Хаттама №5
ХАТТАМА №5
№ 5 директор жанындағы кеңес
Мерзімі: 31.01.2025ж.
Қатысқан мұғалімдер саны- 72
Қатыспағандар саны-3 курс
Күн тәртібінде:
1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы
2. Үйде оқытуды ұйымдастыруды бақылау
3. 5-9 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының оқытылуын бақылау
4. 5д,ж,з, 7а,ә,в сыныптарында дене шынықтыру пәнінің берілу жағдайын бақылау
5. 8д,е,ж,з сыныптарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын бақылау
6. Физика және химия пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау
7. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысты және мектептегі психологиялық-педагогикалық ахуалды бақылау
8. Математика пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау
9. Тәлімгерлік жүйесі қызметінің тиімділігін бақылау
10. «ЖЖЕ» оқу курсын жүргізуді бақылау
11. Биология пәнінен зертханалық жұмыстарында 7-9 сынып оқушыларының ізденіс қабілеттерін арттыруды бақылау
12. Тәрбие жұмысында нормативтік құжаттардың басшылыққа алынуын бақылау
13. 7г,6 б,в,ж,г сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау
14. 8а,ә,б,в,г сыныптарында геометрия пәнінің оқытылуын бақылау
15. Ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды бақылау
16. Медицина қызметкерлерінің жеке гигиена дағдыларын қаыптастыру бойынша профилактикалық жұмысының нәтижелерін бақылау
Тыңдалды:
Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А.Сейтахметова кеңеске қатысушы педагогтерге кеңесте қаралатын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
Кеңес төрайымы бірінші мәселе өткен директор жанындағы кеңес шешімінің орындалуына тоқталып, атқарылып жатырған жұмыстарды бағалап өтті.
Бірінші мәселе үйде оқытуды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. 2024-2025 оқу жылында 5 «А», 7 «Л», 8 «Ә», 9 «Л», 11 «Г» сыныптарында үйден оқитын оқушылар бар:
- Қайырғалиев Ермұхамет 7 «Л» сыныбы;
- Аманғали Ермұхаммед 5 «А» сыныбы;
- Марат Сабина 8 «Ә» сыныбы;
- Тлепберген Мадияр 11 «Г» сыныбы;
- Мадинова Диана 9 «Л» сыныбы;
- Сериков Ерболат 9 «Л» сыныбы;
- Мелс Бекзат 9 «Е» сыныбы.
Үйден оқитын оқушыларға оқу жоспар бойынша мектеп директорының бұйрығымен бекітілген, пәндерге пән мұғалімдері белгіленіп, сабақ кестесі құрылғананын айтты. Сабақ кестесі бойынша мұғалімдер үйден оқитын оқушылармен жұмыс жүргізіп, білім алушының денсаулығына байланысты және жас ерекшелігіне байланысты қосымша тапсырмалардың беріліп, пәннің күрделігіне байланысты нормаға сай жүргізіліп отыратындығы анықталғанын айтып өтті. Ата-анамен қатынас дәптері арналып, әрбір сабақ өтілген сайын ата-анамен таныстырылып, қол қойылып отырады. Пәндер бойынша тапсырмалары толықтай тексеріліп, кері байланыс жасалып отыратындығы «Kundelik.kz» электронды журналын тексеру барысында анықталғанын айтты. Білім алушылармен пән мұғалімдері арасында тығыз байланыс орнаған, пәндер бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп отыратындығы байқалды. Тексеру барысында пән мұғалімдері оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізетіндігі және жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығын айтты.
Екінші мәселе5-9 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Отарбаева Н.С. сөз алды.
5-9-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсын оқыту «Дене шынықтыру» оқу пәнінің аясында дене шынықтыру мұғалімдерімен жылдық 15 сағаттық оқу жүктемесімен оқытып келеді. «Өмір қауіпсізді негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып есептеледі және оқу уақытында өткізіледі.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары оқыту уақытында жүргізілуде деп мәлімдеді. Жоспар бойынша сейсмо жаттығулар, алғашқы көмек ұйымдастыру жаттығулыры жүргізіліп отырады деп мәлімдеді.
