Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2024

Хаттама №2

                                    №2 директор жанындағы кеңес 

Мерзімі: 31.10.2024ж.

Қатысқан мұғалімдер саны- 112

Қатыспағандар саны-2 себепті


Күн тәртібінде:

  1. Өткен ДЖК шешімінің орындалуы

2. «Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау

3.   7 г,д,ж,к сыныптарында қазақ тілі пәнінен оқытылуын бақылау

4. Балалардың жол көлік салдарынан жарақаттануының алдын алу бойынша бақылау

5. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау

6. Бастауыш  сыныптар әдістемелік бірлестігінің апталықтар мен онкүндіктерді өткізуін бақылау

7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау

8.  1 және 5 сыныптардың бейімделу кезіңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау барысын бақылау

9. 9ә,и,з сыныптарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын бақылау

10. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау

11. Ерекше қажеттілікті талап ететін оқушылардың сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылау

12. 1 тоқсан бойынша модерация жұмысының қорытындысын бақылау

13. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау


Тыңдалды:

      Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А.Сейтахметова кеңеске қатысушы педагогтерге кеңесте қаралатын күн тәртібіндегі   мәселелермен таныстырып өтті. Өткен директор жанындағы кеңес шешімінің орындалуына тоқталып, атқарылып жатырған жұмыстарды бағалап өтті.

Екінші мәселе«Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Раушан Шамшаевна сөз алды. Барлық 139 сыныптар бойынша оқушылар туралы мәлімет толық журналға енгізілгендігін, пәндер бойынша сабақ кестесі, әр пән бойынша сынып журанлдары толық қамтылғандығы туралы мәлімет беріп өтті. Журнал НОБД базасы бойынша сәйкес екендігін, пәндер бойынша уақытылы толытырылып, оқушылардың формативті бағалары уақытылы қойылып отырады деп ақпарат беріп өтті. Оқу жоспарының  сабақтар бойынша оқу бағдарламаларының толық орындалуын бақылау барысында, журналдарда кемшіліктер анықталған жоқ. Сабақ кестелері барлық сыныптарда толық толтырылған, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары жазылған. БЖБ және күнделікті оқу үдерісі бойынша оқушылар уақытылы бағаланып, ата – анаға хабарлама жіберіліп отырған деп мәлімет берді. Пән мұғалімдерінің оқушыларды бағалауы бойынша бірнеше қателіктер жіберілгендігіне тоқталып өтті. Тоқсан соғында БЖБ,ТЖБ бағаларын түзеткен және тоқсандық бағаларды түзеткен бірнеше мұғалімдерге тоқталып өтті. Бұл кемшіліктер тоқсанның аяғында анықталды деп мәлімдеді. БЖБ.ТЖБ мағаларын түзеткен мұғалімдер:

  1. Куралбаева А.
  2. Заханова А.
  3. Оспанбекова И.
  4. Джанаева Р.
  5. Өмірбай Б.
  6. Раева Б.
  7. Сәуірбай Б.
  8. Ажгалиева Л.
  9. Нурбосинова М.
  10. Өтеміс А.
  11. Оразбекова К.
  12. Сабаева Г.
  13. Бименді Л.
  14. Алимбаева Н:
  15. Жаканова Н.
  16. Кожакова Г.
  17. Аханова А.
  18. Рсалиева Н.
  19. Бегимова А.
  20. Бектұрғанова Г.
  21. Меліс Ә.
  22. Нұрбаева А.

Мұғалімдердің балл мен бағаларды қоюда бірнеше рет түзеткендігі туралы тоқталып өтті.

Үшінші мәселе 7 «Г», 7 «Д» 7 «Ж», 7 «К» сыныптарында қазақ тілі пәні сабақтарына қатысу, талдау, мұғалімдердің  сабақты  жүргізудегі   кәсіби  құзыреттілігін  және оқушылардың қызығушылығын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі ӘБ жетекшісі Намазиманова А. сөз алды. Сабақ барысында мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушылардың іс-әрекетіне тоқталып өтті. Сыныптардың сапасы туралы мәлімет берді. Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныстары

1. Оқушылардың белсенділігін көтеру;

2. Оқушылардың қызығушылығы мен білімдерін арттыру мақсатында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануңа кеңес берді.                                                                                                                                         

Төртінші мәселе балалардың жол көлік салдарынан жарақаттануының алдын алу бойынша бақылау нәтижесінің қорытындысымен ДТЖЖО Бекмедетова Ф.Қ. сөз алды. 2024-2025 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай   жасалған «Жолда жүру ережесін сақтайық!» негізге ала отырып, Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция капитаны И.М.Дарикуловпен бірлескен жылдық жоспар жасалып бекітілді деп мәлімдеді.

