---
Өзін-өзі басқару ұйымы және 1-4 сынып білім алушылары арасында көктем
14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандасып, қол алысып, өткен өкпе-реніштерін ұмытып, жақсы тілектер айтады. Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, адамдарды жақындастыратын ерекше дәстүр. Осы күні баршаңызды бір-біріңізбен көрісіп, амандық сұрасып, жылы сөз айтып, татулық пен сыйластықты нығайтуға шақырамыз. Береке мен бірлік әрқашан ортамыздан табылсын! Ұйымдастырған: ДТЖІО: Отарбаева Н.С Мектеп тәлімгері: Жангабилова С.М.