Үшінші мәселе 5д,ж,з, 7а,ә,в сыныптарында дене шынықтыру пәнінің берілу жағдайын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева сөз алды. 5д,ж,з, 7а,ә,в сыныптарына дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен таныстырып өтті. Барлық сыныптар бойынша зерделеу жұмыстарына жеке-жеке тоқталды. Пән мұғалімдерінің құжаттары талапқа сай. 5 «Д» сыныбының дене шынықтыру пәні мұғалімі Байгазиева К.А. сабақ барысында «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының пайдаланылғанын, рефлексия және кері байланыс жасалғанын айтты. Мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын да айтты. 5 «Д», «З» сыныптарының дене шынықтыру пәні мұғалімі Қасен Т.Н. «Қозғалыс техникасы элементтерін үйрету» тақырыбы сабағында өзінің шеберлігін көрсетті. Білім алушылардың айтылым, оқылым сауаттылығы қалыптасқан, сабақта алған білімін өмірде пайдаланумен байланыс болды. Қалыптастырушы бағалау үдерісі іске асып отырды. Қысқа мерзімді жоспар талапқа сай жасалған. 7 «А», «Ә» сыныбының дене шынықтыру пән мұғалімі Мырзахан Ержан Сәулетұлының «Күш және жылдамдықты жақсарты қозғалыс іс-әрекеттері» тақырбындағы сабақтарына бақылау жұмысы жүргізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық тапсырмалар орындалды. Мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қаынас қалыптасқан. Қысқа мерзімді жоспары бойынша сабақ өз мақсатына жетті.
ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз соңында мұғалімдерге айтылған ұсыныстарға тоқталды. Бақылау барысында сабаққа ресурс көздерінің аздығын ескерте кетті.
Төртінші мәселе 8д,е,ж,з сыныптарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. 8д,е,ж,з сыныптарына қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер туралы ақпарат берді. Қазақ тілі пәні бойынша аталған сыныптарға сабақтарға қатысып, зеределеу нәтижесімен таныстырды.
Бесінші мәселе физика және химия пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз -басында физика мұғалімдері туралы ақпарат беріп өтті. Физика пәні 7-11 сыныптарда аптасына 2 сағат, жылына 34 сағатты, 8-11 сыныптарда аптасына 2 сағат, жылына 68 сағатты құрайды. Зерделенетін іс-әрекеттердің бағыттары бойынша 09.01-17.01 күндері аралығында физика және химия пәндері сабақтарына қатысып, мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарларына бақылау жүргізілді. Мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарлары талапқа сай құрылған. Қысқа мерзімді жоспарлар күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жасалғанын айтты. Қысқа мерзімді жоспарда оқу бағдарламасының бөлімі, педагогтің аты-жөні, сабақты өткізу күні, сыныпта сабаққа қатысқандар мен қатыспағандардың саны, сабақ тақырыбы, оқу мақсатына сәйкес оқыту мақсаттары, сабақтың мақсаты толық қамтылған. Сабақтың барысы бойынша сабақтың кезеңдері мен уақыты дұрыс бөлінгеннің айтты. Сонымен қатар бірнеше ұсыныстар берілгенін айтып, ұсыныстарға тоқталып өтті.
Алтыншы мәселе девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысты және мектептегі психологиялық-педагогикалық ахуалды бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Ф.К. сөз кезегін алды. Мектеп психологтары Балдықбаева А.А., Зейнолданова Н.С. девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстар жүргізгенін, жұмыс нәтижелерін көрсетті. Сонымен қатар мектептке құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше іс-шаралар, түсіндерме жұмыстары жүргізілгенін айтып, фото дәлелдемелерін көрсетті.
Жетінші мәселе Математика пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау нәтижесі бойынша математика пәні ӘБ жетекшісі Дуйсенбиева Г.Т. сөз алды. 13.01.2025-24.01.2025ж. күндері аралығында «Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбында математика бірлестігінің онкүндігі өтті. Дуйсенбиева Г.Т. онкүндіктің мақсаты, міндеттерімен таныстырды. Математика пәні бірлестігінің онкүндігі аясында іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар мен мұғалімдер белсене атсалысты. Соның ішінде 5-сыныптар арасында «Математика және спорт», 6-сынып арасында «Лабиринт» атты интеллектуалды ойындары білім алушылардың тек ақыл күшін ғана емес дене күшін де сынады. Білім алушылар қиын да, қызықты тапсырмаларды орындаумен қатар, дене жаттығуларын да орындады. Басқа іс-шаралармен таныстырып, фото, бейнежазбалар көрсетті.
