«Ертегілер еліне саяхат» сахналық қойылым » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2019

«Ертегілер еліне саяхат» сахналық қойылым

Күні:16.10.2019ж
Мұғалімнің аты – жөні:Абуева А.Е Алиясқарова А
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
 Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
 Түрі: ертегі еліне саяхат
 Әдіс – тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
 Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, интерактивті тақта,шырша ағаштары,жапырақтар,ойыншықтар.
 Барысы:
1-жүргізуші:Армысыздар!Құрметті де,қадірлі қонақтар,ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Бүгінгі 3-сыныптар арасында ұйымдастырып отырған «ертегілер еліне»саяхатқа қош келдіңіздер!Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз!
Олай болса,сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болайық!
Директордың орынбасары:Муса Ляззат Тәңірбергенқызы
Директордың орынбасары:Кайыпова Бұлбұл Зупаровна
Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі:Мешітбаева Гүлмира
2-жүргізуші:Кел онда ертегіні шертейік біз.
                       Қауымды мына келген ертейік біз.
                       «Ертегілер еліне»бір саяхаттап,
                        Келегендерді соңымыздан ертейік біз.
1-жүргізуші:Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық.Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.Қарсы алыңыздар алдарыңызда өнер көрсететін «Қызыл телпек» ертегісі.
Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.Қыз іжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына:
Анасы:-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып,жағдайын біліп қайтшы,-дейді.
Қызыл телпек:-Жарайды,анашым,апарып берейін,-деп бәліш пен май салынған себетті алады.
Автор:Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.
Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып,гүл теріп,асықпай жүрді.Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.
Қасқыр:- Қызыл телпек,сен қайда барасың?-деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
Қызыл телпек:-Мен әжемнің үйіне барамын,оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын,- дейді қыз.
Автор: Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.
Қасқыр: - Ал әжең қайда тұрады?- деп сұрайды қасқыр.
Қызыл телпек:- Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі дейірменнің жанында,диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып берді.
Автор:Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,қызға тиіспейд.Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
Қасқыр:-Жарайды,мен сенімен бірге сол ауылға барып,әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын,кел екеуіміз жарысайық.Сен мына жолмен бар,мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.
Автор:Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді.Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.
Қасқыр:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі: -Бұл кім ? – деп сұрайды .
Автор:Қасқыр дауысын жіңішкертіп.
Қасқыр:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.
Автор:Бұл кезде ауырып,төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:
Әже: Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.
Автор:Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.
Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.
Қызыл телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Қасқыр:-Бұл кім ?-деп даусын жіңішкертіп
Қызыл телпек:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.
Автор:Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:
Қасқыр:-Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.
Автор:Қызыл телпек ішке кіріп,әжесінің жанына керуетке келіп отырады.
Қызыл телпек:
-Әже,әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен ?
Қасқыр:
-Мен сені жақсы көру және есту үшін!
Қызыл телпек:
-Әже,әже неге сіздің тісіңіз үлкен?
-Бұл сені жеу үшін!- деп Қызыл телпекті жеп қояды.
Автор:Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп төсекте қарны қампыйп жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді де,қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.
2-жүргізуші:Келесі өнер көрсететін  «Түлкі мен қоян»ертегісі
1-жүргізуші:Алдарыңызда өнер көрсететін «Шалқан» ертегісінің қойылымы.
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
 Бір күні атай шалқан екті де:
 Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
 Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады. (1 - сурет)
 Әже: Мен көмекке келдім.
 Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
 Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
 Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
 Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
 Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
 Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
 Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
 Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
 Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады. (2, 3 - сурет)
 Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
 Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін.
Алдарыңызда өнер көрсететін 3 «Д»сыныбының оқушысы Ахметулаева Сабина мен Кадырсызова Кәуардың  орындауында «Ертегілер елі» әнін қарсы алыңыздар!
Қорытынды:Сөз кезегін қазылар алқасына беремін.