Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлымен кездесу » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2019

Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлымен кездесу

Алматы қаласы Алатау аданы №26 жалпы білім беретін  мектептің  Эстетикалық  пәндер - әдістемелік бірлестігінің «Білімім мен өнерім өмірімнің  өзегі» атты он күндігі аясындағы іс-шара, 22-қарашада «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ұлттық саз аспаптарын жасау шебері , ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлымен кездесу кеші

Мақсаты:
 Мектептегі әрбір тұлғаның XXI ғасырға лайықты оқыту мен оқуға қажет білім дағдысын қалыптастыруға , өзгерістерге  дайын болу қаблеттерін дамытуға бағытталған оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру, әрбір тұлғаның мәдениетін қалыптастыру мен оқуға деген белсенділіктерін және шықармашылықтарын  арттыру. Сыныптан тыс оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбиенің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы, дара тұлғаны жан-жақты тәрбиелей отырып оның бойындағы  шықармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Міндеттері:
  • Елбасымыз ұсынған « Мәңгілік Ел» тұжырымдамалық идеологиясын жүзеге асыру.
  • Өлкетану жұмыстары аясында оқушы шығармашылығын дамыту.
  • Адамгершілік, ерлік, намыс және аброй, отанға  адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. 
Бағыты:
  •  Қазақстандық патриотизмге, азаматтық және ұлттық тәрбиеге байланысты  кездесу өткізу
 «Үлкендер жолы  ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ұлттық саз аспаптарын жасау шебері , ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлымен кездесу кеші өткізілді.                                                                                                 Кездесу кеші  іс-шарасына мектебіміздің   директорының   оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары   А.Ж. Барақбаев , Утеулиева Р.Ш. және мектебіміздің бірқатар ұстаздары мен    7-сынып оқушылары қатысты.  
Кездесу кешінде қонағымыз Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлы сахна төріне шығарылды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Кеште, оқушылар мен ұстаздарға қонағымыздың атақтары мен жетістіктерін таныстыра келіп, бейнежазбадан шеберханада шәкірттерімен ұлттық саз аспаптарын жасау кезеңінен көрініс және сол өздерінің жасаған домбра аспабының үнін сезу үшін домбрада күй тартып ойнау көрінісі   көрсетілді.  Және де шебердің  шығармашылықтарынан  слайд   көрсетіліп тұрды.
Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлы бойыңыздағы өнер кімнен берілгенін, домбра жасау шеберлігіне  қалай келгені жайлы әңгімеден бастады. Кеш барысында Республикалық «Үкілі домбыра», «Дана қобыз» конкурстарының Гран-При сыйлығының иегері болғаны жайлы  және елімізде 2017 жылы  өткен ЭКСПО көрмесіде шетелдік қонақтар назарына қандай ұлттық саз аспаптар  ұсынылғандары жайлы әңгімелеп берді.
Өтілу барысы:
Армысыздар Құрметті ұстаздар мен оқушылар .«Үлкендер жолы  ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»  атты кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін бізде қонақта  ұлттық саз аспаптарын жасау шебері, ҚР мәдениет қайраткері. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлы.  Аға біздің шаңырағымызға қош келдіңіз! ( Қошеметпен   қарсы алу)
Кешімізді әнмен  бастасақ , 8 «И» сыныбының оқушысы Дүйсенбай Гүлзаттың орындауында «Құтты ұям » әні.
  1.  Видеороликке назар аудару ( таныстыру)
Ағаштан түйін түйгендей,
Мүйізден садақ игендей.
Домбырасы -  көз құрты,
Оюлы шапан кигендей,
Кім сүйеді өнерді
Дәл Жолаушы сүйгендей –
Деп ақын  ағамыз Дидахмет Әшімханұлы жырлағандай Жолаушы Әбілғазыұлының, қазақ халқының бас аспабы домбыра тағы басқа ұлттық саз аспаптарын жасаған хас шебер екені елге аян.
- Шеберлік, зергерлік тұқым қуалайды деп жатады. Бойыңыздағы өнер кімнен берілді? Арғы ата-бабаларыңызда шеберлікпен, зергерлікпен айналысқан ба?
