Хаттама №3
ХАТТАМА №3
№3 директор жанындағы кеңес
Мерзімі: 30.11.2024ж.
Қатысқан мұғалімдер саны- 103
Қатыспағандар саны-0
Күн тәртібінде:
1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы
2. Өрт қауіпсіздігі талаптарын іске асыруды бақылау нәтижесі
3. 4ж,з,и,к сыныптарында көркем еңбек сабағының оқытылуын бақылау
4. 11в,г сыныптарында физика пәндерінің оқытылуын бақылау
5. 5-7 сынып білім алушыларының сабаққа қатысуын бақылау
6. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі
7. Профилактикалық екпе егуді бақылау нәтижесі
8. Ынталы оқушылармен жұмысты бақылау
9. 10 г,д сыныптарында биология пәнінің оқытылуын бақылау
10. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысын бақылау нәтижесі
11. Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау
12. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының оқытылуын бақылау
13. Тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау
14. 9ә,о,п сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуын бақылау
15. Тарих пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау
16. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау
17. 6г,д,з,и,м.н сыныптарында музыка пәнінің оқытылуын бақылау
Тыңдалды:
Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А.Сейтахметова кеңеске қатысушы педагогтерге кеңесте қаралатын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
Кеңес төрайымы бірінші мәселе өткен директор жанындағы кеңес шешімінің орындалуына тоқталып, атқарылып жатырған жұмыстарды бағалап өтті.
Екінші мәселеөрт қауіпсіздігі талаптарын іске асыруды бақылау нәтижесі бойынша ДШЖЖО Сейдуалиева М. сөз алды. жыл сайын мектептің кіші қызметкерлері мен күзет бөлімінің жұмыскерлеріне директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бекмедетова Фарида Картанбаевна мен директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Сейдуалиева Мансия Султанбековна өрт қауіпсіздік жағдайларына байланысты ай сайын жаттығулармен іс шаралар өткізіліп тұрады. Білім алушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігіне байланысты мектептің ішкі және сыртқы ауласында 17 бейнебақылау камерасы, мектептің әр сыныбында зертханаларында және дәліздерінде 154 өрт сөндіргіш құралдары мен өртке қарсы дабыл берушілер толығымен талапқа сай жабдықталғаны туралы есеп берді.
Үшінші мәселе 4ж,з,и,к сыныптарында көркем еңбек сабағының оқытылуын бақылау туралы ДОІЖО Кайыпова Б.З. сөз алды. 4-сыныптарда көркем еңбек пәні аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатты құрайды. 4ж,з,и,к сыныптарының көркем еңбек сабақтарына қатысу, талдау, мұғалімдердің сабақты жүргізудегі кәсіби құзіреттілігін және оқушылардың сабаққа қызығушылығын бақылау мақсатында сабақтар зерделенді деп мәлімет берді. Аталған сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері туралы мәлімет беріп, сыныптардың білім сапасы туралы тоқталып өтті. Сабақты зерделеу барысында мұғалімдердің іс-әрекетін бақылау барысында, сабаққа жан-жақты дайындалған, сабақ жоспарға сай, оқу әрекеті білім алушыларға бағытталған. Оқуға қажетті ресурстар тиімді қолданылып, белсенді оқыту сабақ бойы жалғасады. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушыларға кері байланыс жасалып отырылды және сабақ барысында оқудағы нәтижелері көрсетіліп, бағаланғанын айтты. Пән мұғалімдеріне топтық жұмыстың негізгі идеясын түсініп, тапсырмалар беруді, оқушылар арасында бірін-бірі формативті бағалауды қалыптастыруды ұсыныс ретінде кеңес берілді деп мәлімет берді.
Төртінші мәселе 11в,г сыныптарында физика пәндерінің оқытылуын бақылау туралы ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. Физика пәні 11 в,г сыныптарында аптасына 2 сағат, жылына 68 сағатты құрайды. Зерделенетін сабақтар бойынша физика сабақтарына қатысып, талдау жүргізілді. 11 «В» сыныбының физика пәні мұғалімі - Жумагулова Гулим Амандыковна. Білімі – жоғары, біліктілігі – педагог-зерттеуші, еңбек өтілі – 23 жыл, жүктемесі – 26 сағат. 04.11.2024ж. күні 11 «В» сыныбында «Серпімді механикалық толлқындар. Бойлық және тұрғын толқындардың теңдеуі» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Сабақтың ортасында білім алушыларға жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар берілді. Сабақ соңында «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасады. ҚМЖ өз дәрежесінде жазылған, оқушылардың ғылыми түрде сөйлеуіне көңіл бөлінді, тақырып бойынша алған білімдерін өмірде қолдану аймағы да түсіндіріліп өтті. 11 «Г» сыныбының физика пәні мұғалімі Нурсадыкова Гаухар Тынышбаевна. Білімі – жоғары, біліктілігі – педагог-зерттеуші, еңбек өтілі – 32 жыл, жүктемесі – 27сағат. 06.11.2024ж күні 11 «Г» сыныбында «Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында мұғалімнің сабаққа деген дайындығының жоғары деңгейде екені байқалды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысты. Жоспарланған іс-әрекеттер орындалып, білім алушылар сабақтың оқу мақсатына жетті. ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз соңында мұғалімдерге берілген ұсыныстар туралы айтты.