       Сонымен қатар 1-4 сыныптар арасында жолда жүру ережесіне байланысты сынып сағаттары өткізіліп, 5-11 сыныптар арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алатау ауданы Ішкі істер басқармасымен бірлесе отырып «Балалардың жолда жүру қауіпсіздігіне» байланысты 1-8-сыныптар арасында Алатау аудандық ЮПБ ЖПҚ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.І. Зиятбековпен кездесу өткізілді деп мәлімдеді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты мектепішілік  жүргізілген іс-шаралар бойынша да мәліметтер берді.    Қорыта келгенде, білім алушылар арасынан жол көлік салдарынан жарақат алған және зардап шеккен жоқ деп есеп берді.

Бесінші мәселе мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау нәтижесі бойынша әлеуметтік педагог Бейсенова Р. сөз алды.

1-11 сынып оқушыларынан тегін ыстық тамаққа құжат жинау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларының орындалуы сақталды.


ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ:


  • Әлеуметтік қорғалмаған отбасының бала саны                        – 86

Оның ішінде:

  • Көп балалы отбасының бала саны                                                – 60
  • Аз қамтылған отбасының бала саны                                           – 26
  • Қамқорлыққа алынған бала саны                                                   – 8

ОНЫҢ ІШІНДЕ 

  • 1-4 сынып бойынша аз қамтылған бала саны                            – 43
  • 5-11 сынып бойынша аз қамтылған бала саны                           – 43 


 «Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруда» құжаттардағы өзгерістердің дұрыс іске асырылуын бақылау мақсатында "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР №ДСМ-76 бұйрығын, 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығын, Алматы қаласы Білім басқармасының 2024 жылғы 04 қаңтардағы №42.1-42/9-И хатын басшылыққа ала отырып мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау комиссиясы 2024 жылдың 07.10.–11.10. күндері бақылау жүргізді. 

            Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және дұрыс тамақтану бұрышында теңдестірілген дұрыс тамақтану туралы ақпаратпен орналастыру орындалды (перспективалық мәзір және әр күнге тағамдардың фотосуреттері бар мектептік тамақтану бөлімінде Интернет-ресурста орналастыруға).

Сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған. Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады. Күрделі асқазан ауруына әкелетін коммерциялық газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды атап айтқанда: гамбургерлер, ход-догтар, чипсы, кириешки, сағыздар, қуырылған бәліштерді қолдануға жол берілмеуі  қадағаланады.

        Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай деп мәлімет берді.

Алтыншы мәселе бастауыш  сыныптар әдістемелік бірлестігінің апталықтар мен онкүндіктерді өткізуін бақылау нәтижесі бойынша ӘБ жетекшісі Ақылбаева М. сөз алды.

       Мектебімізде ағымдағы оқу жылының 07 - қазан мен 18 қазан аралығында  «Бастауышым- бастамам, білім менен әлемге жол бастаған» аттыонкүндік   іс-шарасы өткізілді деп мәлімдеді. Онкүндіктің мақсат міндеттерімен таныстырып, өткізілген іс-шараларды слайд арқылы таныстырып өтті. Мақсат толықтай орындалды деп есеп берді.

Жетінші мәселе қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі ӘБ жетекшісі Намазиманова А. сөз алды. 2024 жылдың қыркүйегінде  мектепішілік бақылау шеңберінде барлық мұғалімдердің қысқа мерзімді  жоспарларына тексеру жүргізілді. Пән мұғалімдеріне  қысқа мерзімді     

 жоспарларын жоспарлауға қойылатын              талаптар бойынша алдын ала ұсыныстар берілді, ӘБ отырыстарында талқыланды, келісілді. Тексеру көрсеткендей, КТЖ МББСС талаптарына сәйкес құрастырылған, жоспарлау кезінде мұғалімдер ҚР ҚМ және ғылым ұсынған оқу бағдарламаларын пайдаланған. Күнтізбелік - тақырыптық жоспарларымен оқу жоспарына сәйкес келеді, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрастырылған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда: пәні, Сыныбы, сағат саны (жылдық,апталық, тоқсан бойынша, бөлімдер, сабақтардың №, оқушылардың білімін   бақылау бойынша сабақтардың саны және олардың түрлері: бақылау жұмысы, бақылау диктанты, бақылау сөздік диктанты, презентациялар, эсселер, практикалық және зертханалық жұмыстар, тесттер,сынақтар, БЖБ, ТЖБ). Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау мектептің барлық мұғалімдерінде түсіндірме жазбалармен құрастырылған. Түсіндірме жазбаларда пән жұмысының өзектілігі көрсетілген, алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттері нақты тұжырымдалған.Тексеру барысында анықталды. -ҚМЖ-сы болатын үлгілі педагогтер: Даутбаева Л,Бименді Л, Базарбекова М,Насырова А, Қожағұлова Г. Пралиева И .

        Барлық педагогтар тексеруге өз жұмыс бағдарламаларын уақтылы ұсынды. Негізі мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау талаптарын сақтаған. Оқу-тақырыптық жоспарлауда мұғалімдер бағдарламаның  бөлімдері мен тақырыптарын зерделеу ретін ашады.  Ескерткен қателіктерді мұғалімдер  уақытында барлық ескертулерді түзетті деп мәлімет берді.

Ұсыныс ретінде  ӘБ жетекшілері мұғалімдердің КТЖ-ін тексеру кезінде, КТЖ-ны жасағанға дейін құрастыру бойынша нұсқама жүргізген жөн екендігіне тоқталып өтті.

Сегізінші мәселе 1-5 сыныптардың бастауыш буыннан, негізгі орта буынға бейімделуін бақылау нәтижесі бойынша мектеп психологі Иманбекова М. сөз алды.

     Жоспарға сәйкес 2024 жылдың қазан айының бесінші жұлдызынан он тоғызыншы жұлдызы аралығында 5-сынып оқушыларының   оқу пәндеріне деген қарым- қатынасы мен   қызығушылығын  зерттеуге арналған   «Түймедақ» әдістемесі   жүргізілді.

Мектебімізде 5-сыныптар бойынша 13 сынып жасақталған. Барлық оқушы саны-337 . Қатысқан оқушы саны – 325.

5-сынып оқушысын пәндік оқуға бейімдеу.

Балада кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал ол орта сыныпқа келген кезінде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ береді, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптармен, жаңа мұғалімдермен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді деп мәлімдеді.  Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады, бастауышпен салыстырғанда сабақ оқуы нашарлайды, сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым – қатынаста қиындық сезеді. Яғни, баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, оларға жаңа сыныптастармен, мұғалімдермен қарым – қатынас жасауға көмектесу қажет.

Қорытынды: 5- сынып оқушыларының барлығы «Түймедақ» сауалнамасына қатысты, сүйікті пәндері: математика, қазақ тілі, әдебиет, дене шынықтыру, көркем еңбек, ал жақсы көретін пәндері: тарих, дүние тарих, ағылшын, музыка т.б

Ұсыныс:Оқушыларға жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі  пәндеріне қызығушылықтарын оята отырып, пән мұғалімдері оқушылардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін ескеру  және пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру қажет.

Әдістеменің мақсаты: «Түймедақ» әдістемесі арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтары мен көзқарастарын анықтау.

       Кеңес төрайымы Г.Сейтахметова жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сабақ беретін педагогтерге 5 сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында көбірек жұмыс жасауға, белсенді әдіс тәсілдерді қолдануға кеңес берді.

Тоғызыншы мәселе 9ә,и,з сыныптарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО А.Биниязова сөз алды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің жылдық  жоспары бойынша және қысқа мерзімді жоспарларындағы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау үшін 9ә,и,з сыныптарының сабақтары зерделенді деп  мәлімет берді.

