«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әдеми-драмалық кеш » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2019

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әдеми-драмалық кеш

        «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әдеми-драмалық кешінің сценариі.

Бағыты: 1-бағыт    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру

Мақсаты: Биыл ұлы ақынға 175 жыл толуына орай Абайдың өмірімен  шығармаларын таныстыру,  Абай шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеті Мәдени құндылықтарды дәріптеу, Елбасының  «Мәңгілік ел» идеялогиялық тұжырымдамасын жүзеге асыру.


Өтетін орны: кіші  зал

Күні: 15.11.2019. басталуы 12:30  

(Тәрбие сағаты  басталар алдында қысқа музыка қойылады. Одан соң Абайдың желсіз түнде жарық ай әнінің музыкасы ақырын ойнатылады. Перденің сыртында жүргізуші Абай атамыздың өмірін оқиды.)

Жүргізуші:  Ұлы ақын, аудармашы, дана ойшыл  Абай Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келді  . Өмір Абайды ерте есейтті.15 жасында үйленіп, 16 жасында әке болған Абай 21 жасында болыс болды .Енді ол халықтың мұң зарын ,арман тілегін өз құлағымен естіп, өз көзімен көрді.халық өмірімен әдет ғұрпын жетік білетін, оның үстіне шығыс пен батыс ілімінен мол хабардар зиялы Абай дау- жанжалды, сөз қақтығыстарында ескі билерді сөзден тосылдырып, өзін жаңа заманның басы екенін көрсетіп үлгерді.  Баласының басқа өрлеп , төске шауып бара жатқандығы Құнанбайды ойландырмай қоймады.

(Сахнаға Абай мен жас жігіт шығады.)

Жігіт: Абай аға айтыңызшы, осы болыс болғаныңызда әкеңіз Құнанбайдың кеңесіне қаншалықты құлақ түрдіңіз. Әкеңіз қандай адам еді

Абай: Е, балам. Әкем менің дана еді ғой. Әкем жайлы білгің келген екен,  ендеше тыңда . жүр анау жерге жайғасайық.

(сахнадан шығып кетеді)

Жүргізуші : 21 жасар Абай мен әкесі Құнанбайдың әңгімесі

Абай: Ассалаумағалейкум әке ,

Құнанбай:  Уағалейумассалам балам. Саған көптен бері  айтпақ болып жүрген сөзім бар еді.

Абай:  Құлағым сізде әке.

Құнанбай. :  Сенің бойыңда үлкен үш мін бар.Сен, жұрттың бәріне күліп сөйлейсің.Жайдақ су сияқтысың.Жайдақ суды ит те, құста жалайды.кісіге қадірің болмайды. Екіншісі көрінгенмен жақсы боласың. Кісі талғамайтын кісінің қасына ел үйір келеді.Ел алатын қылық ол емес. Үшінші мін орысшылсың.Иә балам, орысшылсың.орыстың дұшпандығын ұмытасың.

Абай  :   Әке, қолында құралы бар берең сараңға тиетін шыңыраудағы судан гөрі, қойшы қолаң, жарлы жақайдың бәріне пайдасы тиетін жайдақ суды артық деп білем.

Екінші айтарым қазақ ескі заманда бір қора қой сияты болды.Бір қора қойды жалғыз қойшы шәйт дес өргізіп, әйт десе жайылтатын болған .Бертін келе ел түйе сияқты болды. Шетіне тас тастап шөйттеп бетін ғана бұратын .Ал енді біздің заманымызда жылқы тәрізді болды.Мұны  ақ қар , көк мұзда етегін  төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады. Еңбек сіңірген ғана басшы бола алады.   Орысшылсың дейсіз. Егер өнер білуден қашсақ ол надандық болар.Ол жақсылық болмс, әке.Мен өнер білім үшін ғана орысшылмын әке.

