Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
декабрь
2024

Хаттама №4

ХАТТАМА №4

№ 4 директор жанындағы кеңес 

Мерзімі: 30.12.2024ж.

Қатысқан мұғалімдер саны- 75

Қатыспағандар саны-3

Күн тәртібінде:

1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы

2. «Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау

3. 5-9 сыныптар арасында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыстың жүргізілу барысын бақылау 

4. 9з,и,м сыныптарында биология, 9а,в,д,е,к сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуын бақылау

5. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен жұмыс жоспарының  орындалуын бақылау

6. Әдістемелік кеңес отырыстарының жүргізілуін бақылау

7. Оқу жоспарының вариативті бөлімі бойынша жұмыстар сапасын бақылау 

8. Патриоттық жұмыстың жүргізілуін бақылау

9. 7г,з, 9б,н сыныптарында ағылшын тілі пәнінің оқытылуын бақылау 

10. Жалпы гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау.

11. Бастауыш сынып мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау

12. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарлың жүргізілуін бақылау

13. Оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасын бақылаулау

14. Ғылыми конкурстарға қатысудың нәтижелілігін бақылау

15. Математика және информатика пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау

16. ІІ тоқсан бойынша модерация жұмысының қорытындысын бақылау

17. Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруды бақылау

18. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау


Тыңдалды:

      Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А.Сейтахметова кеңеске қатысушы педагогтерге кеңесте қаралатын күн тәртібіндегі   мәселелермен таныстырып өтті. 

Кеңес төрайымы бірінші мәселе өткен директор жанындағы кеңес шешімінің орындалуына тоқталып, атқарылып жатырған жұмыстарды бағалап өтті.

Екінші мәселе«Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. Кунделік кз платформасынан шағарылған мәліметтер бойынша тоқталып есеп берді. Формативті бағаларды өзгерткен мұғалімдерді атап өтті. Мұғалімдер журналды уақытылы толтырады деп есеп берді.

       Үшінші мәселе 5-9 сыныптар арасында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыстың жүргізілу барысын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. 

Мектепішілік бақылау шеңберінде үлгерімі төмен оқушылармен мұғалімдердің сабақтан тыс және жеке жұмысын ұйымдастыруды тексеру жүзеге асырылғанын айтты. Электрондық журналдарды, сабақты жоспарлауды, оқушылардың бақылау және жұмыс дәптерлерін, жеке әңгімелесуді тексеру барысында мұғалімдер үлгерімі төмен оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында өз жұмыстарын жоспарлайтыны анықталғанын айтты. Олар жаңа материалды қабылдау, түсіну процесінде белсенділікті арттыратын, үлгерімі төмен оқушыларға материалдарды бастапқы бекіту процесінде жедел көмек көрсететін, білімді жүйелеуге және жетілдіруге ықпал ететін ұтымды ақыл-ой әрекеттерін үйрететін тапсырмаларды таңдалғанын айтып өтті. Мұғалімдер үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында сабақта және жеке сабақтарда жұмыс істеудің  әртүрлі формалары мен әдістерін қолданған, сабақтың барлық кезеңдерінде әлсіз оқушылармен жұмыс ұйымдастырғанын атап айтты. ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз соңында мұғалімдерге үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыру үшін сабақтың барлық кезеңдерінде көп деңгейлі дифференциацияны үнемі қолдану, бақылау жұмыстарын жүргізер алдында үлгерімі төмен оқушыларға орындау бойынша жеке нұсқама жүргізу, қателер бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, негізгі білімді игеру дәрежесін бақылау туралы ұсыныстар берілгенін айтты. 

Төртінші мәселе 9з,и,м сыныптарында биология, 9а,в,д,е,к сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. 9в,е,к сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін пән мұғалімі Тимешова Бибигуль Сериковна. 9в,е,к сыныптарында «Щедрая доля» А.Кекилбаев «Плеяды – созвездие надежды» тақырыбында сабақ өткізілді. Мұғалім оқушылармен еркін қарым-қатынас орната білді. Мұғалім сабаққа нақты жетістік критерийін қоя білген және сабақтың барлық кезеңдерінде нақты нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсңлдерді қолдана білгенін айтты. Мұғалімге оқушы ынтасын арттыратын  белсенді әдіс-тәсілдерді сабаққа енгізу  мен қатар мұғалім тарапынан үнемі қалыптастырушы бағалау болуы керек екені туралы ұсыныс білдіргенін айтты. 

       9 а,д сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туребергенова Алия Турсынгазиевна. 9 а,д сыныптарында «Вершина казахской литературы» (М.О. Ауезов «Путь Абая») тақырыбында сабақ өтілді. Сабақ барысында топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Ұсынылған тапсырмаларда оқушылар толық орындай алды. Мұғалімнің жаңартылған білім мазмұны бойынша теориялық-практикалық білімі бар екендігін айтып өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп отырғанын, қалыптастырушы бағалау жүзеге асқанын айтты. Мұғалімге әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде сын тұрғысынан ойланатын сұрақтарды жиі қою, көшбасшылық қасиеттерін ашу туралы ұсыныс берілгенін айтты. 9з,и,м сыныптарындағы биология сабағы туралы есеп берді. Ағымдағы жылдың 02 желтоқсан күні шығарылған мектепішілік  №225 бұйрықты орындау мақсатында  02-06 желтоқсан күндері аралығында 9 з, и, м сыныптарында биология пәніне зерделеу жұмыстары жүргізілді. 

        9 з,и,м сыныбының биология пәнін  зерделеу   нәтижесінде сыныптың 9з сыныбының І тоқсандағы білім сапасы -52%, 9и сыныбы 54, 9м сыныбы 63 пайыз, үлгерімдері 100 пайыз болған деп атап өтті. Аталған үш сыныпқа да  Нурбаева Акмарал Отыншиевна сабақ береді деп атап өтті. Зерделеуге алынған бір сабаққа тоқталып өтсем, сабақтың тақырыбы: миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу «Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу.

Сабақтың мақсаты: 9.1.7.3 - жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау. Жалпы зерделеу қорытындысы бойынша білім берушінің іс-әрекетін бақылау барысында мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалған, сабақ жоспарға сай, оқу әрекеті білім алушыларға бағытталған. Оқуға қажетті ресурстар тиімді қолданылып, белсенді оқыту сабақ бойы жалғасты. Топтық, жұптық жұмыстар барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушыларға кері байланыс жасалып отырылды және сабақ барысында оқудағы нәтижелері көрсетіліп, бағаланды.  №34 кабинет жабдықталған, қауіпсіздік журналы талапқа сай толтырылған, оқушылардың зертханалық жұмыс дәптерлері мен биология пәніне арнаған дәптерлері тексеріліп,   кері байланыс жазылған. Тапсырмаларының көлемі және күрделілігі білім алушының жас ерекшелігіне  сай келеді. АКТ-ны  білім берушіні оқытуды қолдау үшін пайдаланады. Білім берушілермен тапсырмаларды орындау кезінде деңгейлері төмен оқушымен жеке жұмыс түрлерін көбірек беру және ғылыми тілдік  сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу  ұсынылды. 

Бесінші мәселе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен жұмыс жоспарының  орындалуын бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Ф.К. сөз алды. Бақылау барысында әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен жұмыс жоспары толық орындалып жатқанына көз жекізгенін, барлық құжаттардың талапқа сай екенін айтты. Мектеп әлеуметтік педагог, педагог-психолог, сынып жетекшімен бірге жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың бейімділігі бақылауда болғанын айтты. Оқушылардың психологиялық ауытқушылығы, шиеленістік оқиғалар, отбасының сәтсіздігіне байланысты әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу, жекелей және топтық кеңестер беру жұмыстары жүргізілген. Атап айтсақ 4 «Ж» сынып оқушысы Отарбай Інжу, 4 «К» сынып оқушысы Нұрболат Айарудың ата-анасымен жеке кеңес жұмыстары жүргізілген. Қиын және құқықбұзушылыққа бейім 9 «И» сынып оқушысы Ермек Ерасыл, 10 «Д» сынып оқушысы Рысқұлбек Жарқын, 11 «Ә» сынып оқушысы Мұхамет Хамитпен психологиялық әдістер алынып, әңгіме кеңес жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар оқушылардың психологиялық жай-күйін анықтау үшін бірнеше сауалнамалар мен тест жұмыстары жүргізілгенін айтып өтті. Мектептегі әлеуметтік - психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі 8 «И» сынып оқушысы Сағынбай Жанармен жүргізілді. Көп қадағалауды қажет ететін оқушылардың тізіміне алынып, ата-ана және сынып жетекші сұранысы бойынша мектеп психологімен жеке кеңес беріліп, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологиялық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде «Психологиялық сауықтыру орталығымен бірлескен жұмыстар әлі де жүргізілуде. Қамқорлықтағы 5 «И» сынып оқушысы Жұбан Айзереге 5-сыныптаң жетекшілерінің атынан қайрымдылық көмек көрсетілгенін айтып өтті. Сондай-ақ, ата-ана атынан спонсорлық көмек 4 «Г» сынып оқушысы Надырбекова Ақниет пен 3 «К» сынып оқушысы Адамбекова Каусарға берілгенін айтты. 

Жетінші мәселе оқу жоспарының вариативті бөлімі бойынша жұмыстар сапасын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Жайлганова К.М. сөз алды. 1,2-сыныптарда «Оқу және тіл дамыту» - 1 сағаттан, 2,4- сыныптарда «Математика әлемі» - 1сағаттан, 3-сыныптарда «Қазақ тілінің қызықты әлемі - 1 сағаттан өтіледі. 5-8 сыныптар бойынша жаһандық құзыреттілік сабағы аптасына 0,5 сағаттан, 9-сыныптарды аптасына – 1 сағаттан өтіледі.  9-сыныптарда жаһандық құзыреттілік есебінен дінтану негіздері пәні өтіледі.  10,11-сыныптарға аптасына – 1 сағаттан жаһандық құзыреттілік сабағының есебінен «Бизнес және кәсіпкерлік»  негіздері сабағы өтіледі. 10-11-сыныптардың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 2 сағаттан элективті курсы жүргізіледі. Аптасына - 1 сағаттан «Жеткіншек жастағы балалардың тұлғалануын қалыптастыру және жетілдірудің кешенді психологиялық бағдарламасы» тақырыбында психологоиялық элективті курсы жүргізіледі. 10-сыныптарда аптасына – 1 сағат «Алаш зиялыларының ой-тұжырымдары», 11 сыныптарды аптасына – 1сағаттан «Эссе оқушының ой ұшқырлығын дамытатын шығармашылық» элективті курстары жүргізіледі. 10-11 сыныптардың жаратылыстану-математика бағыты бойынша аптасына 2 сағаттан элективті курсы жүргізіледі. Аптасына - 1 сағаттан «Жеткіншек жастағы балалардың тұлғалануын қалыптастыру және жетілдірудің кешенді психологиялық бағдарламасы» тақырыбында психологоиялық элективті курсы жүргізіледі. Элективті курстар жыл басында бекітілген сабақ кестесі бойынша уақытылы жүргізілуде. Барлық құжаттар талапқа сай. 

Сегізінші мәселе патриоттық жұмыстың жүргізілуін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Отарбаева Н.С. сөз алды. 09.12.2024ж. күні «Гүлдене бер, Қазақстаным!» мектеп файелерінде Тәуелсіздік күніне орай безендіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздігі!» желтоқсан қаһармандарының ерлігін дәріптеуге арналған ашық сынып сағаттары әр сыныпта әртүрлі тақырыпта өткізілгені туралы айта өтті.  10.12.2024ж. күні бейнелеу пәні мұғалімі Мұңашбай Аружанның жетекшілігімен «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Мергенбаева Алтынайдыңдың жетекшілігімен  «Егеменді елдігім - Тәуелсіздік теңдігім!» тақырыбында кітап көрмесі болды. 11.12.2024ж. күні «Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбында қолөнер көрмесін көркем еңбек пәні мұғалімдері Ермухатова Салтанат пен Бегимкулова Гулназия ұйымдастырды. «Егемен елдің ұландары» ұлттық спорт жарыстары әр сынып оқушыларымен дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Бес тас», «Асық ату» ойындарын ұйымдастырды. 12.12.2024ж. күні «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім!» танымал әлеуметтік желілерде жастар арасында «Өзін-өзі басқару» челленджі ұйымдастырылды. «Туы биік, тұғыры берік қазақ елі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында қазақ тілінен эссе байқауы жүргізілді. 13.12.2024ж. күні «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты үлкен мәжіліс залында мерекелік салтанатты іс-шара өткізілді. Мектебімізде патриоттық жобалар жоғары деңгейде жүргізілуде. Ұйымдастырылған іс-шараларға ешкім қалыс қалмай, білім алушылар мен мұғалімдер өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, белсене қатысқанын айтты. Барлық іс-шараның суреттері мен видеоматериалдары көрсетіліп, таныстырылды.

