Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
03
ноябрь
2025

№26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Кітапханашылар күніне орай Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты — оқушылар мен ұстаздар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, кітапхана қорын толықтыру және оқу мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында ұстаздар, оқушылар және ата-аналар өздері ұнатқан көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптарды мектеп кітапханасына тарту етіп, білім ордасының рухани қазынасына өз үлестерін қосты.
Бұл игі шара кітаптың қадір-қасиетін дәріптеп, жас ұрпақты рухани байлықтың қайнар көзі – кітаппен дос болуға шақырды
Оқырмандардың кітапқа деген құрметі мен қызығушылығын арттыру;
Мектеп кітапханасының қорын жаңа басылымдармен толықтыру;
Оқушыларды ізгілікке, мейірім мен жомарттыққа тәрбиелеу;
Қоғамда кітап оқудың маңызын насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру.