Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2025

Педкеңес №3

Хаттама №3



№26 ЖББ мектеп

28 қазан 2025 жыл


            №26 ЖББ мектепте 2025 жылдың 28 қазан күні мектеп мұғалімдерімен педагогикалық кеңес болып өтті.


Қатысқандар: мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы, уақытша педкеңес төраға Б.Абілдаев.

Мұғалімдер саны – 

Қатыспағандар саны -

Себепті – 


Тақырыбы:   «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу, ата-аналарға педагогикалық қолдау»

Күн тәртібінде:


1.  Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар есебі (жауапты Отарбаева Н.С.)

2. Оқушылардың оқуының сапасын бағамдау бойынша эвалюация

(I тоқсан бойынша үлгерім , сапа көрсеткіштері) (жауапты Биниязова А.Ж.)

3. .«Алтын белгіге» және «Қызыл аттестатқа» үміткер оқушыларды анықтау, бекіту.   (жауапты Биниязова А.Ж.)

4. Әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасы  балаларына ұйымдастырлыған көмек есебі (ыстық тамақпен қамтамасыз етілу сапасы) (Жауапты Бейсенова Р.)

5.Әртүлі мәселелер


Тыңдалды:

     Кеңес төрағасының уақытша міндетін атқарушы Б.Абілдаев №3 педагогикалық кеңеске қатысушыларға тақырыпты таныстырып, кеңесті ашық деп жариялады. Кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдады.

Бірінші мәселе бойынша ДТЖЖО Отарбаева Н.С. баяндамасын А.Сухомилинскийдің «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген сөзімен бастады. Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу жұмыстары бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды. 

  • 08.09. күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 5-11 сыныптар  арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
  • 12.09. «Тұрмыстық зорлық зомбылық» тақырыбында 10-11 сыныптарға мектеп инспекторының қатысуымен жиналыс өткізілді;
  • 15.09. «ДосболLike»   жобасы аясында «Буллингтен қорған» 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өтті;
  • 16.09. «Есіркісіз болашақ-жарқын өмір кепілі» тақырыбында қалалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полция полковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлының қатысуымен 10-11 сыныптарға түсіндірме жұмысы жасалынды;
  • 24.09. 232-1- бабын іске асыру мәселесі бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстар санының өсуіне байланысты 8-11 сынып оқушыларына арнайы топ мүшелерімен Ювеналды полиция аға лейтенеанты Балакан Рустем Аянұлының қатысуамен түсіндірме жұмыстары жасалынды;
  • 13.10 «Жақсы болса – ой-сана» таұырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында мектеп-психологтары тренингтер өткізді;
  • 17.10. «Мектеп парламент» мүшелерімен мектептің ішкі тәртібі туралы жиналыс өткізілді;
  • 21.10. Мектеп инспекторы Н.І. Зиябеков әрбір сыныпты аралап құқық бузушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға каникул кезіндегі қауіпсіздік пен тәрті туралы түсіндірме жұмысын жасады.

Аптасына сынып жетекшілер мен штаб отырысы өткізілетіндігі туралы, оқушылар арасында құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде атап өтті. Егер оқушылар арасында әртүрлі жағдайлар болатын болса, осы жерде қаралады деп мәлімдеді. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127, 131, 132, 133, 200, 440, 441, 442- баптарына түсініктеме берді. 

Екінші мәселе оқушылардың оқуының сапасын бағамдау бойынша бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. 2025 – 2026 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша сыныптардың үлгерім, сапа есебінің эвалюациясына тоқталды.