Тоғызыншы мәселе 7г,з, 9б,н сыныптарында ағылшын тілі пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. Зерделеу мақсаты мен зерделеу барысындағы іс-әрекетің бағыттарымен таныстырып өтті. 7г,з, 9б сыныптарында ағылшын тілі аптасына 3 сағат, жылдық сағат саны – 102. Барлық пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары талапқа сай, сағаттар саны толық қамтылған Тарау бойынша жиынтық бағалау кестесі жасалған, бекітілген. Оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілген.  ДОІЖО Утеулиева Раушан сөз соңында мұғалімдерге айтылған ұсыныстарға тоқталып өтті және  ұстаздарға білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында тәжірибе сабақтарға, мектепішілік ұйымдастырылған коучингтерге қатысу керектігін ескертті.

Оныншы мәселе жалпы гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау нәтижесі бойынша жалпы гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі Аханова А.К. сөз алды. 2024-2025 оқу жылының 09-20 желтоқсан аралығында «Ұлы тұлғалар – ұлт мақтанышы» атты тарих және қоғамдық пәндер бірлесітігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында түрлі іс-шаралар жоспар мен ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар өткізілгенін айтты. Тарих және қоғамдық пәндер бірлесітігінің мұғалімдері өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп, дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізгенін айтты. Барлық іс-шараларға мұғалімдер мен білім алушылар белсенді түрде қатысқанын да айта кетті. Өткізілген іс-шаралардың суреттері мен қысқаша бейнероликтері көрсетілді.

Он бірінші мәселе бастауыш сынып мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Кайыпова Б.З. сөз алды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары мен қысқа мерзімді жоспарлары бақылауға алынды. Бақылау барысында барлық мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарлары талапқа сай, күнтізбелік-тақырыптық жоспармен сәйкес келетіні анықталғанын айтты. Мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау, ресурстар бөлімдері толықтай жазылғанын және барлық іс-әрекеттердің қамтылғанын айтты. Сөз соңында мұғалімдерге кері байланыс алу әдістерін түрлендіру, әртүрлі дереккөздерден ақпаратты іздеуге бағытталған тапсырмаларды қолдану туралы ұсыныстар жасалғанын айтты.

Он үшінші мәселе оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. Зерттеу объектісі болып білім берудегі ақпараттық технологиялар болып табылады. Зерттеу пәні ретінде әртүрлі типтегі білімді тесттік бақылауды автоматтандыру сұрақтары қарастырылады. Зерттеу барысында талдау, синтез, модельдеу, компьютерлік эксперимент әдістері қолданылғанын айтып өтті. Мұғалімдерге үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыру үшін:

  • Сабақтың барлық кезеңдерінде көп деңгейлі дифференциацияны үнемі қолдану;
  • Бақылау жұмыстарын жүргізер алдында үлгерімі төмен оқушыларға орындау бойынша  жеке нұсқама жүргізу;
  • Қателер бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, негізгі білімді игеру дәрежесін бақылау;
  • Есте сақтау ерекшеліктерін, зейінін, жаттығуды орындауға шоғырлану қабілетін ескере отырып жұмыс жүргізу туралы ұсыныс білдіргенін айтты.

Он төртінші мәселе ғылыми конкурстарға қатысудың нәтижелілігін бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз кезегін алды. Дарынды балалармен жұмыс жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, музыка-эстетикалық бағыттары бойынша іске асырылды. «Дарын» ғылыми жобаға 12 жұмыс, 13 мұғалімнің  жұмысы қарастырылды. Нәтиже соңында эстетика пәндері бірлестігінің  мұғалімі Темірбаева Алманың жетекшілігімен 9 «Е» сынып оқушысы Сайлаубек Айбек, орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің  мұғалімі Жарбаева Мерекенің жетекшілігімен 8 «Л» сынып оқушысы Орынбасар Мағжан қалалық жүлде алғанын айтты. «Зерде» ғылыми жұмысы бойынша аудандық кезеңнен 6 оқушы ІІ орын, 8 оқушы ІІІ орын алғаны туралы мәлімдеді. Жыл бойы дарынды балалармен жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп, пән апталықтарында дарынды балаларға арналған әртүрлі интеллектуалды сайыстар өткізілетіні туралы айтты.

