Хаттама №6
ХАТТАМА №6
№ 6 директор жанындағы кеңес
Мерзімі: 28.02.2025ж.
Қатысқан мұғалімдер саны- 83
Қатыспағандар саны-1
Күн тәртібінде:
1.Өткен пед.кеңес шешімінің орындалуы
2. Kundelik.kz электронды журналды жүргізуді бақылау
3. 10-11 сыныптарда бейіндік пәндер бойынша оқушыларды оқыту сапасы
4. 1г,ж,з,л сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау
5.«Қамқорлық» акциясының өткізілуін бақылау
6. 10а,ә,б,в,г сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуын бақылау
7. Орыс тілі пәні бірлестігінің онкүндігі өткізілуін бақылау
8. 5в,г,е сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау
9. Биология, география пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау
10. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтауды бақылау
11. 7и,л,м,н сыныптарында информатика пәнінің оқытылуын бақылау
12. 8а,ә,б,в сыныптарында Қазақстан тарихы пәнінің оқытылуын бақылау
13. Қолайсыз отбасыларға, «Тәуекел топтары» оқушыларына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстың жай-күйі (жеке консультациялар)
Тыңдалды:
Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А. Сейтахметова кеңеске қатысушы педагогтерге кеңесте қаралатын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Кеңес төрайымы өткен директор жанындағы кеңес шешімінің орындалуына тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды бағалап өтті.
Екінші мәселе «Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау нәтижесі бойынша А.Ж. Биниязова сөз кезегін алды. Мектепішілік шығарылған 03.02.2025ж. күнгі №22 бұйрықты басшылыққа ала отырып сынып журналдарының жүргізілуіне тексеріс кезінде формативті бағаны жойған, өзгерткен және БЖБ балын бағаға айналдырғанда қателік жіберген мұғалімдер тізімделіп, тиісті шаралардың жүргізілгендігі туралы айтып өтті.
Үшінші мәселе 10-11 сыныптарда бейіндік пәндер бойынша оқушыларды оқыту сапасын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО А.Биниязова сөз алды.
Оқушылар 10 – сыныптан бастап таңдаған бағыттары бойынша жаратылыстану математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағытта оқиды деп мәлімдеді.
Мектептің барлық оқу жоспары, оқу жоспарының вариативті бөліміндегі таңдау сабақтар оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, бейімділіктерін ескере отырып, бейіндік оқытуға негізделген. 10-11 сынып оқушыларына жыл бойы болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдауларына байланысты жоғарғы оқу орындарының мамандарымен кездесулер, арнайы сауалнамалар алынып, кәсіби бағдар беру жұмыстары кең түрде жүргізіліп отырады.
Пән мұғалімдері тарапынан мектеп оқулығындағы материалды үнемі, жан-жақты түсіндіріп ұғындырумен қатар, оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, шешіп, жаңаша бір ізденулерін жаттықтырулары қажет етуді ескере жұмыс жасалуда. Оқушылардың білім, білік, дағдысын және білім сапасын анықтау, бейінді сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін шыңдау, жаңа технология бойынша сабақ өтетін мұғалімдер жұмысын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде деп ақпарат берді.
Төртінші мәселе 1г,ж,з,л сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Абілдаев Б. сөз алды. Бақылау барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу процесіне қатысу деңгейі бақыланды деп мәлімдеді. Оқушылардың тақырыптарды меңгеруі, мұғалімнің оқыту әдістері мен сабаққа пайдаланылған материалдары талқыланды деп мәлімет берді. 1-сынып оқушыларының ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту әдістерін жетілдіру қажет деп ұсыныс білдірді.
Бесінші мәселе «Қамқорлық» акциясының өткізілуін бақылау нәтижесі бойынша әлеуметтік педагог Бейсенова Р.Б. сөз алды. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының басты мақсаты – әлеуметтік күнкөрісі төмен, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ҚР заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына қолдау көрсету. 2024-2025 оқу жылының әр айында мектепішілік бақылаудың, әлеуметтік педагогтың және мектеп парламентінің жылдық жоспары аясында «Қамқорлық» акциясы әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік - педагогикалық қолдау көрсетіліп, «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға: 5-сынып, 6-сынып, 7-сынып, 9-сынып, 10-сынып жетекшілері атсалысып қамқорлық жасап, қайырымдылық көрсетті деп ссылкалар бойынша есеп берді.
https://www.instagram.com/p/DDYpP6KIrL6/?igsh=Y2xxNnZmMG1zcnNn
https://www.instagram.com/p/DDqz8x_IKTs/?igsh=NHp4djV6Z2pnNWtl
https://www.instagram.com/p/DD6pMvsIJvI/?igsh=Y2JwNTFmZjR6cDd5
https://www.instagram.com/p/DFCEhzXC3Vo/?igsh=emdoZmR2ZGs5ZXJl
https://www.instagram.com/p/DFw7woPIVKq/?igsh=dW9kd3U1cmhpMm5w
https://www.instagram.com/reel/DGQ29X3o8S_/?igsh=aHJlNDlvc3pnMXox
Алтыншы мәселе 10а,ә,б,в,г сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі Дуйсенбиева Г.А. сөз алды. айтылып өткен сыныптардың алгебра пәні мұғалімдерімен таныстырып өтті. Қатысқан сабақтарға сараптама жасалып, мұғалімдердің сабақтағы жетістіктері мен ұсыныстарын атап айтты.
