«Егерде айта алмасам айтарымды» тақырыбындағы монолог оқудан сайыс » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Егерде айта алмасам айтарымды» тақырыбындағы монолог оқудан сайыс
16
октябрь
2019

«Егерде айта алмасам айтарымды» тақырыбындағы монолог оқудан сайыс

4 сыныптар арасында  «Егерде айта алмасам айтарымды» тақырыбындағы монолог оқудан сайыс
Мақсаты.:  монологты мәнерлі,түсінікті оқуға,ішкі жай күйін , толғаныс тебіренісін жетік жеткізе білуге баулу.
   -Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Өздеріңізге белгілі 07 қазан мен  18 қазан аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінің  «Мектеп –кеме,білім-теңіз» тақырыбында онкүндігі  өткізілуде.Онкүндіктің мақсаты:Әрбір тұлғаның жалпы мәдениетін білімін, денсаулығын қалыптастыру,жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту мен оқуға қажет білім мен дағдыны жетілдіру,сыныптан тыс оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыру жүргізу.
   Ендеше бүгінгі кешімізді оқушыларымыздың білімдерін монолог оқыту  барысында тексеру мақсатымен ұйымдастырып отырмыз.
     Монолог-(гр.monos –дара,logos-сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі толғанысы,өсиет уағызы. Монолог –сөз өнерінде  кейіпкердің ішкі жай күйін,толғаныс тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл.
     Ал біздің оқырмандарымыз өз толғаныстарын қалай жеткізетіндігін бірер уақыттан кейін білетін боламыз. Сайысқа 14 сыныптан  14 оқушы қатысады. Қатысушыларымыздың монологты мәнерлі,түсінікті оқуы,ішкі жай күйін ,толғаныс  тебіренісін  жеткізе білуі   бағаланады.
Кешіміз сайыс түрінде өткізілмек. Сайыс болған жерде жеңіс пенен жеңіліс бар.Ал төрелігін айтатын төрешілердің болуы хақ. 
Білімдінің,білімін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп
Жіберейік әділқазыларды таныстырып ,-демекші  Ендеше әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Мектебімізде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  :Кайыпова Бұлбұл Зупаровна, Директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары: Абілдаев Бауыржан  Сулейманұлы                                    
Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі: Бағашарова Бекзада 
Қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің  бірлестік   жетекшісі.  Базарбекова Меруерт 
Әділқазылар дайын болсаңыздар кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Ел бастау қиын емес,Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ деп  Бұхар жырау жырлағандай,бүгінгі кешімізде сөздің басын бастайтын, кешіміздің  шымылдығын ашатын  4 «А»сынып оқушысы Тұрсқожа Айзере Ерланқызын қошеметтеп ортаға шақырамыз.
«Жетімнің монологы.» Авторы: Біржан Ахмер 
2. Жігін білмес ағы менен қараның,
Жалт-жұлт етіп көмкерген қос жанарын.
Кезіккенге тілеп тұрар жақсылық,
Пәк көңілін берші аңғал баланың.
«Сұрау»Авторы: Нулифар Даниярқызы. Ортаға 4 «Ә»сынып оқушысы Нұрланқызы Дананы шақырамыз.
3. Лақтырып тастап кетіңдер ,күресін жерге,
 Сендерден байлық сұрамай өліп кетсемде
Алтындарыңды алмаспын төгіп кетсеңде
Мейірімге ғана мұхтажбын,білесіңдер ме? деп налыған жетімдердің үнін  ақиық ақынымыз М.Мақатаев пен қазағымның маңдайына біткен жарық жұлдызы ақын Ф.Оңғарсынова толғаныспен жырласа  4 «Б»сынып оқушысы Тәнірберген Көркем  осы толғанысты бізге қалай жеткізер екен? Тыңдап көрелік. 
4. Үлгі бізге айтылған сөзің дара,
Тапқан екен сені де төзімді ана.
Бізді жұрттар мақтаса  мақтай берсін.
Мақтау сөзге лайық өзің ғана.
«Сағыныш» Авторы: Гүлдана Оразбек. 4 «в » сынып оқушысы Камна Інжу.
5.Кешір дейсің,кешір оңай сөз емес,
Ол ешкімді қуанышқа бөлемес.
Кешір дейсің,кешір алды реніш,
Кешір дейсің,кешір алды төбелес.
«Мен сіздерден кешірім сұраймын»Авторы: Мұхтар Шаханов. 4 «Г»сынып оқушысы
6.Пәк ,бейкүнә періште деп танимын,
Бала деген қызығы ғой әр үйдің.
Шаңыраққа ажар беріп тұратын,
Сыңғырлаған шат күлкісі сәбидің.
М.Мақатаевтың   «Сәби ана» өлеңін 4 «Д»сынып оқушысы Бақтыбай Нұрдаулет орындайды.
7. Телефонмын тілім жоқ,
Бірақ оған тыным жоқ.
Бұл өмірде нелер жоқ,
Әттең ,тілдің жоғын ай!
«Телефонның монологы» Авторы:Абдрахман Асылбек 4 «Е» сынып оқушысы Әбен Жарқын.
8.Өмір деген ұйқы ғой,
Түс көргізбей қоя ма?
Қиын-қызық әртүрлі ой,
Іс көргізбей қоя ма? М.Мақатаевтың  «Пай-пай өмір»өлеңін 4 «З» сынып оқушысы Қанатқызы Ақнұрдың толғанысымен тыңдап көрелік.
9. Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
Еңбегің бекер кетпеді
Өмірде мынау ең жақын,
Аяулы сенсің ,анашым.    «Жетім қыздың монологы» Ф.Оңғарсынова. 4 «И»сынып оқушысы Меркібек Жұлдызай.
10. Өмір сені құлатқанда қайта тұр,
Сол өмірге бір назыңды айта тұр,
Тағдыр бәрін реттейді бір өзі.   «Қайта тұр» Авторы: Есенбай Избасаров 4 «К» сынып оқушысы Балташ Балауса.
11.Қымбатты мама,бүгін күндіз сәл тынығып алайын деп жатып едім,бірден ұйықтап кетіппін. Түсімде сізді көрдім мама.   4 «Л»сынып оқушысы Орынбасар Фатима  «М.Мәметованың анасына жазған хатын » оқымақшы.
12. Теріскей бет ,жел үрген,
Аязға тоңған жас бала.
Тумай жатып өмірден,
Қалды екен неге жасқана. «Бес сәбидің монологы» Авторы: Кеңшілік Тышқанұлы 4 «М»сынып оқушысы   Әлімбек Айым.
13. Революция от пен оқтан жаралған,
      Ғани деді атымды атып шақырған.
     Түстім келіп күркіреген майданға,
     Зор майданға қан майданға ақырғы. «Ғани монологы» Әбділдә Тәжібаев 4 «Н» сынып оқушысы  Тағабаева Мөлдір .
14. Әдемі сағат таңдайсың,
Көресің ұстап әрқайсын.
Он сағат сатып алсаңда ,
Уақытты сатып алмайсың. –деп  алтын уақытымыздың қадірін есімізге салып ,бүгінгі сайысымыздың нүктесін қоятын 4 «П» сынып оқушысы Көшергалиева Аружанды ортаға шақырамыз. «Уақыттың қадірі» Авторы: Алмас Темірбай.
  Құрметті тыңдарман қауым   бүгінгі кеште әр қатысушымызды жан-жақты қабілетімен қайсарлығымен,әр қырынан байқағандаймыз. Әр қатысушының бойында тұнып тұрған  қабілеттің болғаны анық. Ендеше сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Қай қатысушымыз қаншалықты тебіренте алды екен?
 Осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті .Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге  алғысымды білдіремін.