Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
август
2025

Педкеңес №1

Хаттама №1

№26 ЖББ мектеп

28 тамыз 2025 жыл


            №26 ЖББ мектепте 2025 жылдың 28 тамыз күні мектеп мұғалімдерімен педагогикалық кеңес болып өтті.


Қатысқандар: Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қайранбаева Айжан Түсіпбековна, мектеп әкімшілігі, педагогтер, хатшы

Мұғалімдер саны – 245

Қатыспағандар саны -2

Себепті-2


Тақырыбы: «№26 жалпы білім беретін мектептің 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»

Күн  тәртібінде: 

  1. Педагогикалық кеңесті ашу. Мектеп директорының алғы сөзі, отырыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, күн тәртібін бекіту. Жауапты мектеп директоры Сейтахметова Галя Акылбековна
  2. 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары. ҚР Президентінің Оқу-ағарту министрінің білім саласына қойып отырған міндеттері мен талаптарын түсіндіру Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қайранбаева Айжан Түсіпбековна
  3. Бейнероликті көру -  Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі (15.08.2025) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері https://youtube.com/watch?v=OE711LkoshM&feature=shared
  4. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы.  ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хатын, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларымен, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларымен, 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері, ЖИ этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық және ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттарымен педагогтерді таныстыру. Жауапты директордың ОІЖ орынбасары Жайлганова Камила Мурсаловна https://drive.google.com/drive/home

5.Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. Талқылау және бекіту:

- Мектептің оқу жұмыс жоспары;

- Мектептің білім алушылар тізімдік құрамы;

- Педагогтердің оқу жүктемесі (тарификация);

- Сабақ кестесі;

- Мектептің даму жоспары;

  • Педагогикалық кеңес жоспары;
  • Әдістемелік кеңес жоспары;
  • Мектепішілік бақылау жоспары;
  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары;

- Педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары;

  • Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын бекіту;
  • Оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін мектепішілік құжатын әзірлеу және бекіту;
  • Мұғалімдерді мамандықтары бойынша аттестаттау комиссия құрамын бекіту. ДОІЖО Б.Абілдаев


  1. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық  қызметі туралы:

 Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық  қызметі:

  • Санитарлық нормалардың сақталуы

- Инклюзивті ортаны ұйымдастыруЕрекше қажеттілікті талап ететін білім алушыларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру. 

- Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері; жауапты ДОІЖО 

Б.Абілдаев 

  • Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру. Мектеп асханасындағы ыстық тамақтың, буфет тағамдарыны, сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерін дағайындау және бекіту; жауапты әлеуметтік педагог Р.Бейсенова
  • Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету;
  • «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асуы; жауапты ДТЖЖО Н.Отарбаева
  • Мектептің жұмыс кестесі және әртүрлі мәселелер; жауапты мектеп диреткоры 

            Г.Сейтахметова. 


  1. Әр мәселе бойынша дауыс беру және жеке-жеке шешім қабылдау

Тыңдалды:


  • 2025-2026 оқу жылында педагогикалық кеңес төрайымы, мектеп директоры Сейтахметова Галя Ақылбекқызы алғы сөз сөйлеп ұжымды жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтады. Отырыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтап, күн тәртібін бекітті.   Күн тәртібі бойынша алғашқы сөзді  Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қайранбаева Айжан Түсіпбековнаға берді.
  • Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қайранбаева Айжан Түсіпбековнаға ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары. ҚР Президентінің Оқу-ағарту министрінің білім саласына қойып отырған міндеттері мен талаптарын түсіндіріп өтті. Жаңа оқу жылында педагогтерді аттетаттау бойынша енгізіліп жатырған өзгерістермен педагогтердің академиялық адалдықты сақтау қағидаттары бойынша да тоқталып өтті. Цифрлық сауаттылық бойынша құзыреттілікті дамыту қажеттілігі туралы тоқталып педагогтерге үздіксіз біліктілігін арттырып отыруға кеңестер берді.  Жасанды интеллектіні сабақтарда тиімді қолдану туралы және қолданудың этикалық стандарттары бойынша тоқталып өтті.
  • Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі көрсетілді.

ДОІЖО Жайлганова К.М. жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы.  ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хатын, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларымен, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларымен, 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері, ЖИ этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық және ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттарымен педагогтерді таныстырды.    

       Алдымен 2025–2026 жаңа оқу жылында білім беру сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер тұрғанын және аталған міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленген әдістемелік нұсқау хат сіздерге яғни бізге оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруда көмекші құрал ретінде беріліп отыр  деп, берілген бағыттармен таныстырып өтті. 2026 жылды – «Білім және ғылыми зерттеулер жылы» деп жариялауға ұсынылғандығы туралы тоқталып,   биылғы оқу жылында білім алушылардың жобалық ойлауын дамытуды қалыптастыруға, ғылыми-танымдық іс-әрекетке белсенді қатыстыруға ерекше назар аудару керек, сондай-ақ білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзыреттіліктерін дамыту және үлгерімі төмен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғасын табуы қажет деп кеңірек тоқталды.

