Хаттама №7
ХАТТАМА №7
№ 7 директор жанындағы кеңес
Мерзімі: 28.03.2025ж.
Қатысқан мұғалімдер саны- 103
Қатыспағандар саны-4 (себепті)
Күн тәртібінде:
1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы;
2. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау;
3. Алфавиттік кітапты жүргізу талаптарының орындалуын бақылау;
4. 10г,д, 11в,г сыныптарында геометрия пәнінің оқытылуын бақылау;
5. 5г,д,е,ж,з сыныптарында көркем еңбек пәнінің оқытылуын бақылау;
6. Спорт секциялары мен үйірме жұмыстарының жүргізілу деңгейі бақылау;
7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігін өткізуін бақылау;
8. 2е, 3ж,о сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен қазақ тілі сабағында жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау;
9. 11а,ә,б сыныптарда география пәнінің оқытылуын бақылау;
10. 9в,г,д,е сыныптарында көркем еңбек пәнінің оқытылуын бақылау;
11. Тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау;
12. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау;
13. Эстетикалық пәндер мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау;
14. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау;
15. ІІІ тоқсандық жиынтық бағалауға жасалған модерация жұмысының қорытындысын бақылау.
Тыңдалды:
Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А.Сейтахметова кеңеске қатысушы педагогтерге кеңесте қаралатын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
Кеңес төрайымы бірінші мәселе өткен директор жанындағы кеңес шешімінің орындалуына тоқталып, атқарылып жатырған жұмыстарды бағалап өтті.
Екінші мәселе мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау нәтижесі бойынша әлеуметтік педагог Р.Б. Бейсенова сөз алды.
Бақылау кезінде бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және дұрыс тамақтану бұрышында теңдестірілген дұрыс тамақтану туралы ақпаратпен орналастырылуы, сыныптардың тамақтану кестесі, буфетте талапқа сай тағамдар сатылатындығы, күрделі асқазан ауруына әкелетін коммерциялық газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды атап айтқанда: гамбургерлер, ход-догтар, чипсы, кириешки, сағыздар, қуырылған бәліштерді қолдануға жол берілмеу қатаң қадағаланатынын айтты. Сонымен қатар мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия асханаға, ас блогына тексеріс жүргізді. Сапа мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттары бар. Тамақ өнімдерінде жарамдылық мерзімдерінің болуы және сақталуы, сертификаттар, сәйкестік туралы декларациялар, келіп түскен өнімнің сапасы, нормаларға сәйкестігі, тамақ өнімдерін жеткізушілермен жасалған шарттар талапқа сай деп танылғанын айта кетті. Тексеру мониторингі барлық параметрлер бойынша құжаттары және тамақтану сапасына жүргізілген тексеру талапқа сай деп танылды.
Үшінші мәселе алфавиттік кітапты жүргізу талаптарының орындалуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова Ақбота Жолдыбаевнаға сөз кезегі берілді. Алфавиттік кітап 2 кітаптан тұрады, кітаптың нысаны бекітілген үлгіге сәйкес келетінін айтты. Сондай-ақ кітаптың беттері нөмірленіп, тігілген және мөр басылғанын, оқушылардың деректері дұрыс және толық енгізілгенін айтып өтті. Қабылданған немесе шығарылған оқушылардың деректері тоқсандық есеп негізінде енгізіліп отырады, соңғы жаңартулардың мерзімі көрсетілген. Кітапты жүргізуге жауапты тұлға анықталған.Талап етілген құжаттар (бұйрықтар, есептер) сақталып, тіркелген. Тексеру нәтижесінде сыныптар бойынша әр оқушының алфавиттік нөмірінің дұрыс жазылғандығын сынып папкасындағы әр оқушының алфавиттік нөмірі алфавит дәптерімен тексеріліп шықты. Еш сыныптан кемшілік анықталған жоқ. Мектепке жаңадан келген оқушылар алфавиттік кітапқа енгізіліп алфавит нөмірі берілген. Мектептен басқа мектепке ауысқан оқушылар алфавиттік кітаптан дер кезінде шығарылған. Сөз соңында алфавиттік кітаптың жүргізілуі талапқа сай екенін айтты.
Төртінші мәселе 10г,д, 11в,г сыныптарында геометрия пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. Куламбаева Бактыкул Лесбековна 4.03.2025ж күні 10 «Г» сыныбына геометрия пәнінен «Кесіндіні берілген қатынаста бөлу» тақырыбында сабақ өтті. Кіріспе бөлімде өткен тақырыпқа шолу жасап, координаталық жүйе мен нүктелер арасындағы қашықтық формуласын еске түсірді. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу формуласы бойынша координаталарын табу тәсілін көрсетті. Сабақ барыснда оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тақтаға есептер шығарды, тақырыпты жақсы түсінді. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан не үйренгені туралы рефлексия алынды. Сабақ мақсатына жетті.
Дуйсенбиева Гульнара Тилеужановна 4.03.2025ж күні 10 «Д» сыныбына геометрия пәнінен «Кесіндіні берілген қатынаста бөлу» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ бойы мысалдар нақты өмірмен байланыстырылды. Оқушылар практикалық есептерді орындау барысында өзіндік ойлау мен логикаларын көрсетті. Формативті бағалау арқылы оқушылардың жауаптары мен әрекеттеріне кері байланыс берілді. Сабақ мақсатына жетті. Туменбаева Жазира Куандыковна 6.03.2025ж күні 11 «В» сыныбына геометрия пәнінен «Цилиндр, конус және шардың жазықтықпен қималары» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалімнің әдістемелік дайындығы жақсы, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Сабақ мақсаты толық орындалды. Кузенбаева Айсулу Шукпанкызы 6.03.2025ж күні 11 «Г» сыныбына геометрия пәнінен «Цилиндр, конус және шардың жазықтықпен қималары» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ жоспары тақырыптық -күнтізбелік жоспар бойынша жазылған, талапқа сай. Мұғалім сабақты түсіндіруде сызбалардың көмегімен визуалды әдісті кеңінен қолданды. Сабақ кеңістіктік ойлауды дамытуға бағытталған. Тапсырма орындау барысында әр дененің жазықтықпен қималары салынды. Сабақ соңында ауызша бағалау мен өзін-өзі бағалау элементтері қолданылды. Сабақ мазмұны әдістемелік тұрғыдан жақсы ұйымдастырылған. Мұғалім визуалды материалдарды тиімді пайдаланып, оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға қол жеткізілді. Сабақ мақсатына жетті. Сөз соңында ДОІЖО Биниязова А.Ж. әр мұғалімге берілген ұсыныстарға жеке тоқталып өтті.
Бесінші мәселе 5г,д,е,ж,з сыныптарында көркем еңбек пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Раушан Шамшиевна сөз алды. Байбалаева Самал Турсынбековна 5 «Г» сыныбына «Музыкалық аспаптар құрастыру» тақырыбында сабақ өтті. Психологиялық ахуал жасалды. Сыныпты Домбыра және Жетіген музыкалық аспаптар арқылы топқа бөлді. Үй тапсырмасы музыкалық аспаптардың артында жасырылған сұрақтарға жауап алу арқылы болды. Оқушылармен еркін қарым-қатынас жасай алады. Оқушыларда оқу дағдысы қалыптасқан. Мұғалім тарапынан қойылған ашық сұрақтарға кейбір оқушылар белсенді жауап бере алды, берілген тапсырмаларды орындауға тырысты. Мұңашбай Аружан Серікқызы 5 «Д» сыныбына «Дизайн және технология» тақырыбында сабақ өтті. Әр түрлі материалдан жасалған күнделікті қолданылатын заттармен таныстырды.Құрылымдық материалдар және олардың түрлері туралы түсініктеме берді.Композиттік материалдарды таныстырды. Ағаш пен араланған материалдардың әртүрлі тұқымдастарының үлгілерімен суреттерін көрсетіп таныстырды. Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөлісті.Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Дуйсенбекова Айгуль Сакеновна 5 «Ж» сыныбына «Музыкалық аспаптар құрастыру» тақырыбында сабақ өтті. Психологиялық ахуал жасалды. Сыныпты Даңғыра және Дауылпаз музыкалық аспаптар арқылы топқа бөлді. Мұғалімнің іс-әрекеті мақсатына сәйкес болды. Ұсынылған тапсырмаларды оқушылар толық орындай алды. Даңғыра аспабының жасалуы туралы бейнебаян көрсетілді. Мұғалім қолданған түрлі тапсырмалар оқушыларды қызықтыратыны байқалды. Барлық білім алушыларға ресурстар мен оқу материалдары толық қол жетімді. Білім алушылар көркемеңбек пәні бойынша терминдерді аспаптар жасауға термин сөздерді жақсы қолдана біледі, түсінді. Реимжан Раидин Реимжанович 5 «З» сыныбына «Дизайн және технология» тақырыбында сабақ өтті. Оқушыларды оқулықтағы негізгі тақырыппен таныстырды. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін видео ролик арқылы таныстырды. Әр түрлі материалдан жасалған күнделікті қолданылатын заттармен таныстырды. Құрылымдық материалдар және олардың түрлері туралы түсініктеме берді. Композиттік материалдарды таныстырды.
Исахан Әйгерім Исаханқызы 5 «Е» сыныбына «Дизайн және технология» тақырыбында сабақ өтті. Оқушыларды оқулықтағы негізгі тақырыппен таныстырды. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін QR код арқылы ашып мәлімет бергізді. Әр түрлі материалдан жасалған күнделікті қолданылатын заттармен таныстырды. Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, сұрақтарға жауап берді. Жауабын зерттеу дәптеріне жазып, суретке түсірді. Бақылау жүргізілген барлық сабақтар жақсы деп бағаланды, мұғалімдер сабақ мақсатына жете алды, білім алушылар мен мұғалімдердің арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Сонымен қатар мұғалімдерге айтылған ұсыныстарға жеке-жеке тоқталып өтті.
Алтыншы мәселе спорт секциялары мен үйірме жұмыстарының жүргізілу деңгейі бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Фарида Картанбаевнаға сөз кезегі берілді. Мектебімізде өнер, спорт салалары бойынша 7 үйірме секциясы бар. Футбол қыздар үйірмесінің жетекшісі Жұманов Серік, оқушы саны-18. Қамтылған қыздар командасын құрып, мектеп ішінде дайындық жұмыстарын жасайды. Волейбол үйірмесне 23 қыз қатысады, жетекшісі Қасен Тұйғын. Қалалық, аудандық, аймақтық жарыстарға қатысып, біршама жетістіктерге жетті. Ұлттық мектеп лига «Шұбар доп» Ауданнан 3-орын 5-6 сынып қыздар. Ұлттық мектеп лига «Шұбар доп» Ауданнан 1-орын 7-8 сынып қыздар.
Алматы қаласы дене шынықтыру Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық іріктеу Республика күніне 2008-2009 жылғы қыздар арасында 2-орын иеленді. Алматы қаласы дене шынықтыру Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық іріктеу 8- наурыз күніне 7-8 сынып қыздар арасында ІІІ орынмен мараптталды. Алматы қаласы дене шынықтыру Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық іріктеу 8-наурыз күніне 9-11 сынып қыздар арасында І орын, Республикалық кезеңге жолдама Шымкент қаласына алды.
Футзал жетекшісі Исрайлов Жасұлан , оқушы саны - 22. Оқушылар арасында жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Үстел теннисі жетекшісі Батталов Адилжан, оқушы саны-12. Үйірме жұмыстары алдын ала жоспарланып, оқу жылының басында бекітілген. Оқушылардың қызығушылықтары бар, жетістіктеріде аз емес. Әрбір оқушының сабақтан тыс жұмысқа қатысуы арнайы журналда тіркелген.
Футбол ұлдар жетекшісі Мухаметчанов Есен , оқушы саны-28. Жеңіл атлетика жетекшісі Саламатов Бейбит, оқушы саны-20. Үстел теннис жетекшісі Есімбек Дидар, оқушы саны-20. Үйірме жоспарлары толық толтырылған, қатысу журналы талапқа сай толтырылған.
Жетінші мәселе қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігін өткізуін бақылау нәтижесі бойынша ӘБ жетекшісі Намазиманова Адеми Ахатована сөз алды. Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігінің «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен тілінде» тақырыбында онкүндігі өтті. Онкүндік барысында түрлі іс-шаралар жүргізілді. Соның ішінде пән бойынша интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар білім алушылардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер білім алушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал білім алушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша білім алып, бойларындағы қабілеттерін ұштай түсті. Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде мұғалімдер « Талант- табиғаттан, талап -өзіңнен» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр білім алушыны қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен теңестіруші тұлға екендігіне бағыттады. Онкүндікке ат салысып белсене қатысқан білім алушылар мен мұғалімдер марапатқа ие болды. Іс-шаралардан озық ой, тың идея, тартымды талантымен үздік шыққан оқушылар мен ұстаздарымызды марапаттау үшін кезекті «Қызық премия» айдары беріледі. Оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің алтын қоржынын жетістіктерімен толтырып, мектебіміздің мәртебесін өсірген ұстаздар мен оқушыларымызға «Әрбір бала-бір жұлдыз» , «Дарындыны дарын таниды» жұлдызшасы табысталды.
Сегізінші мәселе 2е, 3ж,о сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен қазақ тілі сабағында жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Абилдаев Б.С. сөз алды. Бақылау барысында 2 Е, 3 Ж,О сыныптардың қазақ тілі пәніне қатысып мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын, баламен жұмыс жүргізу әдістерін талқыладық. Оқушыға сыныптарда ыңғайлы жағдайлар жасалынған. Оқушы алдынғы қатарға отырғызылған. Жеңіл тапсырмалар беріліп, баланың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сергіту жұмыстары жүргізілді. Мұғалім оқушының ерекшелігін ескеріп, тиімді жұмыс атқарды. Кейбір оқушыларға жеке көмек қажет екені анықталды. Бұл бағытта арнайы мамандармен тығыз жұмыс қажет. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылар сабақ барысында мұғалімнің нұсқаулығын орындайды, басқа жаққа алаңдамайды, сыныппен жағымды қатынас бар екені байқалады. Мұғалімдерге ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында, олардың оқу стиліне сәйкес тапсырмалар дайындау, мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарларға қатысу, арнайы педагог пен психологпен жүйелі жұмыс жүргізу туралы ұсыныстар берілді.
Тоғызыншы мәселе 11а,ә,б сыныптарда география пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. География пәні 11 А, Ә, Б сыныптарында аптасына 1, жылына 34 сағатты құрайды. Зерделенетін іс-әрекеттердің бағыттары бойынша география пәні сабақтарына қатысып, талдау жүргізілді. 12.03.2025ж. күні 11а сыныбында «Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өтті. Пән мұғалімі Кенжегулова Жазира Жумалиевна. ҚМЖ өз дәрежесінде жазылған. Бағалау түрлері орын алды. Тапсырма орындаған оқушыларды ауызша мадақтап, толықтыра отырып, кері байланыс жасап отырды.Оқушының ғылыми түрде сөйлеуіне көңіл бөлінді. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушыларға кері байланыс жасалып отырылды және сабақ барысында оқудағы нәтижелері көрсетіліп, бағаланды. Тапсырмаларының көлемі және күрделілігі білім алушының жас ерекшелігіне сай келеді. АКТ-ны білім берушіні оқытуды қолдау үшін пайдаланады. Білім берушілермен тапсырмаларды орындау кезінде деңгейлері төмен оқушымен жеке жұмыс түрлерін көбірек беру және ғылыми тілдік сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу ұсынылды. 13.03.2025ж. күні Ахметова Галия Париддиновнаның 11ә сыныбында «Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі» таырыбында сабағы өтті. Мұғалімнің іс-әрекетін бақылау барысында сабаққа жан-жақты дайындалған, сабақ жоспарға сай, оқу әрекеті оқушыларға бағытталған. Белсенді оқыту сабақ бойы жүзеге асты .Топтық, жеке жұмыстар орындау барысында , оқушылардың өзара кері байланысы жүзеге асты. Сабақ бойы оқудағы нәтижелері көрсетіліп, топтық жұмыс ауызша, жұптық және жеке жұмыстар баллдық жүйемен бағаланып отырылды. №71 кабинет талапқа сай жабдықталған, оқушылардың жұмыс дәптерлері, БЖБ және ТЖБ жұмыстары уақытылы тексеріліп, оқушыға комментарийлер жазылған. Білім берушіге теориялық білімнің өмірмен байланысына көбірек көңіл бөлінді, оқушыны ғылыми түрде сөйлей білуге дағдыландыра білген, әдістер түрлерін көбірек қолданған. АКТ білім ресурстарын көбейту ұсынылды. 13.03.2025ж. күні 11б сыныбында «Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ болып өтті. Пән мұғалімі Кенжегулова Жазира Жумалиевна. Білім берушінің іс-әрекетін бақылау барысында мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалған, сабақ жоспарға сай, оқу әрекеті білім алушыларға бағытталған. Оқуға қажетті ресурстар тиімді қолданылып, белсенді оқыту сабақ бойы жалғасады. Топтық,жұптық жұмыстар барысында әр –түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушыларға кері байланыс жасалып отырылды және сабақ барысында оқудағы нәтижелерін көрсетіліп,бағаланды. №59 кабинет жабдықталған, оқушылардың жұмыс дәптерлері таза, тапсырмалар уақытында орындалған. ББЖ мен ТЖБ жұмыстары тексеріліп, критерий бойынша бағалау жұмыстары жүргізілген. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының көлемі және күрделілігі білім алушының жас ерекшелігіне сай келеді. Білім берушіге теориялық білімнің өмірмен байланысына көбірек көңіл бөлу, оқушыны ғылыми түрде сөйлей білуге дағдыландыру, әдістер түрлерін көбірек қолдану, білім ресурстарын көбейту ұсынылды.
Оныншы мәселе 9в,г,д,е сыныптарында көркем еңбек пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. Токмагамбетова Нагима Утжановна 9г,е,д,в сыныптарында «Бұйымды әзірлеу. Әрлеу» тақырыбында сабақ өтті. Психологиялық ахуал жасалды. Сыныпты жиһаздардың түрлері арқылы топқа бөлді. Үй тапсырмасы көгершіндерге жасырылған сұрақтарға жауап алу арқылы болды. Мұғалім қолданған түрлі тапсырмалар оқушыларды қызықтыратыны байқалды. Барлық білім алушыларға ресурстар мен оқу материалдары толық қол жетімді. Білім алушылар көркемеңбек пәні бойынша терминдерді жиһаздар жасауға термин сөздерді жақсы қолдана білді, түсінді. Білім алушылар сабақ соңында алған білімдері туралы кері байланыс берді. Искендіров Бауыржан 9в,г,д,е сыныбына «Бұйымды әзірлеу. Әрлеу» тақырыбында сабақ өтті. Оқушыларды оқулықтағы негізгі тақырыппен таныстырды. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін видео ролик арқылы таныстырды. Әр түрлі материалдан жасалған күнделікті қолданылатын заттармен таныстырды. Құрылымдық материалдар және олардың түрлері туралы түсініктеме берді.Композиттік материалдарды таныстырды. Ағаш пен араланған материалдардың әртүрлі тұқымдастарының үлгілерімен суреттерін көрсетіп таныстырды. Білім алушылар көркемеңбек пәні бойынша терминдерді аспаптар жасауға термин сөздерді жақсы қолдана біледі, түсінді. Мұғалімдерге әдіс-тәсілдердің түрлерін көбірек қолдану, білім ресурстарын көбейту ұсынылды.
Он бірінші мәселе тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Ф.К. сөз алды. Тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік даму деңгейін арттыру, тәрбие жұмысының сапасын жақсарту, оқушылардың мінез-құлқындағы оң өзгерістерге жету үшін аса маңызды екенін айтты. Білім алушылардың бойында өзін-өзі бағалау, өз әрекеттерін бақылау қалыптасқан. Балалар өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсініп, өз әрекеттерін жақсартуға тырысады. Сонымен қатар мектеп оқушылар «Біртұтас тәрбие аясында» «14-наурыз – Көрісу күніне» «Ананың аялы алақаны», «Шын жүректен кітап сыйла», «Сүйікті кітаптарымның беттерінде» тақырыптарындағы бірқатар аудандық, қалалық челлендждарға қатысты. Тәрбие сағаттарының өтілуі талапқа сай және жоспарлы түрде жалғасын табатынын сөз соңында айта кетті.
Он екінші мәселе сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Отарбаева Назгуль Серикована сөз алды. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау — білім беру процесінің маңызды бөлігі. Бұл оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, шығармашылықтарын арттыруға және тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Спорттық жарыстар - дене тәрбиесіне баулу және командалық рухты қалыптастыру. Осы аталған сабақтан тыс жұмыстар атқарылып келеді. Спорт саласы бойынша бақылау жұмыстары жасалынды. №26 ЖББ мектепте 7 үйірме секциясы бар. 2024-2025 оқу жылы барысында мектепте сабақтан тыс жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық, танымдық және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді. Сабақтан тыс жұмыстардың қамтылуы оқушылардың 85%-ы түрлі бағыттағы үйірмелер мен шараларға тұрақты түрде қатысты. Әсіресе өнер, спорт және тіл үйрену саласындағы үйірмелерге сұраныс жоғары болды. Жыл бойына 50-ден астам іс-шара өткізілді: байқаулар, олимпиадалар, мерекелік кештер, сенбіліктер. Іс-шаралар оқу-тәрбие жоспарына сай ұйымдастырылып, уақытында өткізілді. Әрбір үйірме жетекшісі қатысушылар туралы журнал жүргізіп отырды. Мерзім сайын әкімшілік тарапынан ішкі бақылау жүргізілді.
20-дан астам оқушы қалалық және аудандық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Сабақтан тыс жұмыстар олардың тәртібі мен сабақ үлгеріміне де оң әсерін тигізді.
Он үшінші мәселе эстетикалық пәндер мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. Мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарлары талапқа сай құрылған. Қысқа мерзімді жоспарлар күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жасалғанын айтты. Қысқа мерзімді жоспарда оқу бағдарламасының бөлімі, педагогтің аты-жөні, сабақты өткізу күні, сыныпта сабаққа қатысқандар мен қатыспағандардың саны, сабақ тақырыбы, оқу мақсатына сәйкес оқыту мақсаттары, сабақтың мақсаты толық қамтылған. Сабақтың барысы бойынша сабақтың кезеңдері мен уақыты дұрыс бөлінгеннің айтты. Сонымен қатар бірнеше ұсыныстар берілгенін айтып, ұсыныстарға тоқталып өтті.
Он төртінші мәселе мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО бекмедетова Ф.К. сөз кезегін алды. Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара әрекеттестікті бақылау – тәрбие мен оқыту сапасын арттыруда маңызды құрал болып табылады. Ата–аналар жиналысы кесте бойынша уақытылы жүргізіліп жатқанын айтты. 9-сыныптарда «Су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлауының алдын алу», «Ата-ана құзыреттілігі – бала болашағы» тақырыптарында ата-аналар жиналысы болды. 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі қандай?» тақырыбында жиналыс өтті. Ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тренингтар жасалды. «Сіз балаңызды қаншалықты танисыз?» тақырыбында оқушылардың видеолары көрсетіліп, сұрақ-жауап алынды. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, қосымша ақпараттар алынды. Баяндама барысында әр іс-шараның сует дәлелдемелері көрсетілді. Сөз соңында мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуін бақылау – тәрбиелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған маңызды проццес екенін, бұл бақылау арқылы тиімді байланыс орната отырып, оқушылардың дамуындағы қиындықтарды уақытылы анықтап, оларды шешуге бағытталған нақты қадамдар жасай алатынымызда айтты.
Он бесінші мәселе ІІІ тоқсандық жиынтық бағалауға жасалған модерация жұмысының қорытындысын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. Мектепішілік бақылаудың № 55 бұйрық негізінде 2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары (ТЖБ) бойынша модерация нәтижесі тексеріліп, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық жұмыстары 2024-2025 оқу жылындағы әдістемелік нұсқауға сәйкес жүргізілген 2-11 сыныптардан алынған. Білім алушылар тоқсандық жиынтық жұмысына толықтай қамтылған, жұмыстар талапқа сай тексеріліп, бағалау шкалалары сақталып, бағалары электронды журналға қойылған. Аталған ТЖБ жұмысы бойынша модерацияға өтініштер түспеген, білім алушылар әділ бағаланып, таныстырылған. 2024-2025 оқу жылының ІІІ тоқсанындағы ТЖБ жұмыстарындағы берілген тапсырмалар жоспар бойынша талапқа сай алынған, бағаланған. Білім алушылар тарапынан модерацияға өтініштер түспеген.
Шешім:
1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;
2. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
3. Алфавиттік кітапты жүргізу талаптарының орындалуын бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
4. 10г,д, 11в,г сыныптарында геометрия пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстарды орындау пән мұғалімдеріне жүктелсін;
5. 5г,д,е,ж,з сыныптарында көркем еңбек пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстарды орындау пән мұғалімдеріне жүктелсін;
6. Спорт секциялары мен үйірме жұмыстарының жүргізілу деңгейі бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігін өткізуін бақылау
8. 2е, 3ж,о сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен қазақ тілі сабағында жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстарды орындау пән мұғалімдеріне жүктелсін;
9. 11а,ә,б сыныптарда география пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстарды орындау пән мұғалімдеріне жүктелсін;
10. 9в,г,д,е сыныптарында көркем еңбек пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстарды орындау пән мұғалімдеріне жүктелсін;
11. Тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
12. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
13. Эстетикалық пәндер мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар басшылыққа алынсын;
14. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
15. ІІІ тоқсандық жиынтық бағалауға жасалған модерация жұмысының қорытындысын бақылау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар жақсы деп бағалансын;
Мектеп директоры Сейтахметова Г.А.
Хатшы Жангабылова С.