16
октябрь
2025
"Қыран елім - Қазақстаным" бойынша 6 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты танымдық сағат өтті.
№26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында патриоттвқ акция "Қыран елім - Қазақстаным" бойынша 6 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушылар кітапхана қызметімен, кітап қорының байлығымен және кітапхананың қоғамдағы рөлімен танысты.
Кітапханашы кітаптың адам өміріндегі маңызы, оқу мәдениеті мен ақпаратты дұрыс пайдаланудың жолдары туралы мазмұнды әңгіме жүргізді. Оқушылар өз сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, белсенді түрде сұрақ-жауап, викториналық тапсырмалар мен ойындарға қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар кітап оқудың адам өмірін байытатын, ой-өрісін кеңейтетін ең құнды құрал екенін түсініп, кітапханаға жиі келіп тұруға уәде етті.
Мақсаты:
Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;
Кітапхананың білім мен руханияттың ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру;
Оқушыларды ізденімпаздыққа, білімге құштарлыққа және ой-өрісін кеңейтуге баулу. Сынып жетекшісі; Естемесова А Кітапхана меңгерушісі: Мергенбаева А.К