Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2024

№3 педкеңес

Хаттама №3



№26 ЖББ мектеп

01 қараша 2024 жыл


            №26 ЖББ мектепте 2024 жылдың 01 қараша күні мектеп мұғалімдерімен педагогикалық кеңес болып өтті.


Қатысқандар: мектеп директорының уақытша мәндетін атқарушы, уақытша педкеңес төраға Б.Абілдаев.

Мұғалімдер саны – 218

Қатыспағандар саны -24

Себепті – 24 (курстар, денсаулықтарына байланысты)


Тақырыбы:   «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу, ата-аналарға педагогикалық қолдау»

Күн тәртібінде:


1.  Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар есебі (жауапты Бекмедетова Ф.К.)

2. Оқушылардың оқуының сапасын бағамдау бойынша эвалюация

(I тоқсан бойынша үлгерім , сапа көрсеткіштері) (жауапты Биниязова А.Ж.)

3. Әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасы  балаларына ұйымдастырлыған көмек есебі (ыстық тамақпен қамтамасыз етілу сапасы) (Жауапты Бейсенова Р.)

4.«Алтын белгіге» және «Қызыл аттестатқа» үміткер оқушыларды анықтау, бекіту.   (жауапты Биниязова А.Ж.)

5.Әртүлі мәселелер


Тыңдалды:

     Кеңес төрағасының уақытша міндетін атқарушы Б.Абілдаев №3 педагогикалық кеңеске қатысушыларға тақырыпты таныстырып, кеңесті ашық деп жариялады. Кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдады.

Бірінші мәселе бойынша ДТЖЖО Фарида Картанбайқызы «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу» жұмыстары бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп өтті. Аптасына сынып жетекшілер мен штаб отырысы өткізілетіндігі туралы, оқушылар арасында құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде атап өтті. Егер оқушылар арасында әртүрлі жағдайлар болатын болса, осы жерде қаралады деп мәлімдеді. 

2024-2025 оқу жылында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары,сынып жетекшілер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтердің   ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында бірлескен ж о с п а р ы  жасалды. 03.09.2024ж.  күні «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасы мүсіні» тақырыбында тренинг өткізілді деп мәлімет берді. Мақсаты:   Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін  арттыра отырып, отбасы құндылығының маңыздылығын дәріптеу. Тренингке 202 ата-ана қатысты деп мәлімет берді. Тренигті мектеп психологтары Зейнолданова Н., Нысанбаева А. жүргізді деп мәлімдеді. 5 сыныптар арасында ата-аналар мен өткізілген жиналыстар туралы мәлімет беріп өтті. Қазіргі таңда аудандық есепте тұрған тәртібі нашар оқушылардың жоұ екендігі туралыда хабарлап өтті.

Кеңестің уақытша   төрағасы Б.Абілдаев 11ә сынып оқушысы Мухамед Хамит Ғаниұлының түн ортасында көшеде бір топ балдармен жүргені туралы ақпарат келгендігі туралы мәлімет берді. Сынып жетекшілерге кешкі уақытта балалардың көшеде жүрмеуін ата-аналарға қатаң ескерту керектігін және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды. Алдағы уақытта 11ә сынып жетекшісі Н.Таскожаеваға аталған оқушының ата-анасымен жұмыс жүргізуді тапсырды. 


Екінші мәселе бойынша ДОІЖО А.Жиенбаева  сөз алды. 

  2024 – 2025 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша сыныптардың үлгерім, сапа есебінің эвалюациясына тоқталды.

Барлық оқушы саны – 3662

1 сыныптардағы оқушы саны – 401

2 – 11 сыныптардағы оқушы саны -   3261 


Озаттар саны – 528

Екпінділер саны – 1438
 Сапа көрсеткіші – 60%


Сыныптар

Барлық оқушы саны

Оқу озаты

Оқу екпінділері

Сапа көрсеткіші

2 сынып

396

121

159

70%

3 сынып

428

96

182

64%

4 сынып

390

88

158

63%

5 сынып

333

74

143

65%

6 сынып

357

63

159

62%

7 сынып

345

29

172

58%

8 сынып

345

20

163

53%

9 сынып

370

31

156

50%

10 сынып

165

1

75

46%

11 сынып

132

2

71

55%

Барлығы

3261

525

1438

60%


50 пайыздан төмен көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптар


Сыныбы

Сынып жетекшісі

Пайызы

1

7д

Раева Баян Еликбаевна

47%

2

Бекдуалиева Гүлназ Әділханқызы

48%

3

Мейірімханова Жансая Жанатқызы

41%

4

8к

Кожагулова Гулмира Тоқтақызы

44%

5

Бисенгалиева Айгерім Ақназарқызы

48%

6

Намазиманова Адемі Ахатқызы

45%

7

Абдрасулова Тұрсынгүл Жумахановна

44%

8

Жанабаева Акбупе Алпысовна

41%

9

Иманбекова Меруерт Мухамедказиевна

45%

10

Бегжігітов Серик Ибирахимович

44%

11

10ә

Джумабева Гульнар Искендировна

40%

12

10в

Базарбаева Марал Абсеметовна

41%

13

10г

Ахметова Галия Париддиновна

42%

14

10д

Дүйсенбиева Гулнара Тилеужановна

39%



Мектеп бойынша 2024-2025 оқу жылы 1 тоқсан бойынша ең төменгі сапа көрсеткен 10д сыныбы – 39% пайыз. Озат оқушылар жоқ, екпінді -11 оқушыү 

10д сыныбы жаңадан жасақталған жаратылыстану бағытындағы сынып.
     Кеңес төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Сулейманұлы сыныптар бойынша білім сапасына тоқталып өтті. 45 пайыздан төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптарға жекелей тоқталып, сапаның төмен болуының себебін сұрады. Сынып жетекшілеріне қосымша жұмыс жоспарын жасап, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуге тапсырма берді және келесі №4 педагогикалық кеңесте қайта қарауға алды.


         Үшінші мәселе әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасы  балаларына ұйымдастырлыған көмек есебі (ыстық тамақпен қамтамасыз етілу сапасы) бойынша мектептің әлеуметтік педагогі Бейсенова Рахат Базарбаевна сөз алды.

Жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларын регламенттейтін ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы басшылыққа алып 2024-2025 оқу жылына мектепішілік жұмыстар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек арасында «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілді.

Акцияны ұйымдастырушыларға:

1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті;

2) Қала әкімдіктері;

3) Білім басқармалары;

4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;

5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;

6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді. 

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Осы акция барысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударып қол ұшын созған жеке тұлға және кәсіпкерлік ұйым болды:

  • Осы оқу жылының басында «Жақсылықты жаса!» қайырымдылық шарасы аясында көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 158 білім алушыға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен» мектеп формасына 8 690 000 ата-аналарының есеп шоттарына аударылды.
  • Алатау ауданы әкімдігінің демеушілігімен 40 білім алушыға мектеп сөмкесі қажетті оқу-құралдарымен берілді.
  • «Шаңырақ жастары» қайырымдылық қорынан 2 білім алушыға мектеп формасы және әр жастағы білім алушыға арналған мектеп сөмкесі берілді.
  • Қазақстан халықтары ассамблеясы - Алматы ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен 5 білім алушыға мектеп сөмкесі оқу құралдарымен берілді.
  •  «Казлегпром» ЖШС тарапынан 13 білім алушыға мектеп формасы берілді.
  • ЖШС Халық банктің, Ұйғыр ассамблеясының ұйымдастыруымен жаңадан мектеп табалдырығын 8 білім алушыға мектеп сөмкесі оқу құралдарымен ұйымдастырылды.
  • Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен 3 білім алушыға мектеп сөмкесі оқу құралдарымен берілді.
  • ЖК «Ибрагимова» ұйымдастырылуымен 1 отбасының 2 білім алушысына мектеп формасы мен мектеп сөмкесі оқу құралдарымен берілді. берілді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны мектеп бойынша:

ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ:

 Әлеуметтік қорғалмаған отбасының бала саны                        – 86

Оның ішінде:

  • Көп балалы отбасының бала саны                                                – 60
  • Аз қамтылған отбасының бала саны                                           – 26
  • Қамқорлыққа алынған бала саны                                                   – 8

ОНЫҢ ІШІНДЕ 

  • 1-4 сынып бойынша аз қамтылған бала саны                            – 43
  • 5-11 сынып бойынша аз қамтылған бала саны                           – 43 

Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын және алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және интернет-ресурстарға мектептің тамақтану бөлімінде орналастырылған.

Сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған. 

