Мәдениет және өзін –өзі ұстау әдебі тақырыбындағы дөңгелек үстел » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мәдениет және өзін –өзі ұстау әдебі тақырыбындағы дөңгелек үстел
14
январь
2020

Мәдениет және өзін –өзі ұстау әдебі тақырыбындағы дөңгелек үстел

Мәдениет және өзін –өзі ұстау әдебі тақырыбындағы дөңгелек үстелдің сценариі 


күні:14.01.2020ж

өткізген сыныптар: 8 «Г» және 8 «Ж»

сынып жетекшілері: Темирбаева А.А,   Мейірімханова  Ж .Ж


 1-Мұғалім:Қайырлы күн құрметті оқушылар және біздің қонақтарымыз.Бүгін сіздермен  Мәдениет және өзін –өзі ұстау әдебі тақырыбындағы дөңгелек үстелімізді бастаймыз.Ортадағы  столға   осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салатын оқушыларымыз шақырамыз. Екі сынып бойынша балалар бүгінгі сұрақтар бойынша жауа беріп отырса. 


2 –Мұғалім Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қонағы мектептің тәрбие ісінің орынбасары Барақбаев Айтуған , аға Тәлімгер Иманбекова Меруерт .


1-мұғалім: Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:

  • мәдени әрекет,
  • мәдени орта,
  • мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
  • мәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Мәдениетті екенімізді сыртқы ортада, адамдармен   қарым-қатынаста қалай көрсетеміз. Ол үшін мына ережелерді айтып өтейік.


Бірінші ереже. Әңгімелесудің алғашқы 60 секунды Сіз қандай адам екендігіңізді толық көрсетеді.  Жүрісіңіз, сымбатыңыз, танысқан кездегі өзіңізді қалай ұстағандығыңыз, алғашқы айтқан сөздеріңіз, дауысыңыздың тембрі, киіміңіз, шашыңыз...- осының барлығы Сіз жайлы алғашқы пікір қалыптастырады.

 

Пунктуалдылық, яғни барлығын уақытында істеу.

Уақытты дұрыс жоспарлау, тапсырманы уақытында орындау, кездесудегі пунктуалдылық – осының барлығы іскер адамды жақсы қырынан көрсетеді. Мысалы, маңызды кездесуге кешігіп келгеніңіз – сіздің сенімсіз адам екендігіңізді көрсетіп, кездесу болмауы мүмкін. Кәсіби білікті  адамдар тек өз уақытына ғана емес, сонымен қатар басқа адамның да уақытына құрметпен қарайды.

Тек өзін ғана емес, басқаларды да ойлау, ұжыммен жақсы қарым-қатынаста болу.

Өзімшілдік, басқа пікірді құрметтемеу, шыдамсыздық – осының барлығы бумеранг сияқты сізге қайтып келуі  мүмкін. Кез келген қызметкер, сынға, қоластындағылардың кеңесіне құлақ асуы керек және әріптестерінің тәжірибесін құрметтеген жөн.

Сіздің сөйлеген сөзіңіз, жазған жазуыңыз сауатты болғаны жөн.

Адамның сауатты сөйлей білуі оның кейпіне жалпы ықпал етеді. Сөйлей білгендігіңіз кез келген сұрақты шешуге көмектеседі. Бүгінгі күннің іс адамына жетістікке жету үшін, риторика өнерін игеру керек, яғни сөзге шешен болғаны жөн. Өзіңіздің дикцияңызды, сөзді жеткізуіңізді, интонацияңызды қадағалауыңыз керек. Іскерлік кездесуде ешқашан жаргон сөздерді қолдаңбаңыз, басқа адамдарды тыңдай біліңіз, сізге оны тыңдау қызық екендігін көрсете біліңіз.

 «Тең жағдайда» кім бірінші болып амандасады (жасы, жынысы, қоғамдағы орны)?

Осы сұраққа жауап беру үшін франциялық әскери жарғысын еске түсірген жөн, ол жерде айтылғандай, шендері бірдей офицерлер кездескенде, ең бірінші болып тәрбиелісі амандасады. Шынын айту керек, бұл осы сұрақтағы ең дұрыс шешім болып табылады.

Сізге қол созған адамның қолын ұстамағаныңыз, бұл адамды қорлағаныңыз болып табылады.  Осындай әрекетті тек жауласқан адаммен ғана жасауға болады.

Егер сіз қолғапта болсаңыз, амандасқанда қолғапты шешкеніңіз жөн. Тек әйелдер ғана ер кісілермен амандасқанда қолғапты шешпейді. Әрине осындай жағдайда әйелдің қолынан сүймейді. Әйелдің қолын сүю дәстүрі бізден гөрі көбінесе Батыс елдерінде кең таралған. Ал егер салтанаттарда, марапттауларда әйелдің қолын сүйсе, бұл оған деген құрметтің көрінісі болып табылады. Қолдан сүю тек «символдық» тұрғыда болу керек, яғни ерінді ақырын ғана қолға тигізу. Қатты сүю әдепсіздік болып саналады.

Шиеленіс  жағдайында өзін ұстаудың ережелері.

  1. Есте сақтаңыз, шиеленіс  кезінде, адамда алға сана емес, эмоциялар шығады, бұл аффекте әкеледі.
  2. Көпальтернативті амалын ұстаныңыз, өз ұсынысыңызды жасай отырып, әріптесіңіздің ұсынысын жоққа шығармаңыз.
  3. Шиеленісті шешудің сізге маңызды екендігін түсініңіз.
  4.  Егерде сіз және әріптесіңіз ашуланған, агрессивті жағдайда болсаңыз, ішкі ашуыңызды басыңыз.
  5. Адамдағы жағымды, жақсы қырларына назар аударыңыз, осындай жағдайда ол одан да жақсы болуға әрекеттенеді.
  6. Әріптесіңізге сіздің орыныңызға тұруды ұсыныңыз. Бұл қиын жағдайды шешіп, оны эмоциялық күйден  жағдайды түсіну күйіне  әкеледі.
  7. Өз жетістіктеріңізді өтірік еселетпеңіз. Біреуден жоғары екендігіңізді көрсетпеңіз.
  8. Қалыптасқан жағдай үшін тек өз әріптесіңізді айыптамаңыз.
  9.  Келіспеген жағдайдың нәтижесіне қарамастан қарым-қатынасты бұзбауға тырысыңыз.


Ал балалар осы ережелерді слаидтан көріп отырғандай ой ойларыңызды айтып өтсеңіздер .

(балалар өз ойларын ортаға салады)

2-мұғалім қорытынды сөзді қонақтарымызға берейік .