Он бесінші мәселе математика және информатика пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. Тексеру нәтижесінде пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары 2024-2025 оқу жылында ҚР-ның жалпы білім беретін ұйымдарында  ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып құрылғанын айтты. Бірлестік мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары әдістемелік  тұрғыдан дұрыс құрылған, күн реті қойылған, күнтізбелік-жоспарлар түсінік хатымен жасалғанын айтты. Қысқа мерзімді сабақ жоспарлардың оқу мақсаттары ұзақ мерзімді жоспармен сәкес келеді. Сабақтың мақсаты оқу мақсатына сәйкес оқушының деңгейіне байланысты меңгеретін мақсаттарына бөлінген. Сабақ кезеңдері, педагог пен оқушы іс-әректтері, бағалау және ресурстар бөлімдері ретімен жасалғанын айтты. Қорытындылай келе барлық тексерілген қысқа мерзімді жоспарлар күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес, талапқа сай жасалғанын айтты.

            Он алтыншы мәселе ІІ тоқсан бойынша модерация жұмысының қорытындысын бақылау нәтижесі туралы ДОІЖО Муса Л.Т. сөз алды Пәндік бірлестіктер құрамындағы пәндердің ТЖБ жұмыстары жинақталып, ТЖБ жұмыстарына зерделеу жүргізілгенін айтты. Жоспар бойынша ІІ тоқсандық жиынтық жұмыстары 2024-2025 оқу жылындағы әдістемелік нұсқауға сәйкес жүргізілгенін, 2-11 сыныптардан жұмыстар өз деңгейінде алынғанын мәлімдеді. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары талапқа сай тексерілгенін, модерацияға өтініш түспегенін, білім алушырар әділ бағалағанын айтты.

Он жетінші мәселе білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Отарбаева Н.С. сөз алды. 23.12 күні мектеп спорт залына жасыл шырша безендірілуі басталды. Мектеп білім алуышыларына арнап «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік шыршасы ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға кесте құрылып, жауапты адамдармен қоса кезекшілік кестесі жасалды. Демалыс уақытында білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында жоспарлар құрылып, сынып жетекшілерге жүктелді. Сонымен қатар оқушыларға қысқы демалыста кітап оқу тапсырмалары берілді.

Он сегізінші мәселе мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Бекмедетова Ф.К. сөз алды Желтоқсан айында ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мақсатында жауапты сыныптар кесте бойынша «Бала жүрегіне жол табу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз», «Бұлақ көрсең көзін аш» тақырыбында ата-аналар жиналыстарының өткізілгенін мәлімдеді.  Өткізілген ата-аналар жиналысының ұйымдастырылу жұмыстары жоғары деңгейде болғанын айтып өтті. Ата-аналар жиналысының үзінділерін слайд арқылы көрсетті. 


Шешім:

1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;

2. «Kundelik.kz» электронды журналының дұрыс жүргізілуін бақылау ДОІЖО тарапынан үнемі бақылауда болсын формативті бағаны түзеткен мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

3. 5-9 сыныптар арасында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыстың жүргізілу барысын бақылау қанағаттанарлық деп табылсын, жұмыс жоспарлы түрде жалғастырылсын;

4. 9з,и,м сыныптарында биология, 9а,в,д,е,к сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;

5. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен жұмыс жоспарының   орындалуын бақылау қанағаттанарлық деп танылсын;

6. Әдістемелік кеңес отырыстарының жүргізілуін бақылау қанағаттанарлық деп танылсын;

7. Оқу жоспарының вариативті бөлімі бойынша жұмыстар сапасын бақылау қанағаттанарлық деп танылсын;

8. Патриоттық жұмыстың жүргізілуін бақылау қанағаттанарлық деп танылсын және жоспарлы түрде жалғастырылсын;.

9. 7г,з, 9б,н сыныптарында ағылшын тілі пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар  пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;

10. Жалпы гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуі өте жоғары деңгейде деп танылсын;

11. Бастауыш сынып мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;

13. Оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасын бақылаулау қанағаттанарлық деп танылсын;

14. Ғылыми конкурстарға қатысудың нәтижелілігін бақылау қанағаттанарлық деп танылсын, конкурстарға қатыстыру сапасы арттырылсын;

15. Математика және информатика пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау талапқа сай деп танылсын;

16. ІІ тоқсан бойынша модерация жұмысының қорытындысын бақылау қанағаттанарлық деп танылсын; 

17. Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруды бақылау қанағаттанарлық деп танылсын, жоспарлы түрде жұмыс жалғастырылсын;

18. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі жұмыстары жоспарлы түрде жалғастырылсын.




Мектеп директоры                                               Сейтахметова Г.А.


               Хатшы                                                                 Жангабылова С.





Похожие публикации:

28 март 2025 Хаттама №7
28 февраль 2025 Хаттама №6
31 январь 2025 Хаттама №5
30 ноябрь 2024 Хаттама №3
31 октябрь 2024 Хаттама №2