Бесінші мәселе 5-7 сынып білім алушыларының сабаққа қатысуын бақылау туралы ДТЖЖ орынбасары Бекмедетова Ф.К. сөз алды. 5-7 сыныптар бойынша 39 сынып, жалпы білім алушы саны – 983. 5-сыныптар бойынша -13 сынып, 333 білім алушы, 6-сыныптар бойынша – 14 сынып, 357 білім алушы, 7-сыныптар бойынша – 12 сынып, 293 білім алушы. Білім алушылардың сабаққа қатысу деңгейі, көңіл-күйлері, денсаулықтары күн сайын бақылауда болды. Білім алушылардың оқу сабақтарын босату себептері анықталып, сабаққа қатысу туралы мәліметтер тіркеу журналына күнделікті белгіленіп отыратынын айтты. Сабаққа мүлдем тартылмай қалған білім алушылар жоқ, сабаққа кешігіп келген, қатыспаған оқушылардың ата-аналарымен хабардар болып, ескерту жасап, түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.
Алтыншы мәселе ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарлары талапқа сай құрылған. Жоспардың негізгі бөлігі оқу іс-әрекетінің оқу мақсатымен сәйкестігі, білім сапасын арттыруға арналған белсенді әдіс тәсілдердің тиімділігі қаралды деп мәлімдеді. Ұсыныс ретінде ҚМЖ ны құрастыруда берілген оқу мақсаттарының толық жүзеге асырылып, білім алушылардың сапалы білім алып, педагогтің оң нәтижеге жетуі үшін белсенді әдіс тәсілдерді пайдалану ұсынылды деп ақпарат берді.
Кеңес төрайымы сабақтарды бақылау барысында ҚМЖ дағы оқу мақсатының толық жүзеге аспай жататындығы туралы тоқталып, педагогтерге нақты нәтижеге жетуге нақты мақсат, нақты белсенді әдіс тәсіл қолдану керектігіне кеңес берді.
Жетінші мәселе профилактикалық екпе егуді бақылау нәтижесі жөнінде мектеп медбикесі Қырықбаева М.Е. сөз кезегін алды. 2024-2025 оқу жылындағы мектеп білім алушылары мен ата-аналарға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, сауалнамалар алынды. Ата-аналардың келісімі бойынша профилактикалық екпе жұмыстары жүргізілгенін айтты. 1-сыныптың 6-7 жасқа толған оқушылары бойынша «Қызылша, қызамық, көкжөтел міремпеге» қарсы 80 балаға, «Адам, папилома» вирусна 11-13 жас аралығында 10 балаға екпе салынғанын мәлімдеді. Күмәнді топтағы білім алушыларға R- манту сынамасы 50 балаға, 16 жасқа толған оқушыларға антигендер тазартылған, азайтылған, сіңірілген күл – сіреспе анатоксині 56 балаға жсалғаны туралы есеп берді.
Тоғызыншы мәселе 10 г,д сыныптарында биология пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша Биниязова А.Ж. сөз алды. 10 Г, Д сыныптарының биология пәні сабақтарына қатысу, талдау, мұғалімдердің сабақты жүргізудегі кәсіби құзіреттілігін және оқушылардың сабаққа қызығушылығын бақылау мақсатында зерделеу жүргізілді деп есеп берді.
