---
Алғыс айту күніне орай білім ордамызда, өзін-өзі басқару ұйымымен
Іс-шара барысында ұстаздарды мектеп фойесінде оқушылар жылы жүзбен қарсы алып, гүл шоқтарын табыстап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Мерекелік безендірулер мен алғыс сөздер жазылған тақта ілінді Шараның негізгі мақсаты - ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және өскелең ұрпақтың бойында ризашылық пен сыйластық сезімін қалыптастыру. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Ұйымдастырған: ДТЖІО: Отарбаева Н.С Мектеп тәлімгері: Жангабилова С.М