«Абай 175 жыл» мерей тойына орай ұйымдастырылған поэзия минуты » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2019

«Абай 175 жыл» мерей тойына орай ұйымдастырылған поэзия минуты

Тақырыбы: «Абай  175 жыл»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды  ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев  шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
 2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
 3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
 Тәсілдері: ой қозғау,  сахналық көрініс, шығармашылық көрініс.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаев,  интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән- әуез
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
1.«Әке  толғау» күйі қосылып тұрады. Мамраимов   Ерасыл
Біреулерге болғанмен айдала,
 Басын иіп тәу етеді бар дана.
 Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
 Құдіретіңнен айналайын, сардала.
2.1-жүргізуші 
Кіріспе. Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар! Қош,келдіңіздер! 
Биыл қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 175 жылдығын тойламақпыз.
 Жүрегімнің түбіне терең бойла,
 Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
 Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
 Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.
 «Ұлы  Абайдың   175» жыл мерей тойына орай ұйымдастырылған  поэзия   минутын  ашық деп жариялаймыз.
 
2-жүргізуші
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
 Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
 Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
 Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
3. Негізгі бөлім: 
Көрініс: Абай ауылы.Оқушыларды Абай ауылына отырғызу.
Құрметті   оқушылар сіздер Абай ауылына  қош келдіңіздер.
Бәріміз  тақтаға назар аударсақ.
ВИДЕО көрсетеміз Абай  өмірі
Слайд   Абай    өміріне   
Абай Құнанбаев- қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.
Ой-толғаныс.
Гаухар апай
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай  қара сөздерімен танысайық. 
Көрініс: Абайдың  бала кезіне саяхат.
Анасы  бала Абайды қасына шақырып,бір қара сөз оқып беруін сұрайды.
  1. Бала Абай  
2 З Жұмабай  Ислам
1.Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
2 Ә   Жақып    Кәусар
2.Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)
2-жүргізуші
Асыл сөзді іздесең,
 Абайды оқы, ерінбе.
 Адамдықты көздесең,
 Жаттап, тоқы көңілге-демекші поэзия минутына кезек берейік.
2 кезең «Өлең – сөздің патшасы...» Мәнерлеп оқу  
1.Жазғытұры 2 «А» Кемелжан  Тұмар
Жазғытұры  қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар  жердің жүзі.
Жан-жануар,адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер  күннің көзі.
Жаздың  көркі   енеді жыл құсымен,
Жайрандасып  жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбандасар  өзінің   тұрғысымен.
2. Қыс  2 «Ә» Жақып   Кәусар
Ақкиімді,денелі ақ сақалды,
Соқыр,мылқау танымас  тірі жанды.
Үсті –басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы-үскірік,аяз бен қар,
Кәрі  құдаң-қыс   келіп,әлек салды.
Ұшпадай  бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
3. Қыс  2 «Б»
Өлсе  табиғат ,адам өлмес.
Өлсе  табиғат ,адам өлмес.
Ол бірақ қайтып келіп,ойнап-күлмес.
«Мені» «мен» «менікінің» айрылғанын
«Өлді»деп ат  қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге  бой алдырған,
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма,айлаңдаршы,
Өлметұғын артына сөз қалдырған?
4. Қыс  2 «В»Бакитыбай  Дастан
Кім жүрер  тіршілікте  көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Міні  қайда  екенін   біле алмассың,
Терең  ойдың телміріп соңына  ермей.
Дүниеге дос ақиретке  бірдей  болмас,
Екеуі  тап бірдей орныға  алмас.
Дүниеге  ынтық,махшарға амалсыздың
Иманын  түгел деуге  аузым бармас.
5. Әсемпаз болма әр неге 2 «Г» Мадинова Ясмина
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалаң?
Қайрат  пен ақыл жол табар,
Қашқанға  да, қуғанға.
ӘЙділет,шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
6. Адамның  үш байлығы: 2 «Д» Әділжан Азамат
Әуелгі  байлық-денсаулық,
Екінші байлық-еңбегің,орнататын   бақшы-бау,
Үшінші байлық-дос,туыс,олар барды алмас жау.
Тоғыз жауың тағы бар:
Басты жауың-жалқаулық,сорлататын жаныңды,
Осалдығың-аңқаулық,соқтыратын саныңды,
Жасқаншақ болсаң-ұры алар,қоралап қойған малыңды.
Жалатқызбас жасықтық-аузыңдағы балыңды.
Өтірік  айтсаң  өңмеңдеп,жоғалтарсың арыңды,
Өсек терсең  телмеңдеп,суға кетірер салыңды.
Көпірме босқа мақтан ғып,түкке тұрмас барыңды,
Көрінгенге жалтақтап,бола алмайсың жағымды,
Біреуді алдап,арбаумен аша алмайсың бағыңды.
ӘН    6 сынып
7. Жаз 2 «Е»  Оралбек   Іңкәр
Жаздыгүні  шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының,
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат,айғырлар,биелер
Бүйірі шығып,ыңқылдап,
Суда  тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылбдап,
Арасында құлын- тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басыпбылқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
8. Жастықтың оты  жалындап.2 «Ж»Бақтыбай Нұрәділ
Жастықтың  оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Уайым аз,үміт көп,
Ет ауырмас бейнетке.
Бүгін-ертең жетем деп,
Көңілге алған дәулетке.
Қайратпен кіріп жалынбай,
Ақылмен тауып айласын,
«Мен қалайға?»салынбай6
Жылы жүзбен жайнасын.
9. Жақсылық  ұзақ тұрмайды 2 « И » Абубакир  Мирас
10. 2 « К »  Ұлықпан   Жантөре
11. 2 « Л »  Тоқатасын Аян
12. 2 « М »  Бектұрсын  Нұрислам
13. 2 « Н »  Тоқтар Әмина
Күй Қоғалай
Ән   Ыдрыс Дана Абай әндері «Көзімнің  қарасы,көңілімнің санасы»,«Желсіз түнде жарық ай»
Ойды түйіндеу
Гаухар апай
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кеткен дара ақынымыз Абай Құнанбаев мәңгі есімізде.
 Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
4. Қорытынды: Назира
Ол – Абай, дара ақын, дана ақын.
 Қалдырған дәмді, асыл сөздің парқын.
 Әр сөзі үлгі – өнеге, жанға сая,
 Тілге жеңіл, жүрекке өте жақын.
(Көркем сөз оқыған  оқушыларды марапаттау)