10г сыныбында білім берушінің іс-әрекетін бақылау барысында мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалған, сабақ жоспарға сай, оқу әрекеті білім алушыларға бағытталған. Оқуға қажетті ресурстар тиімді қолданылып, белсенді оқыту сабақ бойы жалғасады. Топтық, жұптық жұмыстар барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушыларға кері байланыс жасалып отырылды және сабақ барысында оқудағы нәтижелері көрсетіліп, бағаланды. №38 кабинет жабдықталған, қауіпсіздік журналы талапқа сай толтырылған, оқушылардың зертханалық жұмыс дәптерлері мен биология пәніне арнаған дәптерлері тексеріліп, кері байланыс жазылған. Тапсырмаларының көлемі және күрделілігі білім алушының жас ерекшелігіне сай келеді. АКТ-ны білім берушіні оқытуды қолдау үшін пайдаланады. Білім берушілермен тапсырмаларды орындау кезінде деңгейлері төмен оқушымен жеке жұмыс түрлерін көбірек беру және ғылыми тілдік сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
10д сыныбында мұғалімнің сабақ жоспарға сай, оқу әрекеті оқушыларға бағытталған. Белсенді оқыту тапсырмалары жүзеге асты .Топтық, жеке жұмыстар орындау барысында , оқушылардың өзара кері байланысы жүзеге асты. Сабақ бойы оқудағы нәтижелері көрсетіліп, жұмыстар баллдық жүйемен бағаланып отырылды. №34 кабинет талапқа сай жабдықталған, қауіпсіздік журналы талапқа сай толтырылған, оқушылардың зертханалық жұмыс дәптерлері. Ұсыныс пән бойынша білім сапасы төмен, қосымша көмекті қажет ететін білім алушыларға жеке тапсырмалар түрін көптеп беру, сабақ барысында көбірек қадағалап, сөйлету, пәнге қызықтыру, оқу сапасының көрсеткішін жақсарту ұсынылды деп мәлімдеді.
Оныншы мәселе құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Н.Отарбаева сөз алды. Тақырып бойынша мектепте атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып есеп берді. Ағымдағы оқу жылының 11 қараша күні 11а сынып оқушыларына өткізілген «Азаматтық құқық түсінігі. Қос азаматтық. Азаматтықты алу мен тоқтату» тақырыбында құқық сабағы өтілді деп мәлімет берді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдарымен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны орындауға тәрбиелеу мақсатында бір шама жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде деп ақпарат берді. 14.11.2024ж. күні мектеп инспекторы Зиябеков Нұрболат Ізбасарұлының қатысуымен ұлдар жиналысы өткізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстаыр жүргізілді деп мәлімет берді. Қазіргі таңда құқық бұзып жауапкершілікке тартылған оқушылар жоқ деп мәлімдеді.
Онбірінші мәселе эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өткізілуін бақылау нәтижесі бойынша ӘБ жетекшісі А.Темирбаева сөз алды. Өткізілген іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді деп мәлімет берді. Әрбір іс-шара бойынша слайд жасап, суреттерімен таныстырып, мәлімет берді.
Он екінші мәселе «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Б.Кайыпова сөз алды. 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының міндетті түрде оқытылуы қамтамасыз етілген. Оқу курсының мазмұны «Дүниетану» пәні аясында жүзеге асырылады; жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері яғни пән мұғалімдері өздері жүргізіп жатыр деп мәлімет берді.
Он үшінші мәселе тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Ф.Бекмедетова сөз алды. Фарида Қартанбайқызы барлық сыныптар бойынша сынып жетекшілерде тәрбие жоспарының бар екендігін және сол жоспар бойынша апта сайын тәрбие сабақтарының өтілетіндігі туралы атап өтті. 18 қараш күні 6ж, 8к сыынптарында «Ұлттық валюта күні» тақырыбында ашық тәрбие сабағының өткізілгендігі туралы мәлімет берді.
Онтөртінші мәселе 9ә,о,п сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Р.Утеулиева сөз алды. 2024 жылғы 18.11-22.11 күндері аралығында 2024-2025 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша 9 ә, о, п сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуы бақылауға алынды деп мәлімдеді.
Меліс Әділет Марғұланұлы 18.11.2024ж күні 9 «О» сыныбына «Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы» тақырыбында сабақ өтті. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар мен сабақ жоспарының жазылуы талапқа сай орындалған. Сабақтың басында үй тапсырмасы тексеріліп, өтілген тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қайталады. «Кім жылдам?», «Қатесін тап» белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бірнеше тапсырма орындатылды. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде нәтижеге қол жеткізу мақсатында үнемі кері байланыс жасап отырды. Оқушылар тақырыпты жақсы түсінген. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысты, сабақ мақсатына жетті.
Кузенбаева Айсулу Шукпанкызы 20.11.2024ж.күні 9 «Ә» сыныбына «Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақты жоспарлауда оқушылардың жас ерекшелігін ескерген. Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты қызықты өткізді. Мұғалім оқушыларға әрбір тапсырма сайын кері байланыс жасап отырды. Сабақ мақсатына жетті.
Оспанова Амангүл Калиевна 15.11.2023ж күні 9 «П» сыныбына «Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері» тақырыбында сабақ өтті. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар мен сабақ жоспарының жазылуы талапқа сай орындалған. Мұғалім мен білімалушылардың арасында байланыс қалыптасқан. Сабақта оқу материалдары қол жетімді болды. Сабақ барысында ұсынылған тапсырмаларды оқушылар орындай алды, оқушылар өзбетінше дәптермен, оқулықпен жұмыс жасауға дағдыланған. Сабақ мақсатына жетті деп жеке сыныптар бойынша мәлімет берді.