      2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша да ақпараттар берді, оқу уақыты, каникул кезеңдері, емтихан уақыттары бойынша тоқталып өтті.

       Мектепте академиялық адалдықты сақтау қағидалары бойынша ой қозғады. Академиялық адалдық, педагогикалық әдеп дегеніміз – әділдік, ашықтық, жауапкершілік, сенім, құрмет қағидаттарына сүйеніп сипатталатын ұғым. Қоғамда мұғалімдер мамандығына адал екеніне қоса, өтірікке жаны қас, әділдікті ту еткен, ақ сөйлеп, түзу жүретін, айналасына мейірбан жан деп танылған. Өйткені оқушыларға білім беріп қана қоймай, адамгершілікке де тәрбиелейтін ұстаздың өзі де ізгі қасиетке ие болуға хақылы. Әдетте мұғалімдер бұл қасиетке балаларды мектеп жасынан баулиды деп бірнеше мысалдар келтіріп, ұжымды барлық мамандықтар ішінде біздің мамандығымызды ұлы тұтып «Ұстаз –ұлы тұлға» деп ұлықтаған, жалғыз мамандық «Ұстаз мәртебесі» деп мәртебемізді жер көкке көтеріп асқақтатқан мамандығымызды арымыз етіп, адалдығымызды сақтап еліміздің ертеңі, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруде адал болайық, өзімізді де алдымыздығы шәкірттерімізді де адалдыққа, мейірімділікке, еңбекқорлыққа, әдептілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейік деп терең ой салды.

      Оқу процесіне жасанды интеллектіні кіріктіру мәселесі ЖИ – бұл педагогтің жаңа мүмкіндіктері мен цифрлық көмекшісі деп ЖИ дың мүмкіндіктері туралы таныстырып өтті. 

ЖИ мүмкіндіктерінің кеңдігімен таныстырып, Абайдың өз өлеңін оқыған жасанды интелектісін көрсетті. Сонымен қатар ЖИді қолдануда практикалық ұсынымдармен таныстырды.

5.Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. Талқылау және бекіту бойынша ДОІЖО К.Жайлганова сөз алды.

         2025-2026 оқу жылына арналған мектептің оқу жұмыс жоспарымен таныстырды, пәндер бойынша сағат сандарымен таныстырып, өткен оқу жылымен салсытырған ешқандай ерекшеліктің жоқ екендігін ескертіп өтті.

       Мектептің білім алушылар тізімдік құрамы бойынша сыныптардың жасақталуы бойынша есеп берді. Қазіргі таңда 1-4 сыныптар бойынша 56 сынып жасақталды, 1502 оқушы, 5-9 сыныптар бойынша -65 сынып, 1717 оқушы, 10-11 сыныптар бойынша -13 сынып, -332 оқушымен барлығы -134 сынып жасақталды деп мәлімет берді. Және осы 134 сынып бойынша оқушылар тізімі 05 қыркүйек күні болатын №2 педкеңесте бектіледі деп мәлімет берді.

Педагогтердің оқу жүктемесі бойынша тарификация жасалды деп таныстырып өтті және бекітуге ұсынды.

Педагогтердің берілген жүктемеге сәйкес жасалған 1-11 сыныптардың сабақ кестесімен таныстырып, бекітуге ұсынды.

2025-2026 оқу жылында мектептің даму жоспары бойынша атқарылатын іс-шараларға тоқталып таныстырып өтті және талғылауға салып, бекітуге ұсынды.

Ағымдағы жылдың педагогикалық кеңес, әдістемелік жоспарын ұсыныс ретінде таныстырып, нақтыланған уақыттарымен, тақырыптарын белгіледі және бекітуге ұсынды.

  • Мектепішілік бақылау жоспары бойынша ағымдағы оқу жылында өткен оқу жылында білім сапасы төмен болған пәндерге бақылау жүргізілетіндігі туралы таныстырып өтті. Тақырыптар бойынша жүргізілетін бақылаулар туралы түсінік берді және бекітуге ұсыныс жасады.
  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жасаған жұмыс жоспарларын бекітуге ұсынды.
  • 2025-2026 оқу жылына арналған педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарымен таныстырып, бекітуге ұсынды.
  • Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын бекіту бойынша құжаттар жасалатындығы туралы ескертіп өтті.
  • Оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша мұғалімдерге түсіндіріп өтті. Мектепішілік бұйрық шығарып, таныстырылады деп ескертіп өтті.
  • Мұғалімдерді мамандықтары бойынша аттестаттау комиссия құрамын бекіту бойынша  ДОІЖО Б.Абілдаев таныстырып өтті. Ұсынылған комиссия мүшелерін бекіту ұжымға ұсынылды.


