Ауа толы айнала » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2019

Ауа толы айнала

Сабақтың тақырыбы:   Ауа толы айналаМұғалімнің аты-жөні:Акылбаева.М
Күні:    04.12.2019ж
 Сыныбы: 2»Д»
Сабақ негізделген оқу мақсаттары2.3.2.3 - ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылуөткізгіштігін зерттеу 
2.1.2.3 - бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
Сабақ  нәтижесі:Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. 
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.        
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: 
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау  критерийіЖеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
РесурстарОқулық, суреттер, тәжірибеге әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.арналған 
Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,тәжірибе, көрнекілік. Рефлексия.
Сабақтың жоспары
ЖоспарланғануақытСабақ барысы :Бағалау түрлері
Басталуы
 1 минут
I.Ұйымдастыру бөлімі. Қонақтармен амандасу
Сыныпты топқа бөлу. Қағазға топ аттары жазылады. 
Психологиялық дайындық.
 Қоңырау соғылды,
 Сабағымыз басталды
 Уақытымызды жоғалтпай,
 Тер төгейік тыным таппай.
1 «Азот»
2 «Оттегі»
3«Көмірқышқыл газы»
4»Жер»
 5»Табиғат»

Барлығы хормен айтады.
3 минҮй тапсырмасын тексеру. Тест.
1.Жердің ауа қабаты
А) Атмосфера     Ә)Оттегі         Б)Жер
2.Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар?
А) Доп, машина, телефон, сағат
Ә) Ауа, тамақ, жылу, жарық
Б) Кітап, дәптер, сызғыш, бор.
3.Ауа-бұл....
А) сұйық зат   Ә)қатты зат        Б)газтәрізді зат
4. «Егер ауа болмаса, онда....» Дұрыс жауапты белгіле
А) Планета өлі аспан денесіне айналады
Ә)жануар мен өсімдіктің кейбір түрлері жойылып кетеді
Б)тірі ағзалар дем ала алмайды
5.Ауаның ластану көзін көрсет:
А) өрт пен жанған алау
Ә) автокөліктен бөлінетін газдар
Б) қуыршақтармен ойын
Тақтаға дұрыс жауап ілінеді, оқушылар жұп болып,  ауысып тексереді.
1.А     2.Ә          3.Б      4.Б       5.Ә
Бағалау
«қате жоқ» - өте жақсы  (қате жоқ оқушылар 3 рет қолдарын шапалақтайды)
«1 қате» - жақсы (1 қатесі бар оқушылар екі рет қолдарын шапалақтайды»
«2 -3 қате» біліміңді шыңдай түс ( 2-3 қатесі бар оқушылар бір рет қолдарын шапалақтайды»
Бағалау.
Қол шапалақтау арқылы
3 шапалақ
2 шапалақ
1 шапалақ
Жаңа білім
12 минут
Жаңа тақырып                     
Жұмбақ шешейікші.
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
 Бұл не?...Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу) Оқушылар жауа
Қалай  ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?
Сабақтың соңында     қандай  жетістіктерге  жетеміз деп ойлайсыңдар?
Дескриптор: 1.ауаның тыныс алу үшін қажеттігін анықтайды
                       2.ауасыз тіршілік жоқ екенін анықтайды
                      3. Ауаның жануды қолдайтынын анықтайды
                     4.ауаның жылуды қолдайтынын анықтайды
Сабақтың  тақырыбы     мен  мақсатын таныстыру.
Дәптермен серпу арқылы желді сезінеді.
Не сезіндіңдер? (жел)
Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді.
Проблемалық сұрақ.
  1. Ауа деген не, ол қайда, неге ұқсайды – талқылау.
  2. Ауаның құрамында нелер бар? 
Ауаның құрамы:
Азот-78%
Оттегі-21%
Көмір қышқыл газы-1%
 Тұжырым:Сонымен, ауа дегеніміз - бұл газ, дәлірек айтсақ, газдар қоспасы.
Ауаның маңыздылығын анықтау.   
Деміңізді ұстап қанша уақытқа дейін тұра аласыздар?
 Демді сақтағанда қандай күйде болдыңыздар?
/Оқушы жауабы тыңдалады/
 Бұл жағдайдан қандай қорытынды шығаруға болады?
/Адам ауасыз тіршілік ете алмайды./
Қосымша материалдарды түсіндіру.
Жылуды сақтау.
Неліктен тон, тоқыма киімдер денені жылы ұстайды?
Қайсысы жылырақ: қалың жүннен тоқылған қолғап па, әлде бірінің сыртынан бірін қабаттап киген жұқа қолғап па?
  Солтүстік жануарларының әр қылшығының ортасында қуыс түтікше болады. Ол күн сәулесін теріге өткізіп, жылуды ұстап тұрады.
         Тері, қауырсын, мамық, мақта, киіз және басқа да осы сияқты заттар жылуды жақсы сақтайды. Себебі олардың арасында ауа бар. Терезе әйнектерінің арасындағы ауа да суықтан қорғайды.
Ауа бүкіл кеңістікті толтырады. Ауа жылуды нашар өткізеді әрі оны сақтайды.
Әрбір дұрыс жауапққа фишкамен(жарайсың,ақылдым,бүгін сабаққа жақсы қатыстың)бағалау
.
Әрбір дұрыс жауапққа фишкамен(жарайсың,ақылдым,бүгін сабаққа жақсы қатыстың бағалау
Сергіту сәті
2 минут
Сергіту сәті 
Саусақпен мұрын қысайық.
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенің ұғайық.
-Балалар, сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
-Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
Оқушылар сергіп қалады.
2 мин
2 мин
2 мин
2 мин
3 мин
Тәжірибе жасау арқылы дәптермен жұмыс
Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз. Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауымыз тиіс.
№1 тәжірибе
 Әрбір топқа түрлі  шарларды береді.
  • Шарларды үрлеу .Шарлар неліктен көлемін өзгертті? (Себебі, шарлар ауаға толтырылды).
  • Шарды босатқанда, ауаға не болады? (Ауа кеңістікке тарап кетті)
  • Қалай ойлайсыздар, ауаның көлемі бола ма?
(Ауаның нақты көлемі болмайды) Түртіп алу әдісімен ауаның қасиеттерін жазып отыру
  • Шардағы ауа қайда кетті? Ол көзге көріне ме?
(Ауа барлық жерде, ол көзге көрінбейді).
№2 тәжірибе. Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.
Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.
Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз.
№3тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады. 
№4 тәжірибе. Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. 
№5 тәжірибе.  Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.
 А) Оның біреуін стақанмен жабу.
Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.
Б) Үшіншісін ашық қалдыру. 
Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.
Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.
Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса,  су құю керек
Сабақты бекіту.

Әр топ ауаның қасиеттері туралы кластер құрастырады және оны қорғайды.
 
Әртүрлі шарлар, доп, май шам, банка, стакан
фишкамен(жарайсың,ақылдым,бүгін сабаққа жақсы қатыстың
Бағалау
3 мин
  • Рефлексия
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар. 
  • Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Ең басты сабақта не ұнады?
  • Қай кезең сендерге қиындық туғызды?
-Өздерін бағалау. «Ақылды үкі» әдісі бойынша үкілер стикерін  жапсырады.
    


Түсіндім   Сұрағым бар                        Түсінбедім                                                                                  
«Ақылды үкі» 
Үйге тапсырма: Оқу. Мазмұндау. 
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік қорғау ережелері
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе?
 Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?