«Информатика-математика» апталығының ашылу салтанаты » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2020

«Информатика-математика» апталығының ашылу салтанаты

«Информатика-математика»  апталығының ашылу салтанаты

1-жүргізуші:Құрметті оқушылар мен ұстаздар!Бүгінгі «Математика-информатика» апталығының ашылу салтанатты кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән онкүндіктерінің  орны ерекше және  өткізудегі негізгі мақсатымыз-оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланбай,өмірмен де байланысын сезінуі қажет деп білеміз.

1-жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанған,
 Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
 Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
 Жасықтан емессің сен қаталдансың
 Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
 Нағыз пән математика атанғансың
 2-жүргізуші: Құтқарып  ауыр  бейнеттен
 Техниканы  үйреткен
 Роботтай –адамды
 Тіл  бітіріп  сөйлеткен
 Компьютер  емей  немене
 Білмегенді  білдірген
 Өлшеп  киім  кигізген
 Барлық  істі  атқарып
 1-жүргізуші

Ұстаз!Ол ақыл –ойдың кені емес пе?

Көш бастар замананың ері емес пе?

Жатталып кейінгіге хаты қалған

Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе?- дей келе,мектебіміздің құрметті де қадірлі математика және информатика пәндерінің мұғалімдерін ортаға шақырамыз.

 2-жүргізуші:Үмітхан Нұрғалиқызы ,Раушан Шамшақызы,Раушан Сахиевна

2-жүргізуші:Салтанат Мұхамбетқызы,Айсұлу Шүкпанқызы,Бота Лесбекқызы

 1жүргізуші:-Алия Нәсілжанқызы, Зейнегүл Қырғызбайқызы, Жазира Қуандыққызы ,  Гулнар Тілеужанқызы 

 2жүргізуші:-Мейрамгул Баяхметқызы ,Алия Төлеуқызы,Самал Бармешқызы 

1жүргізуші:-Бағдат Қонысбайқызы,Амангул Рапкатқызы,Асем Нурланқызы

2жүргізуші: «Жас келсе-іске» дегендей,ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында Жас ұрпақтың тағдырыолардың бойына білім мен ізгілік нұрын себелейді. Жас маман деген кім?

Ж-жігерлі

А-алғыр

С-сұлу да сымбатты

М-мақсаткер

А-айтқанды екі етпейтін

М-мінезі жайсаң

А-арманшыл

Н-насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.

1жүргізуші: Әділет Марғұланұлы, Манас Дулатбайұлы,Шуақ Рахмет ,Ботакөз Хайруллақызы,Аяжан Нұрсұлтанқызы,Қымбат Сабыржанқызы-қол шапалақтан қолдап отырайық.

2жүргізуші:-Сахнаға  биші қыздарымызды шақырып,өнерін бір тамашалайық.

(сахнаға би тобы шығады)

1-Сахнада мектебіміздің 10 сыныптары ұйымдастырған математика және информатика пәндеріне байланысты құрастырған  шағын ертегімізге көңіл бөлейік.

Математикалық   ертегі

Ертеде әжесі мен екі немересі (аттары Білім мен Ғылым) «Құпия ғылым » аралында өмір сүріпті. Бір күні немерелері мектептен шаршап шығады да жолдан 

«МИ» мейрамханасынан ас ішуге кіреді.

Даяшы қыз: «МИ» мейрамханасына қош келдіңіздер.

Б: Сәлеметсізбе ,   неге  мейрамхана «МИ» деп аталған?

Д:   М- математика ғылымдар патшасы; И – информатика ақпараттар ғылымы . Қатты шаршаған сияқтысыздар мен сіздерге ас мәзірін ұсынайын, « Білімді қорыту үшін тәбеттеріңіз жақсы болу керек»  (ас мәзірін ұсынады , ол интербелсенді тақтадан көрсетіледі )

                                         Ас мәзірі:

Бірінші тағам:      МИ  кеспесі                                         Салаттар:            МИ ассортиі

                             Математикалық  тұшпара                                              Жұмбақ оливьесі

                             Информатикалық борщ                                                  Логикалық винегрет

Екінші тағам:       Қазақша ет                                            Сусын:           Олимпиадалық  кофе

                             Кестелі палау                                                                Алгоритим шырыны

                             МИ гарнирі                                                                  Газдалған МИ коктейлі


Тапсырыс береді: ЕКЕУІДЕ:   фирменный тамақтарыңызды бере беріңіз 

                              Даяшы: МИкеспесі, МИ гарнирі,  Жұмбақ оливьесі, Олимпиадалық кофе

(Ғылым мен Білім  ас келенше бір –бірінен бүгінгі күндері қалай өткендіктері туралы сұрайды)

 Б: Мен бар ғой мен бүгін математика сабағын оқығым келмей ,апайдан қорыққанымнан ғана түк түсінбесемде дәптерге сандарды, есептерді, фигураларды өтірік сызып, жаза бердім.(дәптерін көрсетеді) Математика   пәнін жек көрем,жыныыым келеді.