  1. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық  қызметі туралы:

 Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық  қызметі:

  • Санитарлық нормалардың сақталуы бойынша директордың ТЖЖ орынбасары Ф.Бекмедетова еңбекті қорғау және техника, өрт қауіпсіздігін сақтаудың 2025-2026 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 

        Білім алушыларға қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастырып,  өмір қауіпсіздігін сақтап өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруілуі керек екенін атап өтті. Еңбекті қорғау және техника, өрт қауіпсіздігін сақтаудың        2025-2026 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарының басты мақсаты мектеп оқушыларын жол, техника, су, өрт қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру және үйрету екенін еске салды.

      Мектеп  мұғалімдерімен және оқушылармен қауіпсіздіктің алдын алу шараларын, атап айтқанда сынып сағаттары, құқық қорғау органдары, өрт қызметкерлерімен кездесулер, сейсможаттығулар, түсіндірме жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу керек екенін айтып өтті.

- Инклюзивті ортаны ұйымдастыру, Ерекше қажеттілікті талап ететін білім алушыларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру. Ерекше қажеттілікті талап ететін білім алушыларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша директордың ОІЖ орынбасары   А.С. Абілдаев сөз кезегін алды.

           «Білімді Ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасының басты міндеттерінің бірі инклюзивті білім беру ортасын құру. Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайтынын ескертіп, биылғы оқу жылы бойынша жұмыс жоспарларымен таныстырды.

- Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері бойынша  ДОІЖО 

Б.Абілдаев таныстыру жұмыстарын жүргізді.

  • Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру. Мектеп асханасындағы ыстық тамақтың, буфет тағамдарыны, сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерін дағайындау және бекіту бойынша әлеуметтік педагог Р.Бейсенова сөз алып, таныстырып өтті. Комиссия мүшелерін бекітуге ұсынды.
  • Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асуы бойынша жұмыс жоспарымен  ДТЖЖО Н.Отарбаева сөз алып, таныстырып өтті.
  • Мектептің жұмыс кестесі, «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткізу және әртүрлі мәселелер бойынша мектеп диреткоры  Г.Сейтахметова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
  • Шығып сөйлеушілер: Бастауыш сынып мұғалімі А.Адилова педагогтер атынан ұсыным білдірді. Оқушылардың дәптерлерін тексеруге мектеп бойынша бірыңғай қызыл сияны қолдануды ұсынды. Сонымен қатар мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарларын күнділік кз.электронды журналына жүктеуге талап қоймай, қағаз жүзінде жазсақ деп ұсыныс білдірді. Педагогикалық ұжым бірауыздан қағаз жүзінде жазу және оны пайдалану біз үшін ығайлы деп өз ұсыныстарын білдірді.


ҚАУЛЫ:

1. 2025-2026 оқу жылына арналған мектептің оқу жұмыс жоспары бекітілсін;

2. Мектептің білім алушылар тізімдік құрамына байланысты жасақталған сыныптар саны бекітілсін; №1 қосымшада сеть ұсынылады.

3.  Педагогтердің оқу жүктемесі бойынша жасақталған, (тарификация) бекітілсін;

4. Ауысым бойынша жасалған сабақ кестесі бекітілсін;

5. 2025-2026 оқу жылына арналған мектепішілік жылдық жоспары бекітілсін;

6. Педагогикалық кеңес жоспары бекітілсін;

7. Әдістемелік кеңес жоспары бекітілсін;

8. Мектепішілік бақылау жоспары бекітілсін;

9. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары бекітілсін;

10.Педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары бекітілсін;

11.Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары бойынша құжат дайындалсын;

12.Оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін мектепішілік бұйрық шығарылып, барлық педагогтерге таныстырылсын және сабаққа енгізілуі басшылыққа алынсын;

13. 2025-2026 оқу жылында жасақталған 134 сыныпқа тағайындалған сынып жетекшілер бекітілсін;

14. Оқушылардың құқығы мен өмірін қорғау, еңбекті қорғау және техника, өртке қарсы қорғаныс қауіпсіздігін сақтаудың іс-шараларының 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін;

15Мұғалімдерді мамандықтары бойынша аттестаттау комиссия құрамы бекітілсін;

16.Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі  ұсынылған комиссия мүшелерінің  құрамы бекітілсін;

17.Ерекше қажеттілікті талап ететін білім алушыларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен бақылау ДОЖЖО Б.Абілдаевқа жүктелсін;

18. Мектептің барлық педагогтерінің ұсынысы бойынша оқушылардың дәптерлерін тексеруге қызыл сия таңдалсын, педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын қағаз жүзінде жүргізуге рұқсат етілсін.



Мекте директоры                                               Г.А.Сейтахметова

Хатшы                                                                 К.Жайлганова