Базарбекова Меруерттің    9 «Ә» сыныбында  «Жаһанданудың мәдени үдерістерге әсері» тақырыбындағы сабағы, Жақанова Назымның  9 «И» сыныбыда «Қазіргі жаһандық мәселелер . Ресми іс қағаздар стилі»  тақырыбындағы сабағы, Пралиева Индираның   9 «З» сыныбында «Қазіргі жаһандық мәселелер . Ресми іс қағаздар стилі» сабағына зерделеу жүргізілді. Сабақтың басында психологиялық ахуал тудыруда оқушылар белсенді болды. Оқушыларда оқу дағдысы қалыптасқан.  Мұғалім тарапынан қойылған ашық сұрақтарға кейбір оқушылар белсенді жауап бере алады, берілген тапсырмаларды орындауға тырысады. Мұғалім қолданған түрлі тапсырмалар оқушыларды қызықтыратыны байқалды. Барлық білім алушыларға ресурстар мен оқу материалдары толық қол жетімді. Білім алушылар арасында  қазақ тілін    жетік меңгерген, түсінеді. Кейбір оқушыларда өз ойларын айтуға тілдік кедергі бар екені байқалды.. Мұғалімнің құжаттары: тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары талапқа сай жазылған, мектеп басшысына бекітіліп, мөр қойылған. Оқу бағдарламалары, сағаттар көлемі оқу жоспарына сай жүргізілуде. Олқылықтардың орнын толықтыру папкасы бар, жоспар құрылған, ҚМЖ тапсырмалар кіргізген.

Ұсыныс ретінде Оқу әдістемелік кешенді, әдістемелік ұсыныстарды іздену, тереңдету ескертіледі. Мұғалім оқушыларға тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді қолдануда жас ерекшелігін ескеру. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды қолдануға кеңес берілді деп ақпарат берді.

 Оныншы мәселе Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі ӘБ жетекшісі Отарбаева Н.С. сөз алды. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің жылдық  жоспары бойынша және қысқа мерзімді жоспарларындағы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында 2024 жылдың қыркүйегінде  мектепішілік бақылау шеңберінде барлық мұғалімдердің қысқа мерзімді  жоспарларына тексеру жүргізілді. 

Тексеру көрсеткендей, КТЖ МББСС талаптарына сәйкес құрастырылған, жоспарлау кезінде мұғалімдер ҚР ҚМ және ғылым ұсынған оқу бағдарламаларын пайдаланған. Күнтізбелік - тақырыптық жоспарларымен оқу жоспарына сәйкес келеді, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрастырылған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда: пәні, Сыныбы, сағат саны (жылдық,апталық, тоқсан бойынша, бөлімдер, сабақтардың №, оқушылардың білімін   бақылау бойынша сабақтардың саны және олардың түрлері: бақылау жұмысы, бақылау диктанты, бақылау сөздік диктанты, презентациялар, эсселер, практикалық және зертханалық жұмыстар, тесттер,сынақтар, БЖБ, ТЖБ). 

        Барлық педагогтар тексеруге өз жұмыс бағдарламаларын уақтылы ұсынды. Негізі мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау талаптарын сақтаған. Оқу-тақырыптық жоспарлауда мұғалімдер бағдарламаның  бөлімдері мен тақырыптарын зерделеу ретін ашады.  Ескерткен қателіктерді мұғалімдер  уақытында барлық ескертулерді түзетті деп мәлімет берді.

Ұсыныс ретінде  ӘБ жетекшілері мұғалімдердің КТЖ-ін тексеру кезінде, КТЖ-ны жасағанға дейін құрастыру бойынша нұсқама жүргізген жөн екендігіне тоқталып өтті.

 Он бірінші мәселе 2024-2025 оқу жылында  ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларына   психологиялық-педагогикалық қолдап отыру, оның ішінде білім беру қажеттіліктерін ескере отыра,  ПМПК қорытындысы мен ұсынысы негізінде, әр балаға құрылған жеке бағдарламалары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен  келесі жылдың 25 мамырына дейін жүзеге асырылады.

2024-2025 оқу жылының  І тоқсанда  ПМПК қорытындысы негізінде,   19 ерекше білімді қажет ететін оқушылардың  оқу  бағдарламалары  анықталды. 