 Өне бойынында кәсіби суретшілігімен бірге  әншілігі, күйшілігі және қолөнер шеберлігі тоғысқан «Сегіз қырлы бір сырлы» жан
- Домбра жасау шеберлігіне  қалай келгеніңіз жайлы әңгімелеп берсеңіз.
Видеожазба(Шеберханада домбра жасау кезеңіндегі көріністі тамашалайық)
Балалар шеберге сауалдарын қояды:
-.Жолаушы аға, сіз қанша домбра аспабын  және  тағы қандай ұлттық саз аспаптарын жасадыңыз?
- Ұлттық саз аспаптарын   қандай ағаш түрінен жасалады?
-Көнеден келе жатқан домбраның үнін сақтап қалу үшін қандай ішекті коясыз?
-«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді қазақ даналығы. Тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз бар ма?
-Оларқа қандай талап қоясыз?
-Отбасыңызда өнеріңізге қызығып жалғастырып отырған ұрпағыңыз бар ма?
Мектебіміздің  «Баламайсан» домбрашылар ансамблінің шырқауында «Қазақ осы» әнімен, қарсы алайық
  • Жолаушы Әбілғазыұлының қолынан шыққан аспаптарын еліміздің ең айтулы кәсіби музыканттары ойнап  жүр.  Атап айтсақ Қайрат Бекбосынов, Алтынбек Қоразбаев,  Тұяқберді Шамелов, Секен Тұрыспеков, Айгул Қосанова. Асылбек Енсепов тағы басқада әйгілі  музыканттар.
  •  Жолаушы аға, қазіргі кезде қолданыста жүрген домбра түрлерімен таныстырып берсеңіз .
  • Республикалық «Үкілі домбыра», «Дана қобыз» конкурстарының Гран-При сыйлығын ұтып алған екенсіз… Ал елімізде2017 жылы  өткен ЭКСПО көрмесіде шетелдік қонақтар назарына қандай ұлттық  саз аспаптарын  ұсындыңыздар?
  • Иә , біздің Рухани жаңғыруымызға тікелей осы домбырамыздың , ұлттық саз аспаптарымыздың тікелей  қатысы бар
Видео жазба (Шәкірттерімен  өздері жасаған домбраларымен аспап дыбысын сезу үшін күй тартады) 
( Қошеметтеу )
Құрметті Жолаушы аға! Осы қошемет,құрметтердің бәрі өзіңізге арналады.Қабыл алыңыз.
Құрметті Жолаушы  аға, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға!
 Мектеп басшымыз Қымбатты Галя Акылбековна , сөзді өзіңізге берсек дейміз
Жолаушы аға, енді  бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрімізіміз ғой .“Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған.Біздерге,  осындағы өскелең ұрпаққа бата беруіңізді сұраймыз.
Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлы
    Суретші, ұлттық саз аспаптарын жасау шебері. ҚР мәдениет қайраткері. ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
1950 жылы 15 шілдеде Марқакөл ауданында дүниеге келген.
1974-1977 жылдары Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін театрдың қоюшы-суретшісі мамандығы бойынша үздік дипломмен, 1992 жылы Абай атындағы ҚазМПУ-дің көркемсурет-графика факультетін бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1977-1985 жылдар аралығында Марқакөл ауданының мәдениет бөлімінде халық театрының қоюшы-суретшісі болды.
 1985-1992 жылдары Алматы қаласы «Казреставрация» бірлестігінің қалпына келтіруші-суретшісі. 
1993 жылдан  Абай атындағы ҚазҰПУ-де көркемсурет-графика факультетінің қолөнер кафедрасында еңбек етіп, қазіргі кезде  Құрмет демалысында.   
Осы уақытқа дейін 2000-ға тарта домбыра, 100-ге жуық қылқобыз және 20 жетіген, тағы баска ұлттық саз аспаптарын жасады.  
1989 жылы КСРО Мәдениет министрлігі мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы орталық комитетінің Грамотасымен марапататталған. 1996 жылы «Үкілі домбыра» үшінші республикалық сайысында бас жүлдені иеленіп, «Алтын домбыра» арнайы сыйлығының жеңімпазы атанды. 1998 жылы Австрияның Мольн қаласында өткен варгандық музыканың III халықаралық конгресінің лауреаты. 2006 жылы қылқобыз жасаушылардың үздік шеберін анықтауға арналған «Дана қобыз» республикалық байқау-бәйгесінің бас жүлдегері және «Алтын қобыз» арнайы сыйлығының тұңғыш иегері. 2009 жылы Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен «Әлем жауһарлары» атты халықаралық ғылыми-шығармашылық фестивалінің лауреаты.
 Құрметті Жолаушы  аға, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.
Мектеп басшысына сөз кезегін беру.
Қадыр Мырза Әли
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.