(сахнадан шығып кетеді)

Жүргізуші: болыстық қызметке   1866 жылдан бастап араласқан Абай бұл қызметті араға аракідік үзілістер салып,1878 жылға дейін атқарды.ел ішінің асқынған араздығын, жан аяспас жауыздыққа жетіскен жандардың арасын бейбіт жолмен жақындастырып, дау жанжалдарды адамгершілік тұрғысынан шешкен Абайдың бұл қадамдарына  ел жуандары зорлық пен озбырлыққа үйреніп қалған өз ағайындары тосқауыл қоюмен болды.Абай халықтың зорлықпен махаббатсыз атастырылатын салт –дәстүрін құптамай , әділ жолмен шеше жүріп, ел жуандарына жақпады.

(сахнада Абай қолына домбырасын алып ,әуендетіп отырады. Сахнаға қолы байланған жас жігіт пен қыз шығады)

Қыз: Абай аға сізді болыс болды дегенді естіп әділ шешім қабылдайды деп сізді паналап келдік.Өзім кедей Жұмабектің қызымын.Оразбай шал мені өзіне айттырып келіпті.Ал менің өз сүйгенім Дастан өзім сияқты кедей жігіт. Оразбайдан қорқып екеуміз қашып кеткен едік , жолдан Оразбайдың адамдары ұстап алып , Дастанды  өлімші етіп сабап кетті.Енді мені ертең үкім шығарып , салттымызға кір келтірді деп атқа сүйремекші.

Анасы: Абай аға, әділдігін айтыңыз. Маған Оразбайдың дүниесі емес, қызымның бақыты маңызды. Кедейді қорғансыз деп байлардың осындай үстемдігі болса бұл елден кетейік.

Абай : Махаббатсыз дүние бос өлеңін оқиды. Оразбайды шақырыңдар қане.

(Оразбай келеді) 

Оразбай: ия Абай шақыртыпсың.

Абай: Оразбай бір емес –бірнеше әйелің бола тұра, дүниеңді алдыға тартып, кедейге күш көрсетуіңе жол болсын. Мұсылмандықта қыз келісімін бермесе ,зорлықпен әйелдікке алуға рұқсат жоқ.Жас қыздың обалына қалма. Босат қызды. Сүйгеніне барсын.

Оразбай: сен болыс болып тұрғанда кедейлерлің заманы жүрді. Ата бабадан келе жатқан бұл дәстүрге қарсы тұратындай сен кім едің соншама.мені шатып бұтып оқыған діни сауатыңмен жеңдім деп тұр екенсің. Дегенің болсын. Бірақ бір сазайыңды аларсың менен.

(кетіп қалады. Қыз бен жігіт , анасы Абайға  жақын келеді)

Жігіт: Абай аға осындай әлеументтік теңсіздікті әділ шешіп бергеніңізге алғысым шексіз. Осындай мен сияқты қолында малы жоқ жас жігіттердің арманы сіз болыс болып тұрғанда әділ шешіледі деп білемін. Алланың нұры, пайғамбарымыздың шапағаты болсын сізге.

(шығып кетеді.  Абай қолына қағаз қалам алып , ойланып отырады. ) 

 Жүргізуші :

Абай ел арасында ұрлық жасағандарға қатаң үкім шығарды, солардың кейбірі екінші осындай жиркенішті кәсіпке енді қайтып оралғысы келмейтіндей жағдайға жетті.Абайдың алдында болғандығын аңыз етіп айтып отырды.

(саханаға үш жігіт шығады)

Бірінші жігіт :  Е, құдай енді   Абайдың алдына ұрлықпен апармасын 

Екінші жігіт: Не сонщалық кісі жейтін адам ба. 

Бірінші жігіт:  Ойбай айтпа.Оның алдына өтірікпен бара алмайсыңЖаның қалса шын сөзіңнің арқасында қалады.әуелі ұрлықпен ұсталып Абайдың алдына барып көрсеңші.

Екінші жігіт: Не істейді сонда.арқаңа темір қыздырып баса ма

Бірінші жігіт :Бір  жолы үстіме суық суды құйып теріге илегені бар емес пе. Жә оны қойшы  бәрінен бұрын жауап алуға келгенде ұяттан өле жаздайсың.ұрлаған малың түгілі шындығыңды қалай айтқаныңды білмей қалдым.