Ғ: Менде жек көрем ещё бар ғой маған информатикада ұнамайды

Б: Неге информатика математикадан жақсы ғой.

Ғ: Ой қайдам, апай дегенің жаңалықты ақпаратты және робототехника жөнінде оқыңдар; ғылым құпиясының негізі осы математика мен информатикада адам дегенің рухани жаңғыру аясында өз білімін дамыту керек деп ойында ойнатпайды. Сондықтан жек көрем ғой жееек көрем.

Б. Ғылым мен бар ғой сиқыршы болсам осы  пәндердің апайларын 40минут бойына ұйықтатып қойып, сотка мен компьютерден FIFA  және ГТА –ны ойнап отырушы едім.

Даяшы : ас әкеледі ( біздегі астың сиқыры өте күшті ,астарыңыз дәмді  болсын )

 Ғ: Білім сенің апайларды ұйықтатам дейсің бе? Әй духың жетпейді-ау жетпейді( басын шайқайды)

Б:  тамақтары дәмді екен иә.Сиқыры күшті деді ме? Онысы несі бізге сиқырлаған тамақ беріп жүрмесін.

Ғ:  не болса да  өте дәмді екен 

Б: Давай, үйге барсам әжем ойын ойнатпайды осы жерде отырып , FIFA  ма ГТА  ма қайсысын ойнайық? (Біреуі соткасын біреуі ноутбукті алады)

Ғ:  Әжем неге кешіктіңдер десе не дейміз?

Б. Солда сөз болып па   пәленің бәрін апайларға жаба салмаймыз ба? Сөйтті, бүйтті, -деп.

Ғ: Мәссаған мыны қызықты қара соткам істемейді

Б: Менің   ноутбукімде істемей тұр,   бұның бәріне не болды? Ғылым сағат неше болды? 

Ғ: Сағаттың бетінде бірде-бір цифр жоқ .Не болып кетті өзі?

 Б: Мен мына жерден қорқа бастадым қайтайық ( екеуі құшақтасып үйге келеді әжелеріне келісімдері бойынша апайлары ұстап қалды деп өтірік айтады да әжесінен сағат сұрайды)

Әже: Құдай –ау мына сағатқа не болған бетіндегі  сандар   қайда кеткен?( екеуі бір-біріне қарап аң-таң болып қалады) Сендер бірдеңе бүлдірдіңдер ме? МИ-ға барып тамақ ішіп, ғайбат-жаман  сөздер айттыңдарма? Бәрін бүлдірген екенсіңдер енді қайттік?( екеуі төмен қарайды)

(Тылсым күш: дауыстап) Ау, балалар ! сендер бағана айтқан жаман ойларыңды өзгертіңдер.  Сандарсыз бүкіл әлем ғылымдары сөйлемейді. Бәрін қалпына келтіріп, ой-өрісімізді кеңейтеміз ,білімді боламыз атымызға затымыз сай болады  десеңдер оқыңдар оқы , оқы,  оқы...ыыы

Балалар: Біз кешірім сұраймыз, ешкімді ренжітпейміз бәрінің қалыпқа келуін өтінеміз.Қайта бастау үшін не істейміз?

(Тылсым күш: дауыстап) 

Тыңда, жас ұлан!

Мектепке келдің, ұстазды көрдің

Жазу мен сызу,санауды үйрендің

Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек 

Сырына оның үңіліп көрсек

Математикасыз дүкенге бара алмаймыз

Математикасыз үйлерді сала алмаймыз

Математикасыз уақытты біле алмаймыз

Математикасыз тарихты жаза алмаймыз

Математика – бар ілім басы

Математика- ғылым патшасы

Информатика – өмір тірегі

Информатика- шәкірт жүрегі


Ал мен сендерге батамды берейін! Мынау жыл басы  тышқан жылымызда,

Ғылым патшасы математикадағы сыр шертетін сандар аман болсын,

Робыттай көмекшілерің қастарыңда болып, пәле –жаладын сақтап, аллам жар болсын Әмин!

Сандар қайта оралатын болды деп балалар қуанады. Сандар шығады.

Бір дегенім - бесік,

Шықтым одан өсіп.

Екі дегенім - елім 

Далам,тауым көгім.

Үш дегенім – үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім – жалау,

 Жүректегі алау.

Сегіз дегенім – сөзім

Серт беретін кезім.

Тоғыз дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім -  Отан 

Қорға соны ботам.


Компьютер :             Интернет желісін жүктейсің де,

                                   Әлемдік жүйеге сен енесің

                                  Өмірдің тулап жатқан толқынында

                                  Өзіңді өзгелермен тең көресің

Робот:                   Маған  тіл бітіріп сөйлеткен , компьютерге мың алғыс!

Рольдерде ойнағандар:         автор - 

                                                  Әже – 

                                                 Ғылым- 10А сынып оқушысы Әлішер 

                                                 Білім - 

                                                 Сандар -  

                                                 Компьютер

                                                Робот 



1жүргізуші:Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! 

2жүргізуші:Ендігі кезек,көрерменге де келіп жетті.Көрерменнің қаншалықты дәрежеде жұмбақ шеше алатынын көрейік.

1-жүргізуші:Алды артымыз шексіз де
 Жете алмайсың біздерге.
 Сәуле менен кесінді
 Шыққан тегін білсе де. (түзу)

2жүргізуші:- Күшіне сенген бір мықты
 Жығып алып сегізді
 Қайда барайын дегізді (шексіздік)
 1жүргізуші:-
Бір сабаз мінезі тік, қатал, мықты,
 Жаңа ұғым геометриялық ойлап - тауып
 Сыйлыққа Пифагордан бата алыпты.(Тік бұрышты үшбұрыш)
 2жүргізуші:- Шекер жейтін ақ құтан
 Бір қазыққа байланды
 Аузына тістеп шекерін,
 Ол қазықты айналды (циркуль)
 1жүргізуші:
-. Егіз туған қос жүйрік
 Жарыса шауып терлейді
 Терлеген сайын өрлейді,
 Бірін бірі көрмейді.
 Дамылсыз қанша шапса да
 Бір мәреге келмейді (паралелль түзулер)
 2жүргізуші:-
Екі ғана қабыртқа
 Белбеуі бір жануар
 Белбеуіне жазылған
 Өзінің меншік заңы бар.
 Бірі кіші, бірі үлкен
 Қос табаны тағы бар
 Мұндай ғажап нәрсеге
 Әркімнің де заңы бар (трапеция)

1жүргізуші:-Көзіменен көрсетеді,
 Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
 Алдына оның келсе теңі ( монитор)
 
 2жүргізуші:
-Білмейсің өлі, тірісін,
 Қолыңа алсаң әпсәтте,
 Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
 

 1жүргізуші:- Бар нәрсеге жетік
 Миы күшті тетік
 Ол арқылы сөйлесіп
 Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)
 

 2жүргізуші:-Әдетте үнсіз тұрамын
 Белгі берсең ұғамын
 Жазуы бар қағаздың
 Құралы боп шығамын (принтер )
 
 1жүргізуші:- Компьютердің айнасы
 Бағдарыңды таңдашы
 Сурет, сөзін көрсетіп
 Тиер саған пайдасы (монитор )

2жүргізуші:-Өте жақсы.Керемет әсер. Енді осы әсермен көрермендерге тағы бір қызық қуанышымызды бөліспекпіз.

1жүргізуші:-Жақсы ойын кезегі келіп тұрған секілді.Қазір сіздермен Айсұлу апайымыздың басқаруымен «Капитан» ойынын ойнап көрелік.

«Капитан» ойынының шарттарымен таныстырып өтейін.

(Айсұлу апай жиналған балалармен бірігіп,ойынды жүргізеді)

2жүргізуші:-Керемет болды.Көрермендерімізде бір шаттанып қалды.

1жүргізуші:Математиканы жаны сүйіп,өмірінің бір бөлшегіне айналдырған,математиканы жаны сүйетін,мектебіміздің мәртебесін аудан көлемінде көтеріп,абыройын асқақтатқан,биылғы оқу жылының олимпиада жүлдегерлері-9 «И» сынып оқушысы-Нүрәжі Айтолқын

2жүргізуші: 10 «В» сынып оқушысы-Тұрсынжан Медет

 1жүргізуші:-Келесі кезекте,осы пәндермен жүргізілетін онкүндік жоспарларымен таныстырып өтейік.

(Жүргізушілер кезектесе отырып,онкүндіктің жоспарымен таныстырады.Тақтаға жоспары салынады)

2жүргізуші:-Сахнаға тамаша әншіміздің бірі...шақырамыз.(сахнада ән айтылады)

2жүргізуші:-Сонымен,бүгінгі кешіміздің де аяқталу сәттеріне жеткен секілдіміз. Елбасымыз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы. 20 жыл ішінде  біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.
 
 1жүргізуші:Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жұмыс жасайық. 
Білімді және Белсенді болыңдар!
 
 

Келген көрермендерге мың алғыс!!!