, жаңасын беріңіз.  Сіздің әрекетіңіз
 7. Математика сабағы, тыныш ешкім үндемейді, сіз жан-жағынызға қарап оқушылардын ішқайсысы атсалыспайттының  байқадыныз, оқушылардын назарын аудару үшінне істейтін едініз?
 8. Сіздің сабағыңызға оқу ісінің орынбасары қатысып отыр.Қонырау соғылуға 3 мин қалды. Оқушы сізден әжетханаға сұранды, сіз не істейсіз?
9. Сіз сабақта 4-сынып оқушыларына сергіту жаттығуын жасауды ұсындыңыз. Ал оқушылар сізбен бірге  жасауды өтінді.  Оқушының жас ерекшелігіне қарай қандай сергіту жаттығуын оқушымен бірге жасар едіңіз. Көрсетіп берсеңіз.
Жүргізуші:
 
Пародия— белгілі бір шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған еліктей сынап-сықақтайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры. Пародия сын объектісіне, мақсатына қарай юморлық және сатиралық болады. Юморлық пародия жеңіл әзілді, достық әуенде болса, сатиралық пародияның үн, үкімі қатал болады. Театрда, циркте және эстрадада пародия міндетті түрде пародияланып отырған затты танытуды көздейді.
Сайысымыздың соңғы кезеңі пародияға кезек берсек.
№1.Мұғалім:  Искакова Гаухар Шарбахыновна
№2. Мұғалім: Кажиева Фарида Кошкимбаевна
№3. Мұғалім: Куралбаева    Айжамал    Ергешовна
№4. Мұғалім: Қожық  Гулвира  Смагулқызы
 №5. Мұғалім: Тургунбаева Мөлдір Сайновна
№6. Мұғалім: Жарылкапова Гулзира Шынгисхановна
№7. Мұғалім: Несипбекова Ултуар Нурумовна
№8. Мұғалім: Муратекова Маржан Серикказыевна
№ 9. Мұғалім: Оразымбетова Сауле Сейденовна                                       
Жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
 Көш бастар замананың ері емес пе?
 Жатталып кейінгіге хаты қалған,
 Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
…………………………………….
 Білімнің айдынында жүзіп өткен,
 Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
 Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
 Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты сайысымызды аяқтаймыз. 
Марапаттау.
Қатысушылар тізіміІ
таныстыру
ІІ өнерІІІ ситуациялық жағдаяттарІҮ
пародия
қорыту
1Искакова Гаухар Шарбахыновна




2Кажиева Фарида Кошкимбаевна




3Куралбаева   Айжамал       Ергешовна




4Қожық  Гулвира     Смагулқызы




5Тургунбаева Мөлдір Сайновна




6Жарылкапова Гулзира Шынгисхановна




7Несипбекова Ултуар Нурумовна




8Муратекова Маржан Серикказыевна




9Оразымбетова Сауле Сейденовна