Сегізінші мәселе тәлімгерлік жүйсі қызметінің тиімділігін бақылау нәтижесі бойынша сөз кезегін ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. алды. Зерделенген іс-әрекеттердің бағыттары бойынша әдістемелік бірлестіктегі жас мамандармен жүргізілген жұмыс жоспарын тексеріп, өткізілген жұмыстарға талдау жасалғанын айтты. Бақылау барысында басымдық жас маман мен тәлімгер дің жұмыс жүйесінің қалыптасуына, жұмыс жоспарының тиімді іске асырылуына және жас мамандардың пінге деген қызығушылығына мін берілді. Әр әдістемелік бірлестік бойынша жас мамандар мен тәлімгерлердің жұмыс жоспары тексеріліп, жұмыс жоспарына сай жұмыстар жүргізілгеніне көз жеткізгенін айтты. Жас мамандаға білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында тәжірибе сабақтарға, мектепішілік ұйымдастырылған коучингтерге қатысу туралы ескерту жасалғанын айтты.
Тоғызыншы мәселе «ЖЖЕ» оқу курсын жүргізуді бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Отарбаева Н.С. сөз алды. Мектепішілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша жолда жүру ережелері оқу курсының жүргізілуін бақылау кезінде 1-8 сыныптар арасында жүргізіліп келеді. Жолда жүру оқу курсы жасалынған жоспар бойынша «Абайлаңыз! Балалар!» акциясы аясында «Жолда жүру ережесін білесің бе, балақай?» тақырыбында 1-4 сынып білім алушыларына танымдық сабақтар болып өтті. Танымдық сабақта оқушылар көше туралы, ондағы қозғалыс, жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерін түрлері, оны білу не үшін қажет екендігі , бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін туралы толықтай мағлұмат алды. «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік», «Жол белгілерін білейік, қауіпсіз өмір сүрейік», «Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін сақтауменен», «Жол белгілері және оның мақсаты» тақырыбында сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттарында оқушылар жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер берді. Сынып сағаттары тәртіптілікке, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мектеп медбикесі М.Қырықбаева «Жол апаттары кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» тақырыбында мектептің 5-8 сынып оқушыларына дәріс сабақ өткізді. Оқушылар дәріс сабақта жол апаттары кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оныншы мәселе жалпы гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау нәтижесі бойынша жалпы гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі Аханова А.К. сөз алды. 2024-2025 оқу жылының 09-20 желтоқсан аралығында «Ұлы тұлғалар – ұлт мақтанышы» атты тарих және қоғамдық бірлесітігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында түрлі іс-шаралар жоспар мен ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар өткізілгенін айтты. Тарих және қоғамдық бірлесітігінің мұғалімдері өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп, дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргінгенін айтты. Барлық іс-шараларға мұғалімдер мен білім алушылар белсенді түрде қатысқанын да айта кетті. Өткізілген іс-шаралардың суреттері мен қысқаша бейнероликтері көрсетілді.
Он бірінші мәселе биология пәнінен зертханалық жұмыстарында 7-9 сынып оқушыларының ізденіс қабілеттерін арттыруды бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулмева Р.Ш. сөз алды. Биология пәні 7-9 сыныптарда аптасына 2 сағытты, жылына 68 сағатты құрайды. Зерделенген іс-әрекеттердің бағыттары бойынша биология пәні сабақтарына қатысып, талдау жүргізілді. Оқушылар ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау арқылы толық меңгерген, алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігімен жан-жақты дайындалған. Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай, оқу әрекеті білім алушыларға бағытталған. Оқуға қажетті ресурстар тиімді қолданылыған. Қауіпсіздік журналы талапқа сай толтырылға, оқушылардың зертханалық жұмыс дәптерлері тексеріліп, кері байланыс жазылған. Пән бойынша оқу сапасын арттыру, сабақ үлгерімі қанағаттанарлық деңгейдегі білім алушыларға қосымша тапсырма беру туралы ұсыныстар берілгенін айтты.
Он екінші мәселе тәрбие жұмысында нормативтік құжаттардың басшылыққа алынуын бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Ф.К. сөз алды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 137 сынып жетекшінің жұмыс жоспарлары мен папкалары, атқарылып жатқан жұмыстарытексеріліп «Жақсы» деп бағаланды. Тәрбие саласында «Бес күн бес іс-шара» жұмыстары мен «Жас ұлан», «Өзін-өзі басқару» ұйымдары жоспар бойынша жұмыс жасап келетінін айтты. Өткізілген іс-шаралардың фото дәлелдемелерін көрсетті.