Жеке оқу бағдарламасымен - 9 оқушы: 

            1.  Бауыржан Аян           1 «Л» сынып

            2.  Мырзағұл Алихан     4 «К» сынып

            3. Базарбаев Азат           4 «В» сынып

            4. Серік Айсұлтан          5 «Г» сынып

            5. Отарбай Зере              5 «Е» сынып

            6. Әбен  Ерасыл             6 «Ж» сынып

            7. Мамиев Ислам           6 «В» сынып

            8. Таниберді Асылбек   6 «Б» сынып

            9. Уразалиева Балнур    7  «Г» сынып


Жалпы білім беру бағдарламасымен – 2 оқушы:

1. Хашимов Имаммагамет 3 «П» сынып

 2. Нұрали Нұрислам 1 «З» сынып


Бейімделген оқу бағдарламасымен - оқушы: 8

      1.Толепбатыр Дінмухамед 2 «Е» сынып

     2. Тогузаков Азамат 3 «О» сынып

     3. Төлепбатыр Сезім сынып

     4. Ахмет Даниал 4 «З» сынып

     5. Кеңесберген Нұрәли  6 «Г» сынып

     6. Танабай Аяла  5 «В» сынып

     7. Абдул Әліби  3 «Ж» сынып

     8. Еркін Асылжан  1 «М» сынып

І тоқсанды аяқтаған  -19 ЕББҚ бар балалар. Үшеуі   1 сынып оқушылары бағаланбайды. Үздік оқушылар  жоқ.  Екпінді 1 оқушы –Танабай Аяла диагнозы  (Қимыл аппаратының бұзылысы жеңіл психикалық дамуының тежелуі). Қалған  15 оқушы  «3»   бағасымен қанағаттарлық.

  ІІ тоқсанда ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар саны-   18 себебі, 

1 «М» сынып оқушысы Еркін Асылжан  І тоқсанды аяқтап, басқа мектепке ауысып кетті.

№ 486 бұйрық 05.12.2022 ж. ПМПК қорытындысы бар оқушылар МОДО-дан босатылады. И.Г. Елисеева, А.К. Ерсаринаның әдістемелік ұсынымы негізінде, жалпы сыныпта ЕББҚ 2 оқушыдан артық емес, әр оқушы 3 оқушының орнын басады. 

№ 399 бұйрық 16.09.2022 ж. бейімделген жалпы білім беру бағдарламасының күнтізбелік-тақырыптық жоспары осы бұйрық  негізінде құрылады.

1-4 сынып № 51 бұйрық, 5-9 сынып № 469 бұйрықтарына сай, жеке оқу бағдарламасымен оқытылатын жеңіл және орташа зерде бұзылыстары бар оқушыларға КТЖ-ны құрамыз деп мәлімет берді.

Он екінші мәселе 1 тоқсан бойынша модерация жұмысының қорытындысын бақылау нәтижесімен ДОІЖО Утеулиева Р.сөз алды. Мектепішілік бақылаудың  №183 бұйрық негізінде 2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары (ТЖБ)  бойынша модерация нәтижесіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

      Зерделеу барысында төмендегідей мәліметтер анықталды: 

Мектеп бойынша 1-11 сынып 139сынып комплектісі бар:

1-ші сыныптар саны -14,

2-ші сыныптар саны - 15,

3-ші сыныптар саны - 14,

4-ші сыныптар саны - 15,

5-ші сыныптар саны - 13,

6-ші сыныптар саны - 14,

7-ші сыныптар саны - 14,

8-ші сыныптар саны - 14,

9-шы сыныптар саны - 15,

10-шы сыныптар саны - 6,

11-ші сыныптар саны – 5.

         Жоспар бойынша тоқсандық жиынтық жұмыстары 2024-2025 оқу жылындағы әдістемелік нұсқауға сәйкес жүргізілген 2-11 сыныптардан алынған. Білім алушылар тоқсандық жиынтық жұмысына толықтай қамтылған, жұмыстар талапқа сай тексеріліп, бағалары электронды журналға қойылған. Аталған ТЖБ жұмысы бойынша модерацияға өтініштер түспеген, білім алушылар әділ бағаланып, таныстырылған.

     2024-2025 оқу жылының І тоқсанындағы ТЖБ жұмыстарындағы берілген тапсырмалар жоспар бойынша талапқа сай алынған, бағаланған. Білім алушылар тарапынан модерацияға өтініштер түспеген деп мәлімет берді.

