«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойын » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2019

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойын

Тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»
Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
Интеллектуалды ойынның кезеңдері:
 I.кезең: «Бәйге»                               / 1ұпай /
II.кезең:  «Айшықты сөздер»        / 1ұпай /
III.кезең: «Ұшқыр ой»                    / 1ұпай /
IV.кезең: «Құпия сандық»             / 2ұпай /
V.кезең: «Суреттер сөйлейді»        / 3ұпай /
Көрнекілік: Нақыл сөздер: 1. «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» Абай; 2. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса…,білім де сондай керек»  А.Байтұрсынов
Ойынға қатысушыларға қойылатын талап:
  1. Ойынға 2-сынып оқушылары қатысады. Ойын І- турдан тұрады. Әр сыныптан 1 оқушы іріктеліп алынады;
  2. Ойын шарты әр бөлім сайын түсіндіріліп отырылады. Әр оқушы сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беру керек.
  3. Әділ қазылар әр бөлімді қорытындылап, ұпай сандарын шығарып отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім үздігінің үміткерлері!
Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
       Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
       Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес – байлық,
Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! -
деп  бүгінігі 2- сыныптар аралығында өзкізейін деп отырған интеллектуалды білім сайысын ашық деп жариялаймыз
Сайысымызды бастау үшін сөз беріледі.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымыз 2- сыныптар арасында  сынып дарабозын анықтауда озық ойлы, танымдық деңгейі жоғары, зерек, тез, дәл жауап беру қабілетін анықтау мақсатында   интеллектуалды ойын сайысы  түрінде өтеді.
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Кім білімді, кім дарынды
Талантты іздеп табайық!
Ойланып енді қарайық,
Қазылардың алқасын,
Ортадан сайлап алайық!                                                                                                                   Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
4.
5.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді,
Ғылымның биік шыңына  – деп  ортаға озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға шақырайық.
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
 Өнерімен биікке жетсе дейміз.
 Бәсекегеке түскен сайыскерлер кезектесіп
 Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
  1. Әметхан Әмір 2 «А» сынып оқушысы
  2. Манапбай Нұрмұхамед 2 «Ә» сынып оқушысы
  3. Құттыбек Нұрасыл 2 «Б» сынып оқушысы
  4. Аширбай Аделия 2 «В» сынып оқушысы
  5. Ниетбай Дәулет 2 «Г» сынып оқушысы
  6. Рахимов Дамир   2 «Д» сынып оқушысы
  7. Сайлау Нұрислам 2 «Е» сынып оқушысы
  8. Молдыбай Айгерім   2 «Ж» сынып оқушысы
  9. Жарылқасын Думан  2 «З» сынып оқушысы
  10.  Нұрлыбай Иманғали 2 «И» сынып оқушысы
  11.  Сұлтан Жәнібек 2 «К» сынып оқушысы
  12. Тилешов Мухаммед Али 2 «Л» сынып оқушысы
  13.  Самихан Ақбикеш 2 «М» сынып оқушысы
  14. Болат Іңкәр 2 «Н» сынып оқушысы
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, 
 Шәкірттерге әділ шешім беріңіз 
 Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар, 
 Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. 
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» демекші бірінші кезеңді бастайық
1 кезең «Бәйге» Бұл кезеңде оқушылардың әрқайсысына  сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушы тез және нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген оқушы 1 ұпай алады. 
1Жуан дауысты дыбыстарды ата?( а,о,ұ,ы)
2. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі (монолог)
3.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3  қатаң, ұяң, үнді)
4.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?(б,в,г,ғ,д,ж,з)  
5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2  жуан, жіңішке)
6. Сұраулы сөйлемнен кейін қандай белгі қойылады? (сұрақ белгісі) 
7. Диалог дегеніміз не? (Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі)
8. .«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы . (Ы.Алтынсарин) 
9. Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?(нүкте)
10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? (ә,ө,ү,і,е,э)
11.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?(р,л,м,н,ң,й,у)
12. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
13. Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (леп белгісі)
14. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата?(к,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ)
 «Бәйге» кезеңі аяқталды. Оқушылардың кезең бойынша ұпай сандарын анықтау.