Он үшінші мәселе 7г,6 б,в,ж,г сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Абилдаев Б.С. сөз алды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу әдістерін талдау, білім алушылардың оқу барысында бейімделу деңгейін анықтау анықтау және никлюзивті білім беру сапасын арттыруға ұсыныстар әзірлеу мақсатындаа бақылау жұмысы жүргізілді. Бақылау барысында қазақ тілі сабағында визуалды материалдар, суреттер жиі пайдаланылды. Математика сабағында практикалық тапсырмалар, санау таяқшалары, сызбалар пайдаланылды. Білім алушыларға сабақ барысында жеке көмек берілді. Психолог тарапынан психологиялық диагностика және қолдау жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың эмоциалық жағдайы тұрақты, өзара қарым-қатынасы қанағаттанарлық. Арнайы педагог тарапынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу барысында қиындықтарын анықтап, мұғалімдерге ұсыныстар берілген. Мұғалідер сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған әдістерді қолдануды. Сабақта оқушылардың белсенділіктері мен ынтасын арттыруға бағытталған тәсілдер енгізілген.
Он төртінші мәселе 8а,ә,б,в,г сыныптарында геометрия пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды.Меліс Әділет Марғұланұлы 28.01.2025ж. 8 «А» сыныбына «Параллелограмның ауданы тақырыбында сабақ өтті. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспар талапқа сай. Мұғалім мен білім алушылардың арасында байланыс қалыптасқан, сабақта оқу материалды қол жетімді, білім алушылар сабаққа белсене қатысты. Дуйсенбиева Гульнара Тилеужановна 28.01.2025ж. күні 8 «Ә» сыныбында геометрия пәнінен «Параллелограмның ауданы» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар тақырыпты жақсы түсінге, қайталау сұрақтарына «Жасырын ережені тап» әдісі арқылы жауап берді топтық және жеке тапсырмалар берілді. Берікбай Майнұр 30.01.2025ж. күні 8 «Б» сыныбында геометрия пәнінен «Параллелограмның ауданы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ жүйелі түрде жспарланған. Сабақ барысындағы мұғалімнің барлық іс-әрекеті сабақтың барлық кезеңінде нітижеге қол жеткізуге бағытталған. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісін топтық жұмыс барысында қолданды. Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетіп отырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Оспанова Амангүл Калиевна 30.01.2025ж. күні 8 «В» сыныбына «Параллелограмның ауданы» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақты жоспарлауда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырма әзірлеген. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланды. «Жигсо» әдәсә арқылы жаңа тақырып талданып, «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекітті. Туменбаева Жазира Куандыковна 30.01.2025ж. күні 8 «Г» сыныбына геометрия пәнінен «Параллелограммның ауданы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында «Бастапқы бес оқушы», «Кім жылдам?», «Қатесін тап» белсенді әдіс-тәсілдерін қолданды. Оқушылар тақырыпты жақсы түсінген. Сынып оқушылары сабаққа белсенді түрде қатысты. ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз соңында мұғалімдерге берілген ұсыныстарды айтып өтті.
Он бесінші мәселе ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Отарбаева Н.С. сөз алды.
Жоспар бойынша 3 сыныптарда 28.01. күні «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады» тақырыбында ата-аналар жиналысы болғаны туралы мәлімет берді. Жиналыс барысында ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Кездесу өз нәтижесін берді деп мәлімет берді.
ШЕШІМ:
1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;
2. Үйде оқитын оқушылардың сапалы білім алуын қадағалау үнемі қатаң бақылауға алынсын; жауапты ДОІЖО.
3. 5-9 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының оқытылуын бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;
4. 5д,ж,з, 7а,ә,в сыныптарында дене шынықтыру пәнінің берілу жағдайын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
5. 8д,е,ж,з сыныптарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
6. Физика және химия пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
7. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысты және мектептегі психологиялық-педагогикалық ахуалды бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;
8. Математика пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуі өте жоғары деңгейде деп бағалансын;
9. Тәлімгерлік жүйесі қызметі жылдық жоспарға сай жұмыстар жүргізілсін;
10. «ЖЖЕ» оқу курсын жүргізуді бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;
11. Биология пәнінен зертханалық жұмыстарында 7-9 сынып оқушыларының ізденіс қабілеттерін арттыруды бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар зертханашылар тарапынан басшылыққа алынсын;
12. Тәрбие жұмысында нормативтік құжаттардың басшылыққа алынуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар сынып жетекшілер тарапынан басшылыққа алынсын;
13. 7г,6 б,в,ж,г сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;
14. 8а,ә,б,в,г сыныптарында геометрия пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
15. Ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды бақылау талапқа сай, жұмыс жоспарлы түрде жалғастырылсын;
16. Медицина қызметкерлерінің жеке гигиена дағдыларын қаыптастыру бойынша профилактикалық жұмысының нәтижелерін бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;
Мектеп директоры Сейтахметова Г.А.
Хатшы Жангабылова С.