Флешмоб «Достық біздің тірегіміз» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2019

Флешмоб «Достық біздің тірегіміз»

Бекітемін: ДОІЖО Муса Ләззат Тәңірбергенқызы
Күні:10.10.2019ж
Сыныптар: 3а,3ә,3б,3в,3г,3д,3ж,3з,3и,3к,3л,3м,3н
Сабақтың тақырыбы: Флешмоб «Достық біздің тірегіміз»
Мақсаттары: Оқушылардың бойына қимыл икемділігі мен музыкалық сезімін, музыка ырғағын тусіндіріп қалыптастыру.
Окушылардың дене мүшелерінің әр бағытта қозғай білуге немесе қолдарының қозғалуын үйлестіріп орындауға үйрету.
Балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларға би туралы білім мен дағдыларды меңгерте отырып, зейінін, есте сақтау, елестету, бақылау қабілетін дамыту.
Би өнерімен қажетті деңгейде балаларды әсемдік әлеміне біртіндеп бойларын үйрету.
Тәрбиелік: Тілдік моториканың және көңіл күйдің дамуына, жағымды қылықтарға, әдемілікке, достыққа, тәртіптілікке, татулыққа ,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: магнитафон
Пәнаралық байланыс: дене, ән,биология
Сабақтың құрлымы
Ұйымдастыру кезеңі
  • Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Барлық сыныптарды 3а,3ә,3б,3в,3г,3д,3ж,3з,3и,3к,3л,3м,3н мектеп алаңына шақырамын. Флешмобта барлығы 18 ән жинағы бар.Алғашқы да балалар бір қатардан сапқа тұрады.Әуен басталғанның күтеді.
 1.Әуенде балалар отырады да жоғары секіреді.
2. Әуенде оңға иректеп екі рет жасап шапалақ жасайды, осындай қимылмен солға қарай жасап қайталап шапалақ ұрады.
3.Оң қолымен бастап екі қолың Х(икс) тап отырып жоғары көтеріледі.
4.Екі қолың бүгіп сәл сермеп тұрады да төрт жаққа бір реттен секіреді.
5.Екі қолың алдыға созып бір затты бұраған секілді жасайды және төрт қатарға екі реттен жасап шығады.
6.Оң жақтан бастап айналады да екі қолың шапалақтайды,дәл сондай қимылмен солға қарай жасайды.
7.Солға бұрылып оң қолың жоғары көтеріп бір аяқпен секіреді.
8.Оң қолыңның бір саусағын бетіне қарай ұстайды және осы әуеннің жартысында оң қолың жоғары көтеріп кейін екі қолың төмен Х(икс)тап секіреді.
9.Екі қолың жоғары көтеріп айналдырады.
10.Оң қолыңның бір саусағын бетіне қояды да, төрт жаққа айналып шығады.
11.Екі қолың бүгіп бір отырып бір тұрып төрт жаққа айналып шығады.
12.Екі қолың көтеріп жансыз темір сияқты төрт жаққа иеліп билейді.
13.Екі қолың жоғары көтеріп сермейді.
14. Оң жаққа айналып жүрек істейді, солға айналып жүрек істейді.
15.Екі қолың төменде екі рет істеп, жоғары қарама-қарсы айналдырады.
16.Оңға бұрылып беліне оң қолың қойып оң рет сол қолың көтеріп жасайды және солға бұрылып тағы оң рет жасайды.
17.Алға екі қадам жасап шапалақ ұрады артқа екі қадам жасап шапалақ ұрады.
18.Соңғы әуенде қоштасады.
Біз бір-бірімізбен дос тату екенімізді көрсеттік. Қандай іс болмасын біз үшін шешілмейтін түйін жоқ екеннің осы топ арқылы көрсеттік деп ойлаймын.Осымен біздің флешмобымыз  аяқталды.