«Әйгілі катюша» атты макет жасау сайысы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2019

«Әйгілі катюша» атты макет жасау сайысы

Эстетикалық пәндер –әдістемелік бірлестігінің  онкүндік іс-шарасы аясында                                                                                           
6-сыныптар арасында ұйымдастырылған  «Әйгілі катюша» атты макет жасау сайысының сценариі.
Мақсаты: Заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбиенің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы, дара тұлғаны жан-жақты тәрбиелей отырып, оның бойындағы ішкі мүмкіндіктерін ашу
Міндеті: Оқушы қызығушылығы бойынша жұмыстар жүргізу,  шығармашылық жобалар жасату
Өтілу барысы :
(сахна безендірілген,  тақырып, гүл шар ілінген.Баяу үнмен әскери әндер орындалып тұрады)
Жүргізуші :
 Көктесін жас ағаш одан әрі
Өткен күн қайтадан жанбайды 
Әлемнің бар сәби балалары 
Тұрсын тек ұйқысы қанған соң
Армысыздар аяулы ұстаздар мен  шығармашыл оқушылар. Ұлы Жеңіске -75 жыл толуына орай осы еліміздің жеңіске жетуіне көптеп себепкер болған, соғыс жылдарында пайда болған қарудың бірі Катюшаның макетін жасау сайысымызға қош келдіңіздер.
Бұл сайысымыз екі кезеңнен тұрады.
1. Әр сынып өзін таныстырады
2. Жасаған жобаларын қорғайды .
3. Сұрақтарға жауап береде
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін
  1. Әділ қазылар алқасының төрағасы мектебіміздің бас  көшбасшысы, мектеп директоры Сейтахметова Галя Акылбековна                     
  2. Директордың оқу- тәрбие ісінің орынбасарлары Кушалиева Гүлмира Шабанбаевна     
  3. .Жайлганова Камила Мурсаловна     
  4. Биниязова Ақбота Жолдыбаевна        
  5. Утеулиева Раушан Шамшаевна     
  6. Барақбаев Айтулған  Жұмақанұлы    
  7. Әбілдаев Бауыржан Сүлейменұлы                                                                            
Жүргізуші :
Шанағында ойнаған үніне еш тоймаған 
Қасиетті домбыра 
Күмбірлеген күйіңе 
Әрдайым мен сүйінем 
Қасиетті домбыра . 
«Катюша әні »  Орындайтын «Баламайсан» домбырашылар ансамблі.                                              

Ортаға жас домбырашыларымызды шақырамыз  .
Жүргізуші: 
Өлеңшінің сөзі алтын,
Өнерлінің қолы алтын .ендеше сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
(Сайыскерлерін өзін таныстырады)
Жүргізуші: 
Балалардың көрейік жобаларын.
Екінші тур макеттерін қорғау.
Үшінші тұр сұрақтарға жауап беру.
Жүргізуші : Күй . Боранбаев Исламның орындауында   Түркештің күйі «Көңіл ашар» .
 Келесі сөздің кезегін мектебіміздің бас көшбасшысы , мектеп директры Сейтахметова Галя Акылбековнаға береміз.
Осымен сіздерге арналған байқауымыз аяқталды .сау саламат болыңыздар