Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2025

№4 педкеңес

Хаттама № 4

№26 ЖББ мектеп

08 қаңтар 2025 жыл


            №26 ЖББ мектепте 2025 жылдың 08 қаңтар күні мектеп мұғалімдерімен педагогикалық кеңес болып өтті.

Тақырыбы:   Шәкірттер жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі

Қатысқандар: мектеп директоры, педкеңес төрайымы Г.А.Сейтахметова

Мұғалімдер саны – 248

Қатыспағандар саны - 2

Себепті - 2


Күн тәртібінде:

1.Өткен пед.кеңес қаулысының орындалуы   туралы 

2. Шәкірттер жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі (І жарты жылдық бойынша оқушылар мен мұғалімдердің жеткен жетістіктері)

 3. І- жарты жылдық бойынша оқушылардың үлгерімі мен сапасының нәтижесі

4.Қамқоршылықтағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізіліп жатырған жұмыстар есебі

5. Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар есебі

6.«№ 26  жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдерін 2025 жылы аттестаттау.  

7. Әртүрлі мәселелер 


Мектеп директоры Г.А.Сейтахметова педагогикалық кеңес мүшелерін 2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсанының сәтті аяқталуымен және жаңа 2025 жаңа жыл мерекесімен ұжымды құттықтап өтті. Педагогтерге шығармашылық шабыт пен қажырлы еңбек атқаруға тілек тіледі. 

        Педагогикалық кеңестің тақырыбына тоқталып және күн тәртібімен таныстырып өтті.

Бірінші мәселе өткен педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы бойынша ДОІЖО К.Жайлганова тоқталып өтті. Сапасы төмен 3д, 9и, 10д сыныптарына   сабақты зерттеу үдерісі жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.  І циклдің 2 сабағы зерттелді, алда зерттеу сабақтары жалғасын табады деп мәлімдеді. Өткен тоқсанмен салыстырғанда осы тоқсанда сапада өсім бар деп мәлімет берді.    

Екінші мәселе  І- жарты жылдық бойынша оқушылардың үлгерімі мен сапасының нәтижесі бойынша ДОІЖО Биниязова А. сөз алды.

      2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсанын 3656 білім алушы қорытылып аяқтады. 1 сыныптардың бала саны -389. 2-11 сыныптардағы бала саны – 3267. Оқу озаттар саны-510, оқу екпінділер саны-1516. Үлгерім 100, сапа 62 пайызды көрсетті деп ақпарат берді. Алдыңғы І тоқсанмен салыстырғанда 2 пайызға өсті деп мәлімдеді.

     Әрі қарай жекелей параллель сыныптар бойынша білім сапасына тоқталды. 2 сыныптар бойынша сапасы жоғары көтерілген және төмен түскен сыныптарға тоқталып есеп беріп өтті. Жалпы 2 сыныптар бойынша 50 пайыздан төмен түскен сыныптар айқалған жоқ. Жалпы сапа 3 пайызға көтерілген.

       3 сыныптар бойынша білім сапасы 66 пайыз көрсеткен, өткен тоқсанмен салыстырғанда 2 пайызға көтерілген., Әрбір сыныптар бойынша жекелей тоқталып есеп беріп өтті. 

4 сыныптар бойынша білім сапасы 64 пайыз көрсетті деп мәлімдеді. 

5 сыныптар бойынша білім сапасы 66 пайыз. Әрбір сыныптардың өсуі мен төмен түсуі бойынша атап тоқталып есеп беріп өтті. 

6 сыныптар бойынша білім сапасы 60 пайыз. Білім сапасын 50 пайыздан төмен сынып жоқ  деп ақпарат берді.

7 сыныптар бойынша білім сапасы 58 пайыз. Білім сапасын 50 пайыздан төмен сынып жоқ  деп ақпарат берді.

8 сыныптар бойынша білім сапасы 55 пайыз. 8 сыныптар бойынша осы тоқсанда 8д-48, 8и-48, 8м-48 пайыз сапа көрсетті деп тоқталып өтті. 8д сыныбының білім сапасы өткен тоқсанмен салыстырғанда 4 пайызға төмен түскен деп мәлімет берді.

9 сыныптар бойынша білім сапасы 53 пайыз. 9 сыныптар бойынша барлық сыныптар да білім сапасы көтерілген, 9з-48, 9и-45, 90-44,   пайыз білім сапасын көрсетті деп мәлімет берді. Өткен тоқсанмен салыстырғанда 3 пайызға өсім бер деп мәлімет берді.

10 сыныптар бойынша білім сапасы 53 пайыз. Бұл сыныптарда да білім сапасы бірнеше пайызға көтерліген. 10в-44, 10д-48 пайыз білім сапасын көрсетті деп мәлімдеді. Сапа 7 пайызға өсті деп мәлімет берді.

11 сыныптар бойынша 57 пайыз.  Өткен тоқсанмен салыстырғанда 2 пайыз өсім бар деп мәлімдеді.

      Кеңес төрайымы білім сапалары 50 пайыздан төмен болған барлық сынып жетекшілерге алдағы уақытта оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіп, білім сапасын көтеруді тапсырды. Білім сапасы көтерілген сыныптарға тоқталып, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ерекше алғыс білдірді. Білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында аянбай атқарып жатырған жұмыстары нәтижесінде жақсы жетістікке жетіп жатырмыз деп тоқталды. Балалардың білімді болуы үшін аянбай еңбек етіңіздер, әрбір баланың мектеп қабырғасынан сауатты болып шығуы қажет деп ескертті.

Үшінші мәселе 2024-2025 оқу жылының І жарты  жылдығы бойынша мектеп білім алушыларының жеткен жетістіктерінің қорытындысы бойынша ДОІЖО Биниязова А. сөз алды.

Ақбота Жолдыбайқызы 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша мектеп білім алушыларының аудандық, қалалық, республикалық пәндік сайстар мен олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатысып алған орындарымен таныстырып өтті. 

Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 28 оқушы 2,3 орындарды иеленді деп мәлімет берді. Оқушылардың шығармашылық жетістіктері туралы да есеп беріп өтті. Аудандық жарыстарда 166, қалалық-272, республикалық жарыстардан -195 оқушы жүлделі орындарға ие болды деп мәлімет берді

Төртінші мәселе қамқоршылықтағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар есебі бойынша мектептің әлеуметтік педагогі Бейсенова Рахат сөз алды.

№26 жалпы білім беретін мектепке қарасты шағын ауданда 13 қамқорлықтағы бала болса, оның 6 мектеп оқушысы деп есеп берді.

Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы, күні, айы

Сыныбы

1

Айтенова Інжу

23.04.2011

8 А

2

Жұбан Айзере Жолдасбайқызы

25.06.2014

5 И

3

Надырбекова Акниет

10.01.2014

4 Г

4

Надырбекова Амина

19.10.2016

2 Г

5

Нұрмұқан Бексұлтан 

01.11.2016

2 М

6

Адамбекова Каусар

09.06.2016

3 К

       Мектептегі осы оқушылармен сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, медбике және психолог бірігіп жұмыстар жүргізіліп келді. Оқу жылы басталғанда «Мектепке жол» акциясы аясында «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» қамқорлықтағы балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларына деп 55 000 тенгеден ата-аналарының есеп шоттарына аударылды. Сонымен қатар қамқорлықтағы балалардың жанұядағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын анықтау актісі жүргізілді. 

       Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан «Қамқоршы күні» мерекесі болып жарияланған. Осыған байланысты және әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспарының негізінде «Қамқоршы ата-аналармен» жүздесу Аудандық денгейде ұйымдастырылды. Алатау ауданы бойынша 157 бала қамқорлықта, 10 бала патронаттық тәрбиеде. Осы отбасылардағы балалар барынша көмекпен қамтылып – біліміне, тәрбиесіне көңіл бөлінуде. 

Ұйымдастырылған іс-шараға:

         Аmanat партиясы Алатау аудандық филиалының төрайымы Ж.Алдамбергенова және осы партияның саяси кеңес мүшесі Е.Бииков қатысып ізгі тілектерін айтып 10 патронаттық тәрбиешілерге алғыс хаттарымен сыйлықтарын табыстады.

         Qamqor ana-қиын жағдайда қалған отбасыларды қолдайтын әлеуметтік орталығы қоғамдық қорының басшысы Букаева Айда, «Бақытты отбасы» көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталықтың басшысы Басирова Ақмарал қатысып - «Қамқоршы ата-аналарға» адамдық, мейірімділік пен жомарттық танытқандарына алғыс айтты.

         Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.М.Акмурзаеваның атынан алғыс хат, мектеп ұжымы атынан шағын сыйлықтар табыс етілді. 