Білген сайын келеді біле бергім,
 Біле беру емес пе тілегі елдің.
 Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
 Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
 - деп сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз
2 кезең «Айшықты сөздер»бұл кезеңде бірнеше сөз тіркесі беріледі оқушылар бір сөзбен айтуы керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Төбе шашы тік тұрды.  (қорықты)
2. Қолды болды (Ұрланды)
3. Жүрек жұтқан (батыр)
4. Қоян жүрек (қорқақ)
5. Көз ілінбеді  (ұйықтамады)
6. Бетінен оты шықты  (ұялды)
7. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
8. Төбесі көкке жетті (қуанды)
9. Жүрек жалғап алды (тамақтанды)
10. Көзін-ашып жұмғанша  (лезде)
11. Беті бүлк етпеді (ұялмады)
12. Ит терісін басына қаптады  (ұрысты)
13. Тісіңнен шығармау  (айтпау)
14. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
Бәйгеге түсіп жарыспай
 Жүйріктің бағы жанар ма?
 Білім мен өнер жарысып,
 Тәрбие, тәлім табар мән.
 Бұл бәйге ойдың бәйгесі
 Кім жүйрік ойға, сол алда
3 кезең «Ұшқыр ой» Әр оқушыға әдебиеттік оқу пәні бойынша                                 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Шығарманың атын немесе авторын табу. 1 ұпай
1.     Бес нәрседен қашық бол,                                                                                  Бес нәрсеге асық бол,                                                                                         Адам болам десеңіз.                                                                                             Тілеуің, өмірің алдыңда,                                                                                    
Өлеңді жазған ақын кім? (Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»)
2.     Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді.Бір күні ойнайын деп бардым.Әбіш кітап оқып отыр  көп екен.    
Әңгіме қалай аталады? «Мен қалай оқуға бардым?» Ахмет Байтұрсынов
3.     Қартқожа жазық далада.Көйлекшең, жалаңбас.Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып-шып шығып, кітабын оқып жатыр.
Бұл үзінді қай мәтіннен алынған. Мәтін тақырыбын айтып көр.«Кітап оқу» Жүсіпбек Аймауытов    
 4.Көтеріп көкіректі ырғағанда,                                                               Дауысын шарықтатып шырқағанда,                                                               Дауысы алты белден естілетін,                                                                        домбыраны бұлғағанда.
Өлең шумағы кім туралы айтылған? «Біржан» Сәкен Сейфуллин
         5.Мезгілсіз жүріп күн бойы,
           Мерзіммен тамақ ішпесе,
           Демалыс жоқ, к,нде ойын,
           Мерзіммен суға түспесе
            Өлең тақырыбын ата? «Апаның тілін алса егер...» Жақан Смақов
6.Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдпры жамбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен.Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр.Ол мені шақырды да,құлағыма: «Сен,немене,аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?»-деп сыбырлады.                                                                  Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім.                                                      Бұл үзінді қай мәтіннен алынған? «Ұяда не көрсең...» Бауыржан Момышұлы
7. Аңсардың сабалақ жүнді ақ бауыр күшігі бар еді.Өзі иісшіл.Жасырынбақ ойнағанда Аңсарды демде іздеп таба қояды. Үнемі соңынан еріп жүреді.
  Қазір соңынан келе жатыр. Аңсар ойнап жүрген көп балаға қарай келеді.
Мәтін тақырыбы қалай аталады? «Өкініш» Дәулет Қасенов
8. Жаз айында, шілдеде
Қатты ысиды күн неге
Бәріміз де шөлдейміз,
Шөл басуды жөн дейміз.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәтті бал қымыз!
Шалап,қатық,айран бар,
Ішіп алып ойнаңдар!
Өлең шумақтары қай өлеңнен алынған? «Сусын туралы жыр» Тоқаш Бердияров
9. Аппақ көйлек көк болған
Көп түймелер жоқ болған.