Жетінші мәселе орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің өткізлуін бақылау нәтижесі бойынша ӘБ жетекшісі Шегибаева Р.Т. сөз алды. «Без языка не будет мир так дружен...» тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінде атқарылған іс-шараларды слайд арқылы таныстырып өтті. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді. Мұғалімдердің белсеніділікпен ұйымдастырған жұмыстары мен оқушылардың әрбір іс-шараға қызығушылықпен қатысқаны көз қуантарлық көрініс екенін сөз соңында айта кетті.
Сегізінші мәселе 5в,г,е сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Абілдаев Б. сөз алды. Аталған сыныптардағы білім алып жатырған ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға тоқталып есеп берді. Мектеп психологтарының және дефектолог, логопедтер тарапынан ұйымдастырылған жұмыстарға тоқталды. Пән мұғалімдерінің балаларға қабілетіне қарай тапсырмалар ұйымдастыратындығын да атап өтті. Қорытынды барысында оқытудың нклюзивті тәсілдері қолданылды деп мәлімет берді.
Тоғызыншы мәселе биология, география пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі Г.П. Ахметова сөз алды.
Барлық биология және география пәні мұғалімдері уақытылы қысқа мерзімді жоспарларын жасап отырған. Қысқа мерзімді жоспарлар күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жасалған. Қысқа мерзімді жоспарда оқу бағдарламасының бөлімі, педагогтің аты-жөні, сабақты өткізу күні, сыныпта сабаққа қатысқандар мен қатыспағандардың саны, сабақтың тақырыбы, оқу мақсатына сәйкес оқыту мақсаттары, сабақтың мақсаты толық қамтылған. (7-9 сыныптар аралығында параллель сыныптарда, 10-11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша параллель сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерде жоспар құрастырылған). Қысқа мерзімді жоспар бойынша сабақтың кезеңдері, сабақтың уақыты дұрыс бөлінген. Педагогтің, оқушының әрекеті дұрыс ұйымдастырылған. Бағалау, ресурстар толық қамтылған, үй тапсырмасы көрсетілген деп мәлімет берді.
Оныншы мәселе әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың құжаттарын жинақтауды бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖ орынбасары Бекмедетова Ф.К. сөз алды. Жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қаңтардағы №64 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №949 Қаулысын басшылыққа ала отырып мектепішілік жұмыстар ұйымдастырылды. 2024-2025 оқу жылы бойынша – күнкөрісі төмен отбасынан шыққан оқушылар анықталып, бұйрығы шығарылғаны туралы айта кетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығын негізге алып Республика мектептерінің 1-4 сынып оқушыларына бюджет қаражаты есебінен тегін тамаққа көшті. 1-11сыныптар бойынша әлеуметтік қорғалмаған (аз қамтылған) отбасының балалары анықталып, тізімі бекітілген деп мәлімет берді.
Он бірінші мәселе 7и,л,м,н сыныптарында информатика пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі Жиенбаева Ә.Н. сөз кезегін алды. Аталған сыныптарға информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдері туралы мәлімет берді. Зерделенген сабақтардың тақырыптарымен таныстырды. Сабақ барысында қолданған белсенді әдіс-тәсілдердің тиміділігі, сабақ барысындағы білім алушылардың белсенділігі, мұғалімнің бағалау үдерісін іске асыру шеберлігі туралы ақпарат беріп өтті. Жалпы зерттеу нысанындағы сабақ беретін пән мұғалімдеріне қосымша білім сайттарын, электронды оқулықтарды, әдіс-тәсілдердің түрлерін көбірек пайдалануға ұсыныс берілгенін айтты. Аталған сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің қысқа мерзімді сабақ жоспарлары күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес, талапқа сай жазылған деп мәлімет берді.
Он екінші мәселе 8а,ә,б,в сыныптарында Қазақстан тарихы пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша комиссия мүшесі А.Аханова сөз алды. Аталған сыныптар бойынша Қазақстан тарихы пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарлары күнтізбелік-тақырыптық жоспармен сәйкес, сабақ уақытылы өткізілгенін айтты. Сабақ үстінде оқушылардың белседілігі жақсы, жан-жақты терең меңгерту мақсатында қосымша ақпараттар берілгені туралы атап айтты. Ресурстарда оқулық, жұмыс дәптерлері, презентациялар, интернет ресурстары қамтылып, интер-белсенді әдіс-тәсілдердің түрлері қолданылып, рефлексия жасалғанын айта кетті. Сонымен қатар бақылау барысында жасалған ұсыныстар туралы мәлімдеді.
Он үшінші мәселе қолайсыз отбасыларға, «Тәуекел топтары» оқушыларына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстың жай-күйін (жеке консультациялар) бақылау бойынша әлеуметтік педагог Р.Бейсенова сөз алды.
2024 жылдың 1 қыркүйек айы мен 30 қазан айы аралығында сынып жетекшілер сыныптағы білім алушылардың үйлеріне тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жүргізді. Осы кезеңде мектептің әлеуметтік картасы жасақталды.
Қазіргі уақыттағы барлық оқушылар саны | 3682 | |
1 | 1-4 сынып бойынша | 1629 |
2 | 5-11 сынып бойынша | 2053 |
Әлеуметтік жағдайы бойынша | ||
1 | Көп балалы отбасынан шыққан оқушы саны | 1228 |
2 | Жалғыз басты ана тәрбиелеп отырған оқушы саны | 51 |
3 | Әкесі немесе анасы қайтыс болған отбасының оқушы саны | 114 |
4 | Ажырасқан отбасының оқушы саны | 462 |
5 | Өгей әкемен тұрып жатқан оқушы саны | 60 |
6 | Өгей анамен тұрып жатқан оқушы саны | 11 |
7 | Қамқорлыққа алынған оқушы саны | 6 (2 жетім, 4 ааққ) |
8 | Мүгедектігі бар оқушы саны | 24 |
9 | Ерекше білімді қажет ететін оқушы саны | 25 |
10 | Үйден оқитын оқушы саны | 8 (2 тұрақты, 4 уақытша) |
11 | Сәтсіз отбасынан шыққан оқушы саны | 6 оқушы 3 отбасынан |
12 | Мектепішілік тіркеуде тұрған оқушы саны | 3 |
«Бюджет қаражаты» және «Жалпыға міндетті оқумен қамту қоры» бойынша тегін тамақтанатын оқушылар туралы | ||
1 | 1-4 сынып бойынша | 1629 |
2 | 5-11 сынып бойынша | 47 |
3 | Мектеп асханасын жалға алушы есебінен тамақтанатын оқушы саны | 15 |
4 | АӘК алатын көп балалы отбасынан шыққан оқушы саны | 66 |
5 | АӘК алатын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы саны | 28 |
Мектептегі барлық өгей әкемен тұратын оқушылардың тұрмыс-жағдайлары тексерілді. Сынып жетекші тарапынан өгей әкемен тұратын оқушыларды бақылау күнделігі жүргізілуде. Оқушылармен тілдесу барысында өгей ата-анасынан ешқандай жәбір көрмейтіндігі анықталды деп мәлімет берді. Әлеуметтік педагог, педагог-психолог, сынып жетекшімен бірге жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың бейімділігі бақылауда болды.
Қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың отбасымен және тұрғын жайын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологымен бірге әкімшіліктің, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілердің, ата-аналардың сұраныстарын қабылдау: оқушылардың психологиялық ауытқушылығы, шиеленістік оқиғалар, отбасының сәтсіздігіне байланысты әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу, жекелей және топтық кеңестер беру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектептегі «Тәуекел топтары» оқушыларына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша жай-күйі бақыланды деп ақпарат берді.
Шешім:
1.Өткен пед.кеңес шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;
2. Kundelik.kz электронды журналды жүргізуді бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын, қайта қателіктер жіберілмеуі қатаң ескерілсін;
3. 10-11 сыныптарда бейіндік пәндер бойынша оқушыларды оқыту сапасы ұанағаттанарлық деп танылсын;
4. 1г,ж,з,л сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
5.«Қамқорлық» акциясының өткізілуін бақылау нәтижесі өте жақсы деп бағалансын;
6. 10а,ә,б,в,г сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
7. Орыс тілі пәні бірлестігінің онкүндігінің өткізілуі өте жақсы деп бағалансын;
8. 5в,г,е сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
9. Биология, география пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарлары талапқа сай жүргізілген;
10. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтауды бақылау нәтижесі қанағаттанарлық;
11. 7и,л,м,н сыныптарында информатика пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі қанағаттанарлық;
12. 8а,ә,б,в сыныптарында Қазақстан тарихы пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
13. Қолайсыз отбасыларға, «Тәуекел топтары» оқушыларына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстың жай-күйі (жеке консультациялар) қанағаттанарлық деп танылсын, жұмыс жоспарлы түрде жалғасын тапсын.
Мектеп директоры Сейтахметова Г.А.
Хатшы Жангабылова С.