Он бесінші мәселе тарих пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО А.Биниязова сөз алды. Ағымдағы жылдың 08 қараша 2024 ж шығарылған мектепішілік № 212 бұйрықты орындау мақсатында 25.11.24-29.11.2024ж аралығында «Тарих» пәндері мұғалімдерінің қысқа мерзімді сабақ жоспарларын тексеру жұмыстары бекітілген комиссия құрамымен жүргізілді. «Тарих» пәндері бірлестігі мұғалімдерінің жалпы саны-17.
Тексеру нәтижесінде пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары 2024-2025 оқу жылында ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып құрылған, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жазылған.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарлардың оқу мақсаттары ұзақ мерзімді жоспармен сәйкес келеді. Сабақтың мақсаты оқу мақсатына сәйкес оқушының деңгейіне байланысты: барлық оқушылардың, көпшілік оқушылардың меңгеретін мақсаттарына бөлінген. Сабақтағы іс-әрекеттерге тоқталатын болсам, сабақ кезеңдері, педагог, оқушы іс-әрекеттері, бағалау және ресурстар бөлімдерін бойынша ретімен жазылған. Тапсырмалар және қалыптастырушы бағалау жұмыстары оқу мақсатына негізделіп және жас ерекшелігін ескере отырып жасалған. Ресурстарда оқулық, жұмыс дәптерлері, прзентациялар, интернет ресурстары қамтылған. Интер белсенді әдіс-тәсілдердің түрлерін, бағалау түрлері, рефлексия жазылған.
Қосымша білім беру сайттарын, электронды оқулықтарды, әдіс-тәсілдердің түрлерін көбірек пайдалануға ұсыныс берілді деп мәлімдеді.
Он алтыншы мәселе мектептің отбасымен өзара әрекеттесуін бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Ф.Бекмедетова сөз алды. Ф.Қартанбайқызы мектепішілік жоспарға сай ата-аналармен жүргізіліп жатырған жұмыстар бойынша тоқталып, есеп берді. 25.11.2024-29.11.2024ж. аралығында өткізілген «Бала жүрегіне жол табу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында жиналыс болды деп есеп берді. Ата-аналар өткізілген жиналыстан өздеріне үлкен көмек алғандарын айтып, мектепке өз алғыстарын білдірді деп мәлімдеді.
Он жетінші мәселе 6г,д,з,и,м.н сыныптарында музыка пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша ӘБ жетекшісі комиссия мүшесі А.Темирбаева сөз алды.
Шешім:
1.Өткен ДЖК шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;
2. Өрт қауіпсіздігі талаптарын іске асыруды бақылау нәтижесі бойынша атқарылған жұмыстар қанағататнарлық, әрі қарай да жұмыс жоспар бойынша жүйелі түрде іске асырылсын (жауапты ДТЖЖО, ДШЖЖО);
3. 4ж,з,и,к сыныптарында көркем еңбек сабағының оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
4. 11в,г сыныптарында физика пәндерінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдер тарапынан басшылыққа алынып, медиасауаттылықты дамыту қолға алынсын;
5. 5-7 сынып білім алушыларының сабаққа қатысуын бақылау нәтижесі бойынша жұмыстар қанағаттанарлық, сабақтан кешігетін және себепсіз қалатын оқушылардың санын азайтуды басшылыққа алу сынып жетекшілер мен ДТЖЖО жүктелсін;
6. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі бойынша мұғалімдердің ҚМЖ жоспарлары талапқа сай деп бағалансын;
7. Профилактикалық екпе егуді бақылау нәтижесі бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын;
8. Ынталы оқушылармен жұмысты бақылау
9. 10 г,д сыныптарында биология пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
10. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқырылып жатырған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын, жұмыс жоспарлы түрде жалғасын тапсын;
11. Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өте жоғары деңгейде өтті деп бағалансын;
12. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының оқытылуы жоспарға сай жалғастырылсын;
13. Тәрбие сағаттарының тиімділігін бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныс пікірлер сынып жетекшілер тарапынан басшылыққа алынсын;
14. 9ә,о,п сыныптарында алгебра пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын;
15. Тарих пәні мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бақылау нәтижесі қанағаттанарлық деп танылсын;
16. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі бойынша атқарып жатырған жұмыстар өте жақсы деп бағалансын, әрі қарай жоспарлы түрде жалғастырылсын;
17. 6г,д,з,и,м.н сыныптарында музыка пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстарда пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын.
Мектеп директоры Сейтахметова Г.А.
Хатшы Жангабылова С.