Шынтақтары сырылып,
Шашына шаң,шөп қонған.
  • Ал көйлегің неге көк?
  • Көк болған соң керемет.                                                                     Жарасып тұр емес пе?!
Ағараңдап не керек?  
Өлең тақырыбы қалай аталады? «Көйлек хикаясы» Абдырахман Асылбеков 
10.   Төр алдында жазылған қызыл күрең кілемнің үстіндегі жеке-жеке қонақкөрпелер мен дөңгелек үстел Абайдың да алыста жүрмегенін аңдатқандай сезім құшағына бөледі.Қазір,қазір-ақ Абайдың «Нағашы ,төрлетіңіз!» деген қоңыр дауысы естілетін сияқты.
 Мәтін тақырыбын ата? «Абайдың шаңырағы» Кәмен Оразалин
11.  Бір күні Ақайдікіне ауылдағы әжесі келді.Кешке үй іші тегіс үстел басына жиналған кезде әжесі:
   -Ал, Ақайжан ,қалай оқып жатырсың?-деп сұрады.
Мәтін тақырыбы қалай аталады? «Немере» Әзілхан Нұршайықов
12. Ата қартайып, күші кеміді:нашар көретін,нашар еститін болды,ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз,оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
 Мәтін тақырыбын  ата? «Атасы мен немересі» Спандияр Көбеев
13. Құстардың мен білемін не жейтінін,
Олар үшін салдым дәннің кей түрін.
Құрт та салдым балықтарға арнап мен,
Басқа сыйым бір-ақ сыймай қалды, әттең!
Өлең қалай аталады? «Менің кемем» Ертай Ашықбаев
14.Әкем маған ататегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
-Мен –Момыштың ұлымын.
-Момыш кімнің баласы?
-Момыш –Имаштың баласы.
Осылайша, жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
Мәтін тақырыбын ата? «Елтанудың басы» Бауыржан Момышұлы  
Жарыс заңы ежелден,
 Жеңімпазды анықтау.
 Жеңімпаз болу шарты сол,
 Еңбектену, жалықпау. –4 кезең «Құпия сандық»                                                                                                 Бұл кезеңде жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақ тілінде, орыс тілінде) айтуларың керек. Әр оқушы  1 жұмбақтың шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету) Әр дұрыс жауап 2 ұпай
1.Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)   2.Бірін-бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)                            3. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықты өлшейді. (сызғыш – линейка)                                                             4. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)                                                    5. Аспан түстес сұйық, Әркім ішер құйып (су-вода)6. Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)                                                          7. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)                                                        8. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга)                                                                  9. Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (бор- мел)                                                                                                                                                                                    10. Сырты жасыл қап қатты,Іші қызыл тәп- тәтті. (қарбыз-арбуз)                                                                                                                                                                11. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе-верблюд)                                                                                                                                                        12. Өзі ащы, Бірақ дәмді етер асты (тұз-соль)                                                                                                                                                            13.Адамға серік, Күзетке берік ( ит-собака)                                                                                                                                                                         14. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка) 
Тауды биік деме сен,
 Талаптансаң шығарсың.
 Қарсылас мықты деме сен,
 Білімді болсаң шығарсың-
5 кезең  «Суреттер сөйлейді»      Әрбір дұрыс жауап  3 ұпай.
1.теледидар – телевизор-TV (тиви)
2. үй –дом –home (хоум)
3.орындық- стул- chair (чәйә)
4. үстел-стол-table (тэйбл)
5. төсек- кровать-bed (бэд)
6. радио-радио-radio (радио)
7.қалам- ручка-pen (пен)
8. қарындаш-карандаш-pencil (пенсил)
9. кітап-книга-book (бук)
10.сызғыш-линейка-ruler (рулэ)
11.өшіргіш-ластик-rubber (рәббә)
12.көйлек-платья-dress (дрес)
13. қалпақ-шляпа-hat (хәт)
14. белдемше –юбка-skirt (скәт)