Барлық оқушы саны – 3657

1 сыныптардағы оқушы саны – 387

2 – 11 сыныптардағы оқушы саны -  3270


Озаттар саны – 655

Екпінділер саны – 1462
 Сапа көрсеткіші – 60%


Сыныптар

Барлық оқушы саны

Оқу озаты

Оқу екпінділері

Сапа көрсеткіші

2 сынып

373

123

122

65%

3 сынып

383

103

158

68%

4 сынып

407

96

166

64%

5 сынып

359

70

156

62%

6 сынып

320

59

142

62%

7 сынып

340

35

154

55%

8 сынып

335

17

159

52%

9 сынып

342

23

164

54%

10 сынып

178

5

93

55%

11 сынып

159

13

80

58%

Барлығы

3196

544

1394

60%


        50 пайыздан төмен көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптар


Сыныбы

Сынып жетекшісі

Пайызы

1

7 «Б»

Шапақ Салтанат Тасқынбекқызы

48%

2

7 «Д»

Ермухатова Салтанат Жанисовна

48%

3

8 «Е»

Абишова Куралай Куандыковна

48%

4

8 «Н»

Намазиманова Адеми Ахатовна

48%

5

9 «И»

Мейірімханова Жансая Жанатқызы

48%

6

10 «Ә»

Базарбекова Меруерт Оспановна

44%

7

10 «Е»

Нурбаева Акмарал Отыншиевна

44%


    Кеңес төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Сулейманұлы сыныптар бойынша білім сапасына тоқталып өтті. 45 пайыздан төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптарға жекелей тоқталып, сапаның төмен болуының себебін сұрады. Сынып жетекшілеріне қосымша жұмыс жоспарын жасап, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуге тапсырма берді және келесі №4 педагогикалық кеңесте қайта қарауға алды.

            Үшінші мәселе «Алтын белгіге» және «Қызыл аттестатқа» үміткер оқушыларды анықтау, бекіту бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. Алтын белгігі үміткер 1 оқушы. 11 «А» сынып оқушысы Исенбек Жанерке Жандаулетқызы деп мәлімет берді. 

11-сыныптар бойынша қызыл аттестатқа үміткер – 16 оқушы. 

  1. Абдинаби Толғанай Жақсылыққызы – 11 «А» сынып
  2. Абдрасил Айым Ерболатқызы – 11 «А» сынып
  3. Абжан Күсер Манасқызы – 11 «А» сынып
  4. Молдаш Әдемі Бекзатқызы – 11 «А» сынып
  5. Есімқұл Алуа Аскарқызы - 11 «А» сынып
  6. Алмасқызы Айым – 11 «Б» сынып
  7. Көпен Аяна Русланқызы – 11 «Б» сынып
  8. Дәутәлі Диана Ақылдасқызы – 11 «В» сынып
  9. Мұратжанқызы Алина – 11 «В» сынып
  10. Мәмбетәлі Инбат Қанатқызы – 11 «Г» сынып
  11. Темірхан Мерей Қайратқызы – 11 «Г» сынып
  12. Изтилеу Дана Серікқызы – 11 «Д» сынып
  13. Заманбек Арайлым Ерболқызы – 11 «Д» сынып
  14. Бексултанқызы Асұлу – 11 «Д» сынып
  15. Болат Амина Серікқызы – 11 «Д» сынып
  16. Бөрібай Аяжан Дауренқызы – 11 «Д» сынып

9 сыныптар бойынша қызыл аттестатқа үміткерлер — 24 оқушы.

  1. Төлеухан Ертілеу Бауыржанұлы – 9 «Ә» сынып
  2. Хамитов Мухамеджан Пархотович – 9 «Ә» сынып
  3. Омар камила Артурқызы – 9 «Б» сынып
  4. Әбдіғани Жанерке Болатбекқызы – 9 «В» сынып
  5. Жұмабек Әсем Даулетбекқызы – 9 «В» сынып
  6. Бейсенбай Нұрдаулет Дидарұлы – 9 «В» сынып
  7. Казахбаева Айзат Нургисаевна – 9 «В» сынып
  8. Аманғали Айзере Ерғалиқызы – 9 «Г» сынып
  9. Мейрамбек Тоғжан Нұрғалиқызы –  9 «Г» сынып
  10. Серікбай Аруна Асханқызы – 9 «Д» сынып
  11. Әкімхан Інжу Қуанышбекқызы – 9 «Е» сынып
  12. Орынбаев Диас Шарапович – 9 «Е» сынып
  13. Айдарқызы Аружан – 9 «Ж» сынып
  14. Айдарқызы Аяжан – 9 «Ж» сынып
  15. Өмірзақ Алина Қанатқызы – 9 «И» сынып
  16. Тұрсын Нұрайла асқарбекқызы – 9 «И» сынып
  17. Миримхан Шырын Оңғарбекқызы – 9 «И» сынып
  18. Әділқұл Раян Саламатқызы – 9 «К» сынып
  19. Бекмуратова Аяулым Атабековна – 9 «К» сынып
  20. Темірхан Камилла Қайратқызы – 9 «К» сынып
  21. Амантай Айша Амантайқызы – 9 «Л» сынып
  22. Жанкелдіқызы Көркем – 9 «Л» сынып
  23. Тәуірбай Адиля Пернебекқызы – 9 «Л» сынып
  24. Ыбырай Айшолпан Ердосқызы – 9 «Л» сынып