      Атақарылған іс-шара - Алматы қаласы Білім басқармасының, Алатау ауданы Білім бөлімінің, Алатау ауданы мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығының, Аманат партиясы Алатау аудандық филиалының ресми парақшаларына жарияланды

https://www.instagram.com/reel/DBxutNsCB16/?igsh=NDUzc2dldXByc3Bk   

- Алматы қаласы Білім басқармасының инстаграм парақшасы

https://www.instagram.com/reel/DBv4ArfC8Va/?igsh=bmk0eDh5NmxiaDVp   

- Алатау ауданы Білім бөлімінің инстраграм парақшасы

https://www.instagram.com/reel/DBvbkTgCoby/?igsh=ZTA2Mmx1M3R6bWN4   

- Алатау ауданы мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығы

https://www.facebook.com/share/1BD9RB8iXg/   

- Аманат партиясы Алатау аудандық филиалының facebook фарақшасы

https://www.instagram.com/reel/DByiMAqIwtp/?igsh=d3U2bXE1a21jOThz   

- №26 жалпы білім беретін мектептің инстрграм парақшасы Сондай-ақ желтоқсан айында «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен 1-4 сынып оқушылары ішінен 50 оқушыға аудандық білім бөлімі жаңа-жылдық сыйлық таратты. Сол сыйлықтан қамқорлықтағы 4 «Г» сынып оқушысы  Надырбекова Ақниет, 2 «Г» сынып оқушысы Надырбекова Амина, 2 «М» сынып оқушысы Нұрмұқан Бексұлтан, 3 «К» сынып оқушысы Адамбекова Каусар өз сыйлығын алды деп мәлімет берді.

        Бесінші мәселе оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар бойынша мектеп психологы  Зейнолданова Н. таныстырды.

Сәтті білім алып, тұлғаны дамыту үшін әлеуметтік- психологиялық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында мектеп психологтары жоспарға сай жұмыс жүргізуде деп мәлімет берді.  Міндеттері: 1. Тәрбие процессінің субъектілер арасында түсіністік және өзара қарым-қатынасқа отырып жұмыс жүргізуге қолғабыс көрсету.

2. Өнегелі әлеуметтік-мәнді тұлға жеткізу үшін білім алушының жеке қызығушылықтарын және қажеттіліктерін дамыту.

3.Оқушылар, педагогикалық қызметкерлер және ата-анлар арасында ағартушылық кеңес жұмыстарын жүргізу.

4. Оқушылар, педагогтар және ата-аналар арасында алдын алу жұмыстарын және салауатты өмір салтын насихаттау.

5.Оқушылар арасында бір бірімен және педагогтармен сабақ және сабақтан тыс кезінде конструктивтік қатынасқа жағдай жасау.

6.Педагогтардың жеке кеңестер, семинарлар, ақпараттық сессиялар жүйесі арқылы психологиялық біліктілігін арттыру.

7. Ата-аналардың жеке және топтық кеңестер мен әңгімелесу жүйесі арқылы псиологиялық біліктілігін арттыру.

8. Әр түрлі қиындықтары бар оқушыларға түзету дамыту бағдарламаларын құру.

9. Оқушылардың тұлғалықтарын дамыту деп таныстырып өтті. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. 7-11 сынып оқушыларына жүргізілген «Оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау» М.В. Горская әдістемесі алынды деп ақпарат берді. 2024 жылдың қыркүйек айының бесінші жұлдызынан жиырма тоғызыншы жұлдызы аралығында 1-сыныптардың мектепке бейімделуіне байланысты «Керн-Йирасек» әдістемесі алынды деп мәлімет берді.

«Керн-Йерасек» әдістемесінде оқушының жасаған жұмыс қорытындысы 

Керн-Йерасек әдістемесінің қорытындысы бойынша диаграмма

Сыныбы: 1-сынып оқушылары     Барлығы: 404.  Қатысқаны: 373

Мектепке бейімделуі


Мектепке бейімделуі

жоғары

Мектепке бейімделуі

жақсы

Мектепке бейімделуі 

орташа


Мектепке бейімделуі

төмен

саны

52

124

159

38

Жүргізілген әдістің қорытынды нәтижесінде 1 сынып оқушыларында мектепке жағымды көзқарас байқалады. Оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылықтары жақсы. Мұғалімдер мен оқушылар арасында тұрақты қарым-қатынас сақталған.

5-сынып оқушыларының   оқу пәндеріне деген қарым- қатынасы мен    қызығушылығын  зерттеуге «Түймедақ» әдістемесі жүргізілді 

Мектебімізде 5-сыныптар бойынша 13 сынып жасақталған. Барлық оқушы саны-337. Қатысқан оқушы саны – 325.  

Түймедақ» әдістемесін жүргізу барысындағы оқушылармен жұмыс

  • Қызыл түс –  сүйікті пәндер
  • Көк түс – жақсы көретін пәндер
  • Қара түс -  қиналатын пәндер

Қорытынды: 5- сынып оқушыларының барлығы «Түймедақ» сауалнамасына қатысты, сүйікті пәндері: математика,қазақ тілі,әдебиет,дене шынықтыру, көркем еңбек, ал жақсы көретін пәндері: тарих, дүние тарих, ағылшын, музыка т.б                                                                                                   Ұсыныс:Оқушыларға жаратылыстану, орыс тілі,ағылшын тілі  пәндеріне қызығушылықтарын оята отырып, пән мұғалімдері оқушылардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін ескеру  және пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру қажет деп ескертті. 