2024-2025 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға тегін тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстары бақылауға алынған. 

Тамақтанудың сапасына мониторингтік бақылау жүргізудің қалалық комиссиясы 2024 жылдың 12 қыркүйегі күні тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай деп өз есебін берді.

Төртінші мәселе «Алтын белгіге» және Қызыл аттестатқа үміткер оқушыларды анықтау, бекіту бойынша ДОІЖО Жайлганова Камила Мурсаловна сөз алды. 2024-2025 оқу жылында Алтын белгігі үміткер оқушы бір оқушы деп мәлімет берді. 11ә сынып оқушысы Яғұныс Мәрмәр. 

Үздік аттестатқа үміткер оқушылар 11а сыныбында Серікбай Лашын, Келіс Ақниет, 11ә сыныбында Ерсая Сезім, Құрал Гүлім, Медеубекова Ақбота, Нұрлыбек Нұрзатжан, Қанатқызы Айым. 11б сыныбында Абдуллаева Мөлдір, Мұратбекқызы Ақнұр, Өмірәлі Ақерке. 11в сыныбында Самат Сүйрік Саматқызы, Серікбай Нұрғиса Есенұлы, Қуан Аян Амангелдіұлы. 

Бесінші әртүрлі мәселелер бойынша кеңес төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Сулейманұлы сөз алды. 

Оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы терең тоқталып өтті. Еліміздегі болып жатырған әртүрлі жас өспірімдер арасындағы құқықбузушылыққа байланысты жағдайдар туралы да тоқталып өтті. Алматы қаласында болған суицид туралы да тоқталып өтті. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жылы қарым қатынаста болу туралы біраз кеңестер берді. Барлық пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге оқушыларды мектепке келгенде жылы жүзбен қарсы алып, сапалы білім алуын қамтамасыз етуді талап ететіндігін атап өтті. Сабақ аяқталған соң оқушыларды мектептен   үйіне қайтуын қадағалауды тапсырды. Ата-аналармен үздіксіз тығыз қарым қатынас орнатып отыруға шақырды. Ең басты құндылық балалардың амандығы, денінің сау болуы, біз осыған басымдық бере отырып саналы тәрбие мен сапалы білім беру миссиясын орындауымыз керек деп атап өтті.

      Келесі мәселе ІІ тоқсанның сабақтарының басталуына дайындық жұмыстарын бастау, сыныптардың тазалығы жөнінде де тапсырмалар беріп өтті. 


Қаулы:


1. Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар жоспарлы түрде жалғастырылсын; (жауапты ДТЖЖО)

2. Оқушылардың оқуының сапасын бағамдау бойынша эвалюациясы бойынша 3д,8и,8к,8м,9з,9и,9м,10ә,10д сыныптарының сынып жетекшілеріне барлық пәндер бойынша оқушылардың білім сапасының мониторингін жасау,  сапаны көтеру мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесіп қосымша жұмыс жоспарын жасап, жұмыстар жүргізілсін, нәтижесі №4 педагогикалық кеңесте қаралсын; жауапты ДОІЖО К.Жайлганова

4. Әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасы  балаларына ұйымдастырлыған көмек есебі, ыстық тамақпен қамтамасыз етілу сапасы қанағаттанарлық деп танылсын, ыстық тамақпен қамтамасыз ету сапасы үнемі мониторинг комиссиясы тарапынан қатаң бақылауда болсын; Жауапты  әлеуметтік педагог Бейсенова Р.Б.

5. «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» төмендегідей оқушылар үміткер ретінде ұсынылсын:

            «Алтын белгі»

  1. Яғұныс Мәпмәр 11ә сыныбы 

«Үздік аттестат»

      1.   Серікбай Лашын 11а сыныбы

  1. Келіс Ақниет 11а сыныбы
  2. Абдуллаева Мөлдір 11б сыныбы
  3. Мұратбекқызы Ақнұр 11б сыныбы
  4. Өмірәлі Ақерке 11б сыныбы
  5. Самат Сүйрік саматқызы 11в сыныбы
  6. Серікбай Нұрғиса Есенұлы 11в сыныбы
  7. Қуан Аян Амангелдіұлы 11в сыныбы


6.Әртүлі мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды орындау барлық кеңес мүшелеріне жүктелсін.



Мектеп директоры                                               Г.А.Сейтахметова

Хатшы                                                                 С. Жангабилова