Үшінші жігіт:  әлгі Абайға шығарған өлеңіңді айтып берсеңші.

Екінші жігіт:  Күнту болыс болғанда жортқаным ай

                       Керей менен найманды торытқаным ай

                      Қазы менен қартаны кертіп шайнап 

                     Абай болыс болғанда қорыққаным  ай   (күледі)

Бірінші жігіт : жоқ жігіттер бұларың жарамас. Абай аға дұрыс айтады. Біздің жасап жүрген тірлігіміз жиркенішті .мені енді өлтірсеңдерде мұндай іске бармаймын. Асымды адал жолмен табамын. Сендерге мен қосылмаймынн қош болыңдар.

Үшінші жігіт: Әй , тоқта қайда барасың. Мына Абай сонша біздің жеп отырған нанымыздан айыратын құдірет пе соншама. Жүр сазайын берйік. Жүр .

(екеуі сахынадан шығап кетеді) 

(сахнада жас Абай  . болыс болып отыр. Қолында қалам Өлең оқып отырады. Өлең оқып болған соң әлгі екі жігіт кіріп келеді )

Бірінші жігіт: Әй Абай сен бізді жөнге салмай ақ қой. Сен біздің асымыздан айырдың. 

(абайды соққыға жығып кетеді. Басы жарылған Абай төсегінде құлап қалады. Мұңды музыка ойнатылады. Сол музыканың ырғағымен абай қалың елім қазағым қайран жұртым өлеңін оқиды.Өлең оқып болған соң сырттан бағана кетіп қалған бірінші жігіт пен тағы бір жігіт кіріп келеді.

Бірінші Жігіт: Абай аға сізді соққыға жыққандардың сазайын беремін. Мені жөнге салған сізсіз. 

Абай:  Жоқ інім мен кек алғанды ұнатпаймын. Мені ұрып кек алам десе өздері білсін. Кек алу менің әкем Құнанбайда болмаған. Сондықтан мен кештім оларды. 

(сахнадан шығып кетеді. Сахнаға бірінші Абай  мен жас жігіт шығады. )

Жас жігіт : Иә , Абай аға сіз әке жолын жақсы ұстанған екенсіз . сізді бүгінгі жастардың бас қосу кешіне шақырамын. Бүгінгі жастардың барлығы сіздің өлеңдеріңізді жарыса оқиды. Соның куәсі өзіңіз болыңыз . жүріңіз жастар күтіп қалды.

(сахнаның екінші жағына барып тұрады. Сахнаға жастар шығады)

Жастар: Қош келдіңіз Абай аға .Біз сіздің өлеңдеріміз бен оянып, өлеңдерімізбен ұйықыға кетеміз.Қане бізді тыңдап көріңізші.

(ақырын музыка ойнатылады. Тақпақтар мен қара сөздер бірінен соң бірі оқылады.Өлең оқылып болған өлең оқығандар сахынадан шығып кетеді.  Күйшілер мен Әншілер келеді.  )

Күйшілер : Абай аға біз сіздің Торжорға күйіңізді үйреніп алдық .соны сізге орындап берейік.

Торжорға күйі орындалады.

  • Әншілер : Абай аға бізде сіздің әндеріңізден құр алақан емеспіз. Біздің де әнімізді тыңдап көріңіз.
  • Көзімнің қарасы.  Орындайтын Рахым Дінмұхаммед
  •  Сегіз аяқ       орындайтын Жанатқызы Гаухар
  • Бойы бұлғаң   орындайтын Туйебаева Айтолқын  Фархат Назира 
  • Желсіз түнде жарық ай. Орындайтын жігіттер тобы.


-Жас бала: Абай аға өзіңіз көріп отырсыз сіздің өлеңдеріңіз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Сіздің жолыңызды ұстанған мына жастарға батаңызды беріңіз

Абай : бата береді 



Жүргізуші: Осымен эстетикалық пәндер әдістемелік –бірлестіктің онкүндігі аясында ұйымдастырылған  біздің сыныптың  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әдеби драмалық сазды кеші аяқталды. Келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің бас көшбасшысы Сейтахметова Ғалия Акылбековнаға береміз.