"Ұялы телефонның пайдасы мен зияны" дебат » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2019

"Ұялы телефонның пайдасы мен зияны" дебат

Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны.
Күні: 11.10.2019 ж
Сабақтың мақсаты:
 Білімділік:
Ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру.
Дамытушылық: Баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, ұялы телефонмен сөйлесу әдебіне дағдыландыру.
 Тәрбиелік: Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу,
 Көрнекілігі: Ұялы телефон түрлері, нақыл сөздер, слайд.
 
 
Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен таныстыру. Ұялы телефонға байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ұялы телефон туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық ,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау
Түрі: Пікір-сайыс.
Сабақтың өту барысы
 Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ұйымдастыру бөлімі - Дебат әлеміне қош келдіңіздер!!!
-бүгін, І-ші теориялық бөлімінде дебат туралы мәлімет аласыз,оның шартымен, тәртібімен танысасыз.
-ІІ-ші практикалық бөлімінде Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» атты пікір-сайыс өткіземіз

 Слайдпен жұмыс Дебат – интелектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық , әсерлі ,нақты түрде дәлелдеуге баулиды.
ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ
 1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.
2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қатар бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.
3.Әр топ жеті ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген.
Пікір – сайыс тәртібі.
Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».
Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.
Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.
Қарардың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін, бірінші спикер жақтау тобының критерйін енгізеді. Критерийді әр топтың өз қарарын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мәні, сол қарарды қолдаудағы мүдделері ретінде қарастыруға болады. Критерийін жариялағаннан кейін, бірінші спикер алғашқы 

 Ұяны бұзарлық «қабілеті» бар ұялы телефонды бүгінгі балалар неге жанынан тастамайтын болды? Тіпті ұйқыға жатарда да не себепті қасына алып жатады? Не себепті ұялы телефоны үйде қалып қойса, қимасынан айрылғандай әсерде болады?
 
 Рас ,бұл тақырып турасында айтылып жатқан әңгіменің шет-шегін табу қиын. Пайдасын әркім-ақ біледі.Зияны бастан асады. Қараңыз.......
-«ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ « атты пікір сайысымыз ашық деп жариялаймыз.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
Біреу ығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттар

 
 
Ең алдымен сіздерге осы пікір -сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық

 ------------------------------------------------------------
-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .
1»Болашақ» командасы
2.»Келешек» командасы
Бұл топтар «ұялы телефон пайдалы ма, әлде зиянды ма» деген тақырыптарда пікір алысады.
« Болашақ » командасы
«Келешек» командасы

 Сұраққа жетіп ал әдісі
 
 Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
 Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.
Бейнеролик «Телефонның зияны»
 
 
Қорытынды
 Құрметті көрермендер біздің бүгінгі «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» атты дебат сайысымыз аяқталуға жақын. Ұялы телефон зиян дегеніміз «Даттаушы» жақ спикерлері тұрған бетке, ал керек дегеніміз « Жақтаушы» спикерлері жақ бетіне өтулеріңізді өтінемін.
Сөз әділ қазыларға беріледі.
Марапаттау.
Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!