"Білімім мен өнерім өмірімнің өзегі" атты онкүндік іс-шарасының ашылуы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Білімім мен өнерім өмірімнің өзегі" атты онкүндік іс-шарасының ашылуы
11
ноябрь
2019

"Білімім мен өнерім өмірімнің өзегі" атты онкүндік іс-шарасының ашылуы

 Эстетикалық пәндер –әдістемелік бірлестігінің  "Білімім мен өнерім өмірімнің өзегі" атты онкүндік іс-шарасының  ашылу салтанатының сценариі . 
          Мақсаты: Заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбиенің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы, дара тұлғаны жан-жақты тәрбиелей отырып, оның бойындағы ішкі мүмкіндіктерін ашу.
Өтілу барысы:
Жүргізуші:  
Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша   оқушылар мен аяулы ұстаздар!
«Білімім мен өнерім, өмірімнің өзегі» атты эстетикалық пәндер –әдістемелік бірлестінің онкүндігінің  ашылу салтанатына  қош келдіңіздер!
  • Бүгінгі салтанатты жиынымызға алыстан керуен келе жатыр екен. Қане керуенге жол беріп қарсы алайық. (көш керуен күйі қосылады, осы кезде керуен кіріп келе жатады)
  • Керуенді бастап   8 «Г» сыныбының дүлдүл күйшілері келеді. Қошеметтеп қарсы алайық.( ансамбль қазақша киімдерімен керуенннің басын бастап кіріп, ортаға тұрады)
  • Келесі керуенде күміс көмей әншілер. Керуен басшысы  мектебіміздің  музыка пәні мұғалімдері  . 
  • Үшінші керуенде қол өнер шеберлері. Керуен басшылары    көркемеңбек пәні мұғалімдері 
  • Төртінші керуенде дәстүрлі әншілер келеді . қошеметтеп қарсы алайық.          (соңғы керуен қазақ осы әнімен кіреді)
       Жүргізуші :  бүгінгі салтанатты жиынымызға арнайы келген  керуен басшыларының ыстық ықыластарын тыңдасақ.                                                                         (әр мұғалім дайындаған оқушылар тақпақтарын  үш тілде айтады)
Жүргізуші : «Екі ішектің бірін қатты , бірін сәл- пәл кем бұра .
                       Нағыз  қазақ қаза емес,
                        Нағыз қазақ домбыра» , Тастановтың күйі «Би күйі» орындайтын «Баламайсан»    домбырашылар ансамблі. 
Жүргізуші : Ортаға әр керуеннен екі баладан, мектеп әкімшілігі тарапынан бір қатысушымызды , көрермендерден бір қатысушымызды  шақырамыз. Қазір ортаға шығып асықтар аламыз. Әр асықтағы санға сұрақтар берілген. Сұраққа жауап беру арқылы біз онкүндіктің жоспарымен таныс боламыз.Қолдарыңызға онкүндіктің жоспары беріледі. 
1 асық. Әр бірлестіктер он күндігін ашу үшін қандай жиынға жиналады                                                                                             

  (жауап: салтанаттыт жиынға)                                                                                                             
  Олай болса  бірінші күні онкүндіктің ашылуы 
2- асық
Мақалды жалғастыр. 
Өнерлінің қолы алтын  
(жалғасы Өлеңшінің сөзі алтын)  2 күні  « Біздің елдің жігіттері» 8 сыныптың ұлдар арасында байқау . жауапты мұғалім. Искендиров Бауыржан. 
3-асық . Жұмбақты шеш. 
Қысқа таяқ дiңi бар,                                                                                                               

Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш).                                                                                                      

3 ші күн Менің елімнің болашағы 4 сыныптар арасында  сурет байқауы. Жауапты мұғалім Дүйсенбекова Айгүл.
4- асық  Қыз бала жасайтын қол өнер түрлерін ата .                                                                                        

4 –күн « Туған елдің өрнегі» 9 сынып қыздар арасында қол өнер байқауы.
5 асық .Ән дегеніміз не ?                                                                                                                                                  

(жауап: Вокалдық жанр)                                                                                                                              
5 күн  ардагер ұстаздар арасында «Әуенді тап» байқауы. Жауапты мұғалім Султанаева Нургуль
6 асық өлең жолдарына қарап әннің тақырыбын тап. 
Шешек атып алма ағаштары .( жауап. Катюша)
6 –күні: Әйгілі катюша . 6 сыныптар арасында макет сайысы. Жауапты Реймжан Раидин.
7  асық мақалды жалғастыр. (Анасына карап .....) 
7-күні « Туған өлке арулары» 7 сыныптар арасында қыз сыны байқауы.
8  асық . Екі адамның қосарланып ән айтуын не деп айтады. (дуэт)
8-күні   «Екі жұлдыз»   байқауы. Жауапты мұғалім Қырықбаева Бибігүл
9 асық  «Көзімнің қарасы» әнінің авторы кім?  (Абай) 
9 күні «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты 
10 – асық өлең жолын жалғастыр. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл пәл кем бұра                     

      (нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра)  
10-күні «Үлкендер жолы ұлылық.
Ұрпағы жүрер ұғынып»  Елбасының жарлығымен «домбыра күні» мерекесінің құрметіне орай әйгілі қол өнер шебері Жолаушы ағамызбен кездесу кеші.Онкүдігіміздің жабылу салтанаты.
жүргізуші:
  Осы   он күндіктің ерекшелігі біз он күн  бойы «Өнерлото» ұтыс ойынын ойнатамыз! Қазір қолдарыңызға лотерия билеті таратылады . Мен мына сандықшадан бір санды қолыма аламын. Қолыма қандай сан түседі. Сол сан бойынша лото билетінің иесі шығады. Ал ұтысқа не шығады ол сіздің құзырлығыңызда. Көзіңізді байлап сиқырлы қоржыннан бір затты өзіңіз аласыз. Қандай зат қолыңызға түсті. Сол сіздің бүгінгі ұтысыңыз.  Осы билеттеріңізбен он күн бойына біздің іс шарамызға қатысып отырыңыз. Билеттеріңіз міндетті түрде ұтысқа түседі.  Ұтысқа түскен билеттің артына өткізілген іс –шараға  байланысты кері байланыс жазып қалдырамыз.   
   Апталыққа белсене қатысыңыздар! Сіздерді апта бойы қызықты сайыстар, байқаулар, марапаттаулар күтуде!            
  • жүргізуші:   Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің бас көшбасшысы , мектеп директоры Сейтахметова Галия Акылбековнаға беріледі.  (директор сөйлейді)
  • жүргізуші Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй. Сіздердің құрметтеріңізге «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар  
Осымен бүгінгі салтанатты жиынымыз аяқталды .Біз сіздермен қоштаспаймыз. Он күн бойы кездесіп отырамыз.