Он үшінші мәселе мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Ф.сөз алды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметі балалардың әл-ауқаты ұғымына негізделген, өйткені ата-аналар баланы дамыту мен тәрбиелеуде басты рөл атқарады   деп таныстырды Мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында мектепішілік №153 бұйрық шығарылып,   1-11 сыныптар арасында жоспарлар құрылды. Жоспар бойынша ата-аналар жиналысы өткізіледі. Сонымен қатар мектепте «Даналық» жұмыс жасайды.

1-4 сыныптар арасында   жоспар бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында «Сапалы ұйқы балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.   Мақсаты: Баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Жауапты мұғалімдер: Г.Амантугелова, Г.Искакова, Қ.Жұманова, А.Алиаскарова.

5-9 сыныптар арасында   жоспар бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында «Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында  5-9   сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.    Мақсаты: Баланың оқуға және мінез-құлқын өзгертуге ата-аналардың және ұстаздардың  ықпалын нығайту.Жауапты сынып жетекшілері.

10-11 сыныптар арасында   жоспар бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында «Жасөспірімнің ұйқысы мен психикалық денсаулығы» тақырыбында   10-11  сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: Баланың оқуға және мінез-құлқын өзгертуге ата-аналардың  ықпалын нығайту. Жауапты сынып жетекшілері.

Қыркүйек, қазан айында ата-аналармен жиналыстар өткізілді.  «Оқушылардың өмір қауіпсіздігі» - мектеп директоры Г.А.Сейтахметова «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» педагог психолог М.М.Иманбекова. «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі»директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ш.Кушалиева  ата-аналармен жиналыс өткізді. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Қорыта келгенде ата-ана, оқушы, мектеп бірігіп жұмыс жасаған кезде ата-аналармен өзекті мәселелер шешіледі. өйткені ата-аналар баланы дамыту мен тәрбиелеуде басты рөл атқарады. Өзара сыйластық пен қолдау отбасының әрбір мүшесіне басқаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезінуге көмектеседі – бұл құндылықтар қақтығыстар мен дауларды тиімді шешу, ымыраға келу және бір-бірін түсіну қабілетін қалыптастырады деп мәлімет берді.





ШЕШІМ:

1. Өткен ДЖК шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;

2. «Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау нәтижесінде аты-жөні аталған кемшілік жіберген пән мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілсін және ауызша ескерту берілсін;

3.   7 г,д,ж,к сыныптарында қазақ тілі пәнінен оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан ескерілсін;

4. Балалардың жол көлік салдарынан жарақаттануының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын, жұмыс жоспарлы түрде жалғасын тапсын;

5. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайын бақылау нәтижесі өте жақсы, әрі қарай тамақтандырудың сапасы мониторинг комиссиясы тарапынан қатаң бақылауда болсын;

6. Бастауыш   сыныптар әдістемелік бірлестігінің апталықтар мен онкүндіктерді өткізуін бақылау нәтижесі бойынша онкүндік өте жоғары жеңгейде өтті деп бағалансын;

7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі жақсы, алдағы уақытта да қысқа мерзімді жоспарлардың дұрыс жазылуы бақылауда болсын;

8.  1 және 5 сыныптардың бейімделу кезіңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау барысын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстармен жұмыстар жүргізілсін; Жауапты сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері.

9. 9ә,и,з сыныптарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын

10. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау жақсы, әрі қарайда сабақ жосапарларының сабақтың мақсатына сай тиімді жазылуы ДОІЖО тарапынан бақылауда болсын;

11. Ерекше қажеттілікті талап ететін оқушылардың сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылау нәтижесі жақсы, әрі қарай жұмыстың жоспарлы түрде жүргізілуі бақылауда болсын. Жауапты Б.Абілдаев.

12. 1 тоқсан бойынша модерация жұмысының қорытындысын бақылау нәтижесі жақсы, оқушылардың дұрыс бағалануы, яғни модерация жұмыстары қажеттілікке қарай жүргізілсін;

13. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау нәтижесі бойынша атқарылған жұмыстар өте жақсы, әрі қарай жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын тапсын.


Мектеп директоры                                               Сейтахметова Г.А.

               Хатшы                                                                  Жангабылова С.


Похожие публикации: