Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2020

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай
міне, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
"Өз жылуыңмен бөліс" жобасы бойынша 9"Ә"  сыныбы Шаңырақ ықшам ауданындағы Камалова Ақжарқын апамыздың үйіне барып, өмірімен танысып, қамқорлық көрсетіп қайтты. Қайырымдылық акциясына өз үлесімізді қосып,  қарттарға қолқанат болуды әрқайсысымыз өзімізге борыш санауымыз керек.