2024 жылдың қараша айының бірінші жұлдызынан жиырма екінші жұлдызы аралығында «Социометрия» әдісі алынды деп мәлімдеді. Сынып жетекшілері сыныпта оқшау қалған оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға, қоғамдық жұмыстарға тарту, үнемі қолдап, формативті бағалау жасап, назарда ұстау ұсынылды деп мәлімет берді.

2024жылдың қараша айының жиырма тоғызыншы жұлдызда «Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тренингі өтті деп ақпарат берді. Нәтижесінде әр қатысушы ойын-жаттығулардан жағымды әсер алғаны байқалды. Ойын-жаттығуларымыз өз мақсатына жетті. 

Барлық атқарылған жұмыстар есебін толық слайд арқылы көрсетіп есеп берді. Алынған анкеталық сұрақтарды талдау нәтижесінде айқындалған проблемаларды сыынп жетекшілер мен бірлесе отырып жұмыс жүргізілуде деп мәлімет берді.

Алтыншы мәселе «№ 26  жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдерін 2024 жылы аттестаттау туралы ДОІЖО Абілдаев Б. сөз алды.

            Бауыржан Сулейманұлы аттестация ережелерімен таныстырып, өзгерістерге тоқталып өтті.

Аттестацияның 1 кезеңі –педагогтердің білімін бағалау (тестілеу), тестті міндетті түрде тапсыратындар: педагог, педагог-модераторға, педагог-сарапшыға өтініш бергендер деп ескертіп өтті. 30 жылдан еңбек өтілі жоғары педагогтер тест тапсырмайды бірақ портфолио міндетті түрде тапсырады деп мәлімдеді. Тестілеу тек өз пәндері бойынша жүреді және 100 сұраққа жауап береді деп ақпарат берді. Тестілеуді жылына екі рет тапсырады (1 рет тегін, 1 рет ақылы түрде) деп ескертті. Педагогтердің үздіксіз дамуының ұлттық платформасына құжаттар жүктеледі деп мәлімет берді. Әрі қарайда қосымша жаңалықтармкен өзгерістер туралы слайд арқылы таныстырып өтті.

Жетінші мәселе әртүрлі мәселелер (электронды сынып журналының талапқа сай жүргізілуі, оқушылардың қауіпсіздік шаралары және т.б.) бойынша мектеп директоры кеңес төрайымы Г.А.Сейтахметова сөз алды. Кунделік эл.журналының талапқа сай жүргізілуі мен мұғалімдердің бағаны нақты қателеспей қоюына қатаң ескерту жасап тоқталып өтті. Бастауыш сынып білім алушыларының сабаққа келуін, үйлеріне қайтуын ата-аналар арқылы жүзеге асырылуын ДОІЖО Кайыпова Б. мен Муса Л. қатаң бақылауды тапсырды. Оқу кабинеттерінің тазалығы мен көгалдандырылуы туралы да мұғалімдерге тапсырмалар берді. Жаңа ІІІ тоқсанның басталуына оқу кабинеттерінің толық дайын болуын қадағалауды ДОІЖ орынбасараларына тапсырды. 


Қаулы:

1.Өткен пед.кеңес қаулысының орындалуы   талапқа сай деп бағалансын;

2. І жарты жылдық бойынша жетістікке жеткен оқушылар мен мұғалімдер жыл соңында марапаттауға ұсынылсын, әрі қарайда оқушыларды конкурстар мен олимпиадаларға қатыстыру белсенділігі арттырылсын;

 3. І- жарты жылдық бойынша оқушылардың үлгерімі мен сапасының нәтижесі бойынша 50% төмен сапа көрсеткен сынып оқушыларымен қосымша жұмыстар жүргізілсін;                             

4.Қамқоршылықтағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар есебі қанағаттанарлық деп танылсын, жұмыс жоспарлы түрде әрі қарай жалғасын тапсын;

5. Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар есебі қанағаттанарлық деп танылсын, жұмыс жоспарлы түрде жалғастырылсын;


6. 2025 жылы аттестатциядан өтуге өтініш білдіргелі отырған педагогтердің құжаттарын зерделеу аттестация комиссиясының мүшелеріне тапсырылсын; 


7. Әртүрлі мәселелер бойынша айтылған ұсыныс пен берілген тапсырмаларды басшылыққа алу барлық әкімшілік мүшелері, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге жүктелсін 


Кеңес төрайымы                                       Сейтахметова Г.А.

Хатшы                                                  Жангабылова С.