Төртінші мәселе әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасы   балаларына ұйымдастырлыған көмек есебі (ыстық тамақпен қамтамасыз етілу сапасы) бойынша Бейсенова Р.Б. сөз алды. Мектеп оқушыларын тамақтандыру кезінде сапалы және денсаулыққа қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында - "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығын, Алматы қаласы Білім басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы №42.1-42.02/195-И хатын басшылыққа ала отырып асханаға мониторингтік тексеру жүргізілгенін айтты. 

            Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын және алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және интернет-ресурстарға перспективалық мәзірді мектептік тамақтану бөлімінде орналастыру орындалдыСыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған.  Буфетте талапқа сай тағамдар сатылатынын айтты және фото деректер көрсетті. 

2025-2026 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша 15-19 қыркүйек аралығы және 06-10 қазан аралығында әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстары бақылауға алынды. 

Тамақтанудың сапасына мониторингтік бақылау жүргізудің мектепішілік (бракераждық) комиссиясы 2025 жылдың 05 қыркүйек пен 19 қыркүйек күндері асханаға тексеру жұмыстарын жүргізді. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай деп танылды. 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында 2025 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек арасында «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілді.

Акцияны ұйымдастырушыларға:

1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті;

2) Қала әкімдіктері;

3) Білім басқармалары;

4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;

5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;

6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді. 

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Осы акция барысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударып қол ұшын созған жеке тұлға және кәсіпкерлік ұйым болды:


  • Осы оқу жылының басында «Жақсылықты жаса!» қайырымдылық шарасы аясында көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 92 білім алушыға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен» мектеп формасына 5 060 000 ата-аналарының есеп шоттарына аударылды.
  • Алатау ауданы мешіттерінің ұйымдастырған көмегін 76 оқушы алды
  • Аманат партиясының көмегін 4 оқушы алды.
  • Республика партиясының көмегін 8 оқушы алды.
  • Халық банкі ЖШС ұйымдастырған көмекті 5 оқушы алды.
  • Алатау аудандық әкімшілігінің көмегін 35 оқушыға берілді.
  • Мектеп ұстаздары және ата-аналары тарапынан ұйымдастырылған көмекті 50 оқушы алды.






Бесінші әртүрлі мәселелер бойынша кеңес төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Сулейманұлы сөз алды. 

Оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы терең тоқталып өтті. Барлық пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге оқушыларды мектепке келгенде жылы жүзбен қарсы алып, сапалы білім алуын қамтамасыз етуді талап ететіндігін атап өтті. Сабақ аяқталған соң оқушыларды мектептен  үйіне қайтуын қадағалауды тапсырды. Ата-аналармен үздіксіз тығыз қарым қатынас орнатып отыруға шақырды. Ең басты құндылық балалардың амандығы, денінің сау болуы, біз осыған басымдық бере отырып саналы тәрбие мен сапалы білім беру миссиясын орындауымыз керек деп атап өтті.

І тқсан бойынша «Күнделік.кз» электронды журналын дұрыс жүргізу керектігі туралы қатаң ескертіп өтті.  БЖБ және ТЖБ бағаларын өзгерткен төмендегі мұғалімдерге ескерту беріліп, түсініктеме жазуларын талап етті: 

  1. Бердыгулова А.И. – БЖБ баллын өзгерткен
  2. Назарбекова А.Б. – БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  3. Оспанбекова И.К. – тоқсандық баға өшірген
  4. Найманбай А.Ғ. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  5. Жұмаева Ж.Қ. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  6. Багашарова Л.Б. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  7. Бекжигитова С.И. – БЖБ баллын, тоқсандық бағаны өзгерткен
  8. Турабаева Ш.Е. – БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  9. Жақанова Н. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен


      Келесі мәселе ІІ тоқсанның сабақтарының басталуына дайындық жұмыстарын бастау, сыныптардың тазалығы жөнінде де тапсырмалар беріп өтті. 


Қаулы:


1. Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жоспарлы түрде жалғастырылсын; (жауапты Директордың ТЖЖ орынбасарлары Отарбаева Н.С., Бекмедетова Ф.К.)

2. Оқушылардың оқуының сапасын бағамдау бойынша эвалюациясы бойынша 7б, 7д, 8е, 8н, 9и, 10ә, 10е сыныптарының сынып жетекшілеріне барлық пәндер бойынша оқушылардың білім сапасының мониторингін жасау,   сапаны көтеру мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесіп қосымша жұмыс жоспарын жасап, жұмыстар жүргізілсін, нәтижесі №4 педагогикалық кеңесте қаралсын; жауапты ДОІЖО К.Жайлганова

3. «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» төмендегідей оқушылар үміткер ретінде ұсынылсын:

            «Алтын белгі»

  1. Исенбек Жанерке Жандаулетқызы – 11а сынып

«Үздік аттестат»

  1. Абдинаби Толғанай Жақсылыққызы – 11 «А» сынып
  2. Абдрасил Айым Ерболатқызы – 11 «А» сынып
  3. Абжан Күсер Манасқызы – 11 «А» сынып
  4. Молдаш Әдемі Бекзатқызы – 11 «А» сынып
  5. Есімқұл Алуа Аскарқызы - 11 «А» сынып
  6. Алмасқызы Айым – 11 «Б» сынып
  7. Көпен Аяна Русланқызы – 11 «Б» сынып
  8. Дәутәлі Диана Ақылдасқызы – 11 «В» сынып
  9. Мұратжанқызы Алина – 11 «В» сынып
  10. Мәмбетәлі Инбат Қанатқызы – 11 «Г» сынып
  11. Темірхан Мерей Қайратқызы – 11 «Г» сынып
  12. Изтилеу Дана Серікқызы – 11 «Д» сынып
  13. Заманбек Арайлым Ерболқызы – 11 «Д» сынып
  14. Бексултанқызы Асұлу – 11 «Д» сынып
  15. Болат Амина Серікқызы – 11 «Д» сынып
  16. Бөрібай Аяжан Дауренқызы – 11 «Д» сынып

4. Әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасы   балаларына ұйымдастырлыған көмек есебі, ыстық тамақпен қамтамасыз етілу сапасы қанағаттанарлық деп танылсын, ыстық тамақпен қамтамасыз ету сапасы үнемі мониторинг комиссиясы тарапынан қатаң бақылауда болсын; Жауапты  әлеуметтік педагог Бейсенова Р.Б.

5.Әртүлі мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды орындау барлық кеңес мүшелеріне жүктелсін.

6. БЖБ және ТЖБ бағаларын өзгерткен төмендегі мұғалімдер түсініктеме жазсын. 

  1. Бердыгулова А.И. – БЖБ баллын өзгерткен
  2. Назарбекова А.Б. – БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  3. Оспанбекова И.К. – тоқсандық баға өшірген
  4. Найманбай А.Ғ. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  5. Жұмаева Ж.Қ. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  6. Багашарова Л.Б. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  7. Бекжигитова С.И. – БЖБ баллын, тоқсандық бағаны өзгерткен
  8. Турабаева Ш.Е. – БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен
  9. Жақанова Н. - БЖБ, ТЖБ баллын өзгерткен




Мектеп директорының

Міндетін атқарушы                                           Абілдаев Б.С


Хатшы                                                                 С. Жангабилова