Заман талабы-сандық сауаттылық (салтанатты жиын) » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2020

Заман талабы-сандық сауаттылық (салтанатты жиын)

Заман талабы-сандық сауаттылық

(салтанатты жиын)

Мақсаты: Оқушылардың зияткерлік мүмкіндігін дамыту,шығармашылыққа баулу,интернет-сауаттылықты және зерттеушілік дағдыны қалыптастыру 


Бұл іс-шараны ұйымдастыруда : сабақтан тыс жұмыстар арқылы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру барысында мектепті дамыту жоспарының «Құндылықтар мен мәдениет» атты 1- бағыты басымдыққа алынды.

Жанайым: Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Тәңірберген:Біздің «Заман талабы – сандық сауаттылық» атты математика және информатика  онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты жиынымызды бастаймыз!

Жанайым: Олай болса  бүгінгі кешіміздің  ең ақылды жүргізушісі ол  Ғабитұлы Тәңірберген 

Тәңірберген: асыра мақтап жібермедіңбе Аяна?

Жанайым: Мен жай сценарий бойынша айтып жатырмын. Сен де мені ақылды Әуелбек Аяна  деп немесе басқа сөз ойлап тауып, таныстырсаң болады.

Тәңірберген:Ендеше бүгінгі кешіміздің  ең   алғыр жүргізушісі Советбекова Жанайым

Жанайым : Олай болса кешімізді бастайық

Тәңірберген: Кешіміздің шымылдығын мектебіміздің мың бұралған бишілері «Би нұры» би тобын ортаға шақырамыз.

Жанайым

-Жанайым саған қызықты мәлімет айтсам бола ма?

Жанайым: Айта гой 

 Тәңірберген: 

  • Білесіңбе? Ең алғаш кім интернетті ойлап 

тапқанын

Жанайым – Жоқ, білмеппін, ол кім екен?

Тәңірберген-Тим Бернес Ли

Жанайым -Рақмет, сенің арқанда білетін болдым

Жанайым:  ал сен білесінбе? WIFI-ді кім шығарғанын?

Тәңірберген: -Жоқ, білмеппін, ол кім екен?

Жанайым: -Ол ағылшын ғалымы ВИК ХЕЙЗ екен

Тәңірберген: Ооо керемет! Адамзат өміріне жеңілдікпен бірге жалқаулықты әкелген  осы ғалымдар екен гой .

Жанайым:  Ия Тәңірберген технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Сондықтан болар  еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды.

Тәңірберген: Дұрыс айтасың Жанайым мессенджердегі қарым-қатынас, онлайн төлемдер, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамның күнделікті істерінің бір бөлігі болып табылады. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қабылдай отырып, қазақстандықтардың өміріне қарқынды енген цифрландыру экономиканың жаңа моделін жасайды, онда тек базалық салалар мен бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның бүкіл өмірі де цифрленген.

Жанайым: Мысалы, eGov.kz электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Бұл – өтініштер беру, анықтамалар алу, лицензиялар алу, есепке қою, тіркеу және басқа да операциялар сияқты қызметтер мен сервистер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да көптеген ұйымдар, мысалы, банктер мен почта, қағаз құжат айналымынан құтыла отырып, өз жұмысын электрондық форматқа ауыстырады. Бірақ, барлық азаматтар жаңа технологияларды пайдалана алмайды. Оны шешу үшін халықты үйреншікті қызметтерді жаңаша пайдалануға үйрету қажет.

Тәңірберген: Ең алдымен, "цифрлық сауаттылық" терминінің бірыңғай түсінігін анықтау қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі.

Жанайым:   Иа Таңірберген аз уақыттың ішінде технология өте тез дамып үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Осыдан 25-30 жыл бұрын технология дамымай тұрған кезде адамдарға қалай қиын болған десеңші ия

Тәңірберген: Олай болса 25-30 жыл бұрын біздің ата-анамыз, ата-әжелерімізде қандай қиындықтар болды екен. Бір шолу жасап көрейікші.

  1. Көрініс. Осындан 25-30 жыл бұрынғы студенттердің қиындығы
  2. Көрініс. Қазіргі кездегі студенттердің өмірі
  3. Көрініс. 25-30 жыл бұрынғы құжат жинаудағы қиындықтар.
  4. Көрініс. EGOV.kz  порталының тиімділігі


Жанайым: Ия Тәңірберген енді болашақта адамзаттың атқаратын істерінің 60%  роботтар атқарады дейді ғалымдар. Ол кезде өмір сүру бұдан да жеңілірек болмақ.

Тәңірберген: Олай болса Роботтарымызды ортаға биімен шақырайық.

Роботтар биі

Жанайым: Келесі кезекті әсем әнге берейік. 7 к сынып оқушысы .....

Тәңірберген: Біздің салтанатты кешімізді көруге келген көрмермендерге де көңіл бөлуді ұмытпайық!

Жанайым: Жарайды Тәңірберген! Олай болса көрермендермен «Стоп» ойын ұйымдастырып жіберейік!

Көрермендерге қойылатын сұрақтар: 1- қатар

  1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2.     Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3.     Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4.    Пернеден жасқанатынадам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы(тышқан)

5.   Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)

6.   Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

7.    Барлық адамдарды шырмауына түсірген тор (интернет)

8.       (Білмесең білгеннен сұра) Білмесең, «Гугл»-дан сұра 

9.   Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды   (Досы күштіні – жау алмайды)


  1. 3 Мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса, 6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды?  Жауабы 1 мин
  2.  Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
  3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакандағы шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
  4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
  5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
  6.  Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
  7. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? жауабы12
  8. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады 5
  9. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды?                                   (6 орындық)
  10. Сиыр неге жерге жатады? (Өйткені, отыра алмайды)
  11. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе? (Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар)