№5 педкеңес
Хаттама № 5
№26 ЖББ мектеп
31 наурыз 2025 жыл
№26 ЖББ мектепте 2025 жылдың 31 наурыз күні мектеп мұғалімдерімен педагогикалық кеңес болып өтті.
Тақырыбы: «Білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамытуда кітапхананың қызметі»
Қатысқандар: мектеп директоры, педкеңес төрайымы Г.А.Сейтахметова
Мұғалімдер саны – 252
Қатыспағандар саны - 11
Себепті - 11
Күн тәртібінде:
1.Өткен №4 педагогикалық кеңестің қаулысының орындалуы
2.«Білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамытуда кітапхананың қызметі»
3.III тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасына эвалюация.
4.Тәрбие жұмысының ұлттық және отбасылық бағыттар бойынша жүргізілуін бақылау. «Ел жастары» бағдарламасын іске асыру
5.Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы бойынша мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға бөлінген көмек (ыстық тамақ)
6. Білім алушылар мен мектеп мұғалімдерінің жазғы демалысын ұйымдастыру (ДОІЖО К.Жайлганова)
7. Әртүрлі мәселелер. (2024-2025 оқу жылында PISA зерттеулерін өткізу)
Мектеп директоры Г.А.Сейтахметова педагогикалық кеңес мүшелерін 2024-2025 оқу жылының ІІІ тоқсанының сәтті аяқталуымен және жаңа 2025 жылғы Наурыз мерекесімен ұжымды құттықтап өтті. Педагогтерге шығармашылық шабыт пен қажырлы еңбек атқаруға тілек тіледі.
Педагогикалық кеңестің тақырыбына тоқталып және күн тәртібімен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе өткен №4 педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы бойынша сыныптардың білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген жұмыстар есебін тыңдады.
Сонымен қатар мектепішілік жұмыс жоспары бойынша өткізілген іс-шараларға тоқталып, ұйымдастырушы педагогтерге өз алғысын білдірді.
Екінші мәселе «Білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамытуда кітапхананың қызметі» жобасы бойынша мектеп кітапханасында жүргізіліп жатырған жұмыстар есебімен кітапхана меңгерушісі А.Мергенбаева сөз алды.
2024-2025 оқу жылындағы 1-11 сыныптардың оқулықпен қамтылуы жөнінде есеп беріп өтті.
Мектеп кітапханасы «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығына сәйкес 1-11 сынып оқушылары 100 % оқулықпен қамтамасыз етілді деп мәлімдеді.
Биылғы оқу жылында 3 сыныптар бойынша Көркем еңбек, Бейнелеу өнері, Жаратылыстану, Русский язык, Ағылшын тілінің оқулықтары жаңа бағдарламаға сәйкес басылып шықты. Оқулықтарға etandau.gov.kz сайты арқылы тапсырыс беріліп алынды. 7 сыныптар бойынша «Қазақ тілі» оқулығы қайта басылып шықты. 8 сыныптар бойынша «Дүние жүзі тарихы» оқулығы қайта басылып шықты. 9 сыныптар бойынша «Қазақстан тарихы»,»Қазақстан географиясы» оқулықтары қайта басылып шықты.
1,2 сынып оқушылары жұмыс дәптерімен толық қамтамасыз етілді.
3 сынып оқушылары жаратылыстану,орыс тілі дәптерлерімен қамтамасыз етілді.
Мектеп оқушылары биылға 2024-2025 оқу жылына 100% оқулықпен қамтамасыз етілді.
Қорымызға алатын әдебиеттер ең бірінші оқу мақсаттарын шешу құралы ретінде қолданылады.
Мектепте оқулықтармен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым министірінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 450 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету тетігінде» тегін оқулықтармен толық қамтамасыз ету ережесіне сүйене отырып, бір жылдық пайдалану есебінен қайтарылым негізінде қамтамасыз етілді деп ақпарат берді.
Кітапхана қоры:
Оқулықтар – 69575
Көркем әдебиеттер – 4466
Әдістемелер – 234
Дидактикалар – 12902
Оқырмандардың кітапханаға келуі:
Оқушы саны – 3682
Оқырман саны (оқушы, мұғалімдер) – 3924
Келушілер (жылына) – 27468
Кітап берілімі (жылына) – 35316
Кітап берілімі (айына) – 3924
Мектеп кітапханасының ең басты атқаратын қызметі – оқу білім үрдісін оқулықпен, әдістемелік құралмен, әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ететін және кітапхана нормасы мен ережесіне сай жұмыс атқаратын мектептің құрылымы. Мектеп кітапханасының өзгешілігі мен ерекшелігі де осында.
Мектеп кітапханасы жылдық жоспар бойынша іс-шаралар жүргізіліп отырады.
2024-2025 оқу жылындағы № 77 бұйрығымен бекітілген мектепшілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша кітапхананың кітап қоры бойынша талдау жүргізілді.
Кітапханадағы оқырмандардың сұранысын зерттеп, оқырман формулярлары зерттелді. Кітап қорындағы әдебиеттердің оқылуына талдау жұмыстары жүргізілді.
- Көркем әдебиетінің оқылуын
- Әлем әдебиетінің оқылуын
- Мерзімді басылымдардың оқылуын
- Жаңа келген әдебиеттерді насихаттау
Кітап қорының сақталуы:
- Жыл ішінде 2-рет әдебиеттерге санақ жүргізу. Оқырман қолындағы кітаптарды 15-күннен кейін аса аралап жинау.
- Кітапханадағы кітап қорын әр сала бойынша санақ жүргізіп отыру.
- Тозған оқулықтар мен көркем әдебиет кітаптарды кезінде түптеп отыру.
Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше.алдымыздағы оқу жылында жұмысымыздың бір саласы – әр кезде жарық көрген жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс жүргізу, оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру.
Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу –тәрбие жұмысына ықпал етуге еңбек ету. Оқу жылының басында оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру.Кітапханалық библиографиялық ілімнің негіздерімен балаларға арнайы кітапхана сабақтарын жүргізу деп мәлімет берді.
Үшінші мәселе III тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасының эвалюациясы бойынша ДОІЖО А.Биниязова сөз алды.
2024-2025 оқу жылының ІІІ тоқсанын 1-11 сыныптар бойынша -3660 білім алушы аяқтады. 2-11 сыныптардағы оқушы саны-3276. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 635 оқу озаты, 1466 оқу екпіндісімен білім сапасы 64 пайыз, оқу үлгерімі 100 пайыз көрсетті деп мәлімет берді. 2-11 сыныптар бойынша жалпыламай есеп берді. Барлық параллель сыныптар бойынша 50 пайыздан төмен сапа көрсеткен сыныптар жоқ екендігін атап өтті. Жеке сыныптар бойынша білім сапаларына тоқталып ең жоғарғы сапа және ең төменгі білім сапасын көрсеткен сыныптармен таныстырып өтті.
Кеңес төрайымы мектептің білім сапасының өткен тоқсанмен салыстырғанда жоғары көтерілгендігін атап өтті. Өткен 2 тоқсан қорытындысы бойынша 50 пайыздан төмен болған 6з, 8д, 8и, 8м, 9з, 9и, 9о, 10в, 10д сыныптарына тоқталып осы тоқсандағы білім сапаларының бір шама көтерілгендігін атап өтті. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне білім алушылармен қосымша жұмыстардың жақсы жүргізілгендігіне тоқталды. Білімнің сапалы берілуі әрбір пән мұғалімінің басты міндеті, білім алушылардың білім сапасы жоғары көтерілген сайын педагогтердің еңбектерін байқауға болады деп кеңес төрайымы өз ойын ортаға салды.
Төртінші мәселе Тәрбие жұмысының ұлттық және отбасылық бағыттар бойынша жүргізілуін бақылау. «Ел жастары» бағдарламасын іске асыру нәтижесі бойынша ДТЖЖО Н.Отарбаева сөз алды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемде теңдесі жоқ тәрбие екендігін айтып, мысалдар келтірді. Тәрбие жұмысының ұлттық және отбасылық бағыттар бойынша мақсаты, міндеттерімен таныстырып өтті. Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары бойынша педагогтерге мәлімет берді. Тәрбие жұмысының ұлттық және отбасылық бағыттар бойынша, «Ел жастары» бағдарламасын іске асыру нәтижесі бойынша мектепішілік атқарлыған жұмыстар есебімен таныстырып өтті. Слайд арқылы сыныптарда өткізілген сынып сағаттары, кездесулер мен қатыстырылған іс-шараларға тоқталып есеп беріп өтті.
Бесінші мәселе Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы бойынша мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға бөлінген көмек (ыстық тамақ) есебі бойынша мектептің әлеуметтіе педагогі Р.Бейсенова сөз алды.
2024-2025 оқу жылы бойынша - күнкөрісі төмен отбасынан шыққан оқушылар анықталып бұйрығы шығарылды және осы санаттағы оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.
5-11 сынып оқушыларынан тегін ыстық тамаққа құжат жинау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларының орындалуы сақталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығын негізге алып Республика мектептерінің 1-4 сынып оқушылары бюджет қаражаты есебінен жаппай тегін тамақтанады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны мектеп бойынша:
ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ:
Әлеуметтік қорғалмаған отбасының бала саны – 94
Оның ішінде:
- Көп балалы отбасының бала саны – 66
- Аз қамтылған отбасының бала саны – 22
- Қамқорлыққа алынған бала саны – 6
ОНЫҢ ІШІНДЕ
- 1-4 сынып бойынша аз қамтылған бала саны – 47
- 5-11 сынып бойынша аз қамтылған бала саны – 47
Мектеп оқушыларын тамақтандыру кезінде сапалы және денсаулыққа қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР №ДСМ-76 бұйрығын, 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығын, Алматы қаласы Білім басқармасының 2024 жылғы 04 қаңтардағы №42.1-42/9-И, қатаң басшылыққа ала отырып асханаға мониторингтік тексеру жүргізілді.
Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын және алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және интернет-ресурстарға перспективалық мәзірді мектептік тамақтану бөлімінде орналастыру орындалды.
Сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған.
Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады.
2024-2025 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстары үнемі бақылауда болды.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай деп мәлімет берді.
Алтыншы мәселе білім алушылар мен мектеп мұғалімдерінің жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша ДОІЖО К.Жайлганова сөз алды.
2023-2024 оқу жылының жазғы демалысы 1-4 сынып оқушылары үшін 26 мамырдан 5-8,10 сыныптар маусым айының 02 жұлдызынан басталады деп хабарлады. 9,11 сыныптар мемлекеттік емтихан тапсырады. Білім алушылардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік статустағы білім алушыларға тегін демалыс лагерлері және ата-аналар мен білім алушылардың жеке өтініштері бойынша мектеп жанынан жазғы лагер ұйымдастырылады деп хабарлады. Жазғы лагерлерге қатысқысы келетін білім алушылардың ата-аналарынан қазірден бастап өтініш жинау керектігін ескертті.
Педагогтердің жазғы демалысы бойынша да ақпарат беріп өтті. 9,11 сыныптардың сынып жетекшілері мен емтихан тапсыратын пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдері жазғы демалысқа 01 шілдеден шығатындықтарын ал, қалған педагогтер 01 маусымнан демалысқа жіберіледі деп ақпарат берді. Бала күтіміне байланысты жұмысқа кеш түскен педагогтер жазғы демалыс лагерінде жұмыс жасайтындықтары туралы да мәлімет беріп өтті.
Жетінші мәселе әртүрлі мәселелер бойынша кеңес төрайымы Г.Ақылбекқызы сөз алды.
Kundelik kz. бойынша сынып журналдарының дұрыс толтырылуы бойынша тоқталып өтті.
Оқушыларға ұсынылған бағамен қолмен қойылатын бағада сәйкес келмейтін яғни оқушыларды дұрыс қорытпаған мұғалімдер туралы мәлімет берді.
1. Ргаева Жұлдыз ағылшын тілі пәні 7д сынып оқушысы Отыншы Н. тоқсандық бағасы 3, қол мен қойылатын бағасы 4 қойған.
2. Сабаева Г. қазақ тілінен 9п сыныбы Қайрбек С. Тоқсандық бағасы -4, ұсынылған мұғалім 3 қойған.
Журналда оқушылардың бағасын дұрыс қоймаған мұғалімдерге қатаң ескерту жасады. Алда қайталанбауына және жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Әрі қарай мектепішілік шығарылған №47 бұйрықпен таныстырып өтті.
«PISA-2025 (негізгі кезең) халықаралық зерттеулерін
өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 ‒ 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Мектепте PISA-2025 (негізгі кезең) халықаралық зерттеулері 2025 жылғы 1 сәуір мен 23 мамыр аралығында өткізілетіндігі жөнінде мектеп ұжымы мен қатысатын оқушылар хабарландырылсын;
PISA-2025 халықаралық зерттеулері бойынша мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулықтар берілсін және оқушыларға көмек көрсету іс-шаралары мен пәндер бойынша дайындық кестесі әзірленсін;
PISA-2025 халықаралық зерттеулері жүргізілетін сыныптарда компьютерлердің дұрыс жұмыс істеуін, интернетпен толық қамтамасыз етілуін қадағалау мектеп инженері Қасымжанов Раджип Даулетовичке жүктелсін;
PISA-2025 халықаралық зерттеулерінің талапқа сай өткізілуін қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Биниязова Ақбота Жолдыбаевнаға жүктелсін;
PISA-2025 халықаралық зерттеулері кезінде мектепішілік кезекшілікті ұйымдастыру директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Отарбаева Назгуль Сериковнаға жүктелсін деп осы бұйрықтың орындалуын өз бақылауында қалдыратынын атап өтті.
ҚАУЛЫ:
1.Өткен №4 педагогикалық кеңестің қаулысының орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын;
2.« Білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамытуда кітапхананың қызметі» өте жақсы деп бағалансын, әрі қарай да жұмыстар жоспарлы түрде жалғасытырылсын;
3.III тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасына эвалюация нәтижесі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда қанағаттанарлық деп танылсын;
4.Тәрбие жұмысының ұлттық және отбасылық бағыттар бойынша жүргізілуін бақылау. «Ел жастары» бағдарламасын іске асырылуы талапқа сай деп бағлансын, әрі қарай да жұмыстар жоспарлы түрде жалғастырылсын;
5.Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы бойынша мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға бөлінген көмек (ыстық тамақ) ұйымдастырылуы талапқа сай деп бағалансын;
6. Білім алушылар мен мектеп мұғалімдерінің жазғы демалысының өз уақытында және дұрыс ұйымдастырылуы мектеп әкімшілігіне жүктелсін;
7. Әртүрлі мәселелер бойынша күнделік кз журналының дұрыс толтырылуында баға түзеткен ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Ргаеваға, екінші рет қайталап қателік жіберген қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Сабаеваға тәртіптік жаза қолданылсын.
8. Мектепте 2025 жылғы 2 сәуір күні өтетін PISA-2025 (негізгі кезең) халықаралық зерттеулеріне қатысатын оқушыларды толық қатыстыру сынып жетекшілеріне жүктелсін. Зерттеудің талапқа сай ұйымдастырылуы ДОІЖО А.Биниязоваға жүктелсін.
Мектеп директоры Сейтахметова Г.А.